Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


 Медиаторлар физиологиясы. Жіктелуі және сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет37/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   118
6.3. Медиаторлар физиологиясы. Жіктелуі және сипаттамасы 
Медиатор – бұл жимиялық түйіспелерде пресинапстық мембранадан 
постсинапстық мембранаға қарай қозуды немесе тежеуді өткізуге қатысатын 
табиғаты химиялық заттар тобы. 


Медиаторлар тобына жататын заттар үшін қойылатын шарт (критерийі): 
1) зат аксон терминалындағы пресинапстық мембранада бөлінуі керек
2) түйіспенің құрылымында медиаторды синтездеуге және ыдыратуға 
қатысатын ферменттер болу керек, сонымен қатар постсинапстық 
мембранада медиатормен әрекеттесетін қабылдағыштар (рецепторлар) болу 
керек; 
3) медиатор ролін атқарушы заттар өздерінің өте аз мөлшердегі шамасымен 
қозуды пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға өткізуге 
қабілеті болу керек. 
Медиаторлардың жіктелуі: 
1) химиялық – медиатордың құрылымына (структурасына) негізделген; 
2) әрекеттік – медиатордың қызметіне негізделген. 
Химиялық жіктелуі: 
1. Күрделі эфирлер – ацетилхолин (АХ) 
2. Биогендік аминдер: катехоламиндер (дофамин, норадреналин (НА), 
адреналин (А)); серотонин; гистамин; 
3. Амин қышқылдары: гаммааминмай қышқылы (ГАМҚ); глютаминдік 
қышқыл; глицин; аргинин. 
4. Пептидтер: апиындық пептидтер (метэнкефалин, энкефалиндер, 
лейэнкефалиндер); «Р» зат; вазоактивті интестинальды пептид (ВИП); 
соматостатин. 
5. Пуриндік қосындылар: АҮФ. 
6. Молекулалық массалары өте төмен заттар: NO; CO. 
Әрекеттік жіктелуі: 
1. Қоздырушы медиаторлар – постсинапстық мембранада деполяризация 
тудырады да, постсинапстық қоздырушы потенциал (ПСҚП) пайда болуына 
келтіреді: ацетилхолин (АХ); глютаминдік қышқыл; аспарагиндік қышқыл.
2. Тежеуші медиаторлар – постсинапстық мембранада гиперполяризация 
тудырады, одан кейін постсинапстық тежеуші потенциал (ПСТП) пайда 
болуына келтіреді: ГАМҚ; глицин; «Р» зат; дофамин; серотонин; АҮФ. 
Норадреналин, адреналин, гистамин сияқты медиаторлар қоздырушы да 
тежеуші де болады. 
Ацетилхолин (АХ) орталық және шеткергі жүйке жүйесінде аса көп 
таралған медиатор болып саналады. Жүйке жүйесінің әр түрлі 
құрылымдарындағы АХ мөлшері бірдей болмайды. Мысалы, жүйке 
жүйесінің жаңа бөлімдеріне қарағанда,көне құрылымдарында АХ көп 
мөлшерде болады. Тіндердегі АХ екі түрде болады: белокпен байланысқан 
немесе бос жағдайда (белсенді АХ тек осы жағдайда болады). АХ амин 
қышқылы холин мен ацетил-коэнзим А-дан түзіледі. 
Адренергиялық түйіспелердің медиаторларына норадреналин, адреналин 
изонорадреналин 
(катехоламиндер) 
жатады. Катехоламиндер 
аксон 
соңындағы көпіршіктерде аминқышқылы фенилаланиннен түзіледі.


 Дәріс №7. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) физиологиясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет