Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)



Pdf көрінісі
бет21/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   118
деполяризация сатысы аяқталады. Қарама-қарсы зарядтың пайда болуы 
мембрана потенциалының кері айналуы (инверсия) деп аталады. 
Деполяризация сатысының басталуынан 1-2 мс өткеннен кейін Na
+
-
каналдарының инактивациялық h-қақпалары ашылады да, Na
+
иондарының 
жасуша ішіне кіруі тоқталады. Осы кезден бастап әрекет потенциалының 
реполяризация 
сатысы 
басталады. 
Реполяризация 
кезінде, 
концентрациялық градиентке сәйкес, мембранадағы К
+
- каналдары ашылып, 
К
+
инодары көп мөлшерде сыртқа шығады. Бұның нәтижесінде жасушаның 
заряды қайта қалпына келеді: ішкі беті - теріс, сыртқы беті-оң зарядты. Бұл 
жасуша мембранасында орналасқан натрий-калий тартқышының жұмысы 
болып 
саналады. 
Сонымен, 
ӘП-ы 
шыңының 
құлдырау 
бөлімі 
(реполяризация) K
+
иондарының жасушадан шығуымен, ал оның өрлеу 
бөлімі (деполяризация) Na
+
иондарының жасушаға енуімен қамтамасыз 
етіледі. Кейде ӘП-ның соңында реполяризацияның баяулауы байқалады, бұл 
мембранадағы К
+
-каналдарының көбісінің жабылуына байланысты К
+
иондарының жасушадан шығуы азаяды деп түсіндіріледі.
Реполяризацияның аяқталуы кезінде жасуша мембранасында іздік 
потенциалдар (оң және теріс) пайда болады. Жасуша мембранасындағы 
теріс іздік потенциал кезінде, Na
+
иондары үшін мембрананың өтімділігі 
күшейеді де, реполяризация тежеліп, іздік деполяризация байқалады. Ал оң 
іздік потенциал кезінде, Na
+
/ K
+
-тартқышы қызметі мен К
+
иондарының 
жасушадан 
көбірек 
шығуы 
нәтижесінде 
мембранада 
іздік 
гиперполяризация дамиды. Біртіндеп мембрананың өтімділігі бастапқы 
қалпына қайтып келеді (натрий хәне калий қақпалары да бастапқы 
жағдайына қайтады), ал МП жасушаның қозуға дейінгі қалыпты деңгейінде 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет