Қалыптастырушы тапсырма. Дене импульсі және күш импульсі
Жұптық жұмыс «Сен маған, мен саған» әдісі
А-деңгейі
1.Массасы 30кг арбаға 0,3 мин бойы 2Н күшпен әсер еткен кездегі күш импульсін анықта?
2. 20 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан дененің импульсі 500 кг м/с. Оның массасы қандай?
В-деңгейі
1. Массасы 1 т жеңіл автомобиль 60 м/с жылдамдықпен түзу сызықты қозғалып келеді, егер автомобиль жылдамдығын 10 секунтан кейін 90м/с-қа арттырса импульс өзгерісін анықтаңыз?
2. Массасы 300г шарик 0,2м/с жылдамдықпен тыныштықта тұрған массасы 400г шарикпен соқтығысып,одан әрі бірдей жылдамдықпен қозғалады. Шариктердің соқтығысқаннан кейінгі жылдамдығын анықта
3.Темір мен мыстан жасалған, көлемдері бірдей екі шарик бірдей жылдамдықен қозғалады.. Осы екі шариктің импульстерін салыстыр?.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Функционалдық сауаттылық тапсырмасы.
Пенальти соққы
Футбол – өте динамикалық және эмоционалды ойын. Ойыншылар техникалық әдістерді жетік меңгеріп, бір-біріне тактикалық бағыт бере отырып, әріптестерімен түсінісе білуі керек.
Қарсылас команда қорғанушыға қарсы шабуыл жасады. Айып алаңында ойын ережесі бұзылып, төреші қорғанушы команданың қақпасына айып добын соғуға рұқсат берді.
Массасы 420 г доп V = 20м/с жылдамдықпен қақпашының кеудесіне пенальти соғылып, 0,03 с-та кері қарай ыршып түсті.
Соғылған доптың импульсын анықтаңдар?
Әрекет ететін соққы күшін анықта?
Қандай күштер әрекет етеді?
Доптың алатын үдеуі қандай?
--------------------------------------------------------------------------------------------------------
Үй тапсырмасын тексеру
«Симантикалық кесте»
№
|
Салыстырылатын тақырып
|
Белгіленуі
|
формуласы
|
Өлшем бірлігі
|
1
|
Ньютонның І заңы
|
|
|
|
2
|
Ньютонның ІІ заңы
|
|
|
|
3
|
Ньютонның ІІІ заңы
|
|
|
|
4
|
Ауырлық күші
|
|
|
|
5
|
Серпімділік күші
|
|
|
|
6
|
БӘТ заңы
|
|
|
|
7
|
Еркін түсу үдеуі
|
|
|
|
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ой қозғау
1.Таудан сырғанап келе жатқан шананы қолмен тақтата аламыз.
Ал таудан төмен қарай жылдамдықпен қозғалып келе жатқан машинаны қолмен тоқтата алмаймыз? Неліктен?
2.Жылдамдықпен ұшып келе жатқан тенис добы тисе, адам оны ауырсынбайды,үлкен жылдымдықпен келе жатқан футбол добының кездейсоқ соққысынан адам сақтанады. Неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: |