ЖОБА
40
Оқылатын шығарма
тақырыбы М.Жұмабаев. «Батыр Баян»
Оқу мақсаты
7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың
(символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора,
аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын
талдау.
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы көркемдегіш құралдарды
анықтайды
Көркемдегіш құралдардың қолданылу
ерекшелігін талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Көркемдегіш құралдарды сәйкестендіріңіз.
Осылай іштен күйген батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның інісі бар он бес жаста –
Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян.
Эпифора
Балқаш қой, бұл айдыны, сылдыр қаққан,
Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан.
Ассонанс
Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.
Арқаның аруы боп жүрсем-дағы,
Алыста туған, өскен жерім жатыр.
Анафора
Жас Ноян қызды көріп от
боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ
боп кетті...
Риторикалық сұрау
Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге?
Тобына көк бөрідей кірдім неге?
Синекдоха
Қалың қол ортасында Батыр Баян
Баянның батырлығы алашқа аян.
Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен
Аузынан көбік болып бұрқырап қан.
Эпитет
Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,
Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап».
Аллитерация
Достарыңызбен бөлісу: