Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақстан тарихы


Бөлім: Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы



Pdf көрінісі
бет45/58
Дата27.11.2023
өлшемі2,95 Mb.
#129493
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Байланысты:
қалыптастырушы бағалау 7б

Бөлім: Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы 
Тақырып 
Қазақ хандығының құрылуы 
Оқу мақсаты 
6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын 
анықтау 
Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын
көрсетеді 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Білу және түсіну 
Тапсырма 
Төмендегі ақпаратқа сүйене отырып, қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын 
салалар бойынша анықтаңыз.
Саяси 
Экономикалық 
Әлеуметтік 
Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы 
А Сасы-Бұқа мен Орыс хан басқарған Ақ Орда мемлекетті қайта жаңғырды 

Дешті – Қыпшақ даласындағы қандас ру-тайпалардың арасындағы соғысты 
тоқтады 

Дешті-Қыпшақтан ығысытырылып, Шайбан әулиетінің хандары Мәуерренаһрға 
барып қоныстанды. Атадан мирас болып келе жатқан жер қайтарылды. 

Дешті – Қыпшақта бейбітшілік орнады. Қарапайым халық шаруашылықпен 
айналысты. Малшылар малдарын өсірді. Егіншілер егіс алқаптарын ұлғайтты. 
Өз өнімдерін Сыр бойы қалаларына әкеліп өткізді. Бұл халықтың тұрмысын 
жақсартты. 

Халық саны тез өсе бастады. Халық саны өсуіне екі жағдай ықпал етті: 
біріншіден, басқа ағйынды жұрттардың келіп қоныстануынан болса, екіншіден, 
халықтың тұрмысы жақсарып, адамдардың әл-ауқаты арттуына байланысты 
болды. Мысалы, ХV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының халық саны - 
200 мың адамды құрады. Ал ХVІ ғасырдың басында Қазақ хандығының халық 
саны – 1 миллион адамға жетті. 
Ғ Қазақ хандығы бірорталықтанған мемлекет болғандықтан, сыртқы саясаты 
күшейді. 

Қазақ хандығы құрылып, көшпелі және отырықшы шаруашылықтар арасында 
байланыс орнады. Шаруашылық өркендеді, сауда қатынастары дамыды. 

Қазақ хандығы құрылып, ішкі алауыздық тоқтатылды. 
Дескриптор Білім алушы 

Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын атайды;

Қазақ хандығы құрылуының экономикалық маңызын 
анықтайды; 

Қазақ хандығы құрылуының әлеуметтік маңызын анықтайды. 
73 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет