Байланысты: Еліміздегі білім беру жүйесінің тарихы
Төмендегі аталған барлық шаралар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қазақстандық моделіне оң ықпал етті. QS халықаралық рейтингісінде қазақстандық ЖОО-лар саны артты. Бастапқы кезеңде Қазақстанның атынан тек 2 ЖОО ғана өкілдік етсе (2011ж.), 2016 жылы олардың саны 8 болды [2]
Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде, 61 жоғары оқу орны жұмыс істеген, олар экономиканың жоспарлы қажеттіліктерін қамтамасыз етті, қатаң тәртіпте жұмыс істеді және олардың жекешелену бастамаларына құқықтары болмады. Олардың екеуі ғана университет болды – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Студенттердің саны ЖОО-лар санына пропорционалды өзгерді. 1991 жылы Қазақстанда 288,4 мың студент білім алды. Ең жоғары саны 2005-2006 оқу ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 302 жылы тіркелді – 775,8 мың адам, яғни шамамен 2,6 есе артық. Содан соң контингент 2016 жылғы 471,4 мың студентке дейін азайды, бұл, негізінен, демографиялық себептерге, талапкерлерге қойылатын талаптардың күшейтілуіне, сырттай оқитын контингенттің азаюына және оқу ақысының артуына байланысты болды
Болон декларациясының Қазақстандағы жоғары оқу орындарына әсері Болон декларациясының принциптеріне негізделген, мамндарды даярлаудың үштік моделі жүзеге асырылды: бакалавр, магистрант, Phd доктор.
Студенттердің академиялық ұтқырлығы аясында сынақтық бірліктерді қайта есептеу негізінде ECTS қабылданды.
Салыстырмалы критерий лер мен әдіснама әзірлеу мақсатында сапаны қамтамасыз етудегі Еуропалық ынтымақтастыққа көмектесу үшін ҚР БҒМ Аккредиттеу агенттіктерінің ұлттық тізімін құрды.
ҚР БҒМ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық мобильдігіне қаражат бөлінді.
Жоғары оқу орындарының оқу прцесіне озық технологиялар мен оқыту жүйелері енгізілді.
Отандық білім беруді Еуропа стандарттарына жақындатуға мүмкіндік берді.