Кезең бойынша ең жоғарғы балл – 100 Тапсырмаға берілген уақыт – 5 минут Гемодинамиканың негізгі параметрлерін есептеу: Орташа динамикалық қысымын, жүректің систолалық және минуттық қан көлемін. Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет: төменде көрсетілген көрсеткіштеріне сәйкес студенттің минуттық және систолалық (соқылық) қан көлемдерін есептеу ептілігін бағаланыз. Студент жүректің минуттық және систолалық қан көлемдерін есептеп, өзінің жасаған іс-әрекеттерін түсіндірді.
№
Қадамдарды бағалау көрсеткіштері
Бағасын бағалау баллдары
Өте жақсы
Қабыл-дауға болады
Түзетуді талап етеді
Жарамсыз
1
Студент берілген параметрлердің біреуіне анықтама береді:
1. Орташа динамикалық қысым (ОДД) – прекапиллярдағы қан ағудың шартын көрсетеді, бұл ерекше қанайналым жүйесінің потенциалы, қанның тін капиллярларына өту жылдамдығын анықтайды.
2. Систолалық қан көлемі (СҚК/соққылық (СК)) систола кезінде жүректен шыққан қан көлемі. СҚК жүректің жиырылу қызметін сипаттайтын көрсеткіш.
3. Минуттық қан көлемі (МҚК) – бір минут арасында жүректен шыққан қанның көлемі.