Алыстан келген туыстар



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі87,62 Kb.
#10870

Алыстан келген туыстар

 

Обаманың енесі жəне басқа Чикаголық туыстары Ақ Үйге Чикагоны əкелмек 



Эли Саслоу 

Вашингтон Пост 

Жексенбі,  Ақпан 1, 2009; A01 

Инагурациялық күн аяғына тақағанда Ақ Үйге жаңа қонысты тойлау үшін Президент Обаманың туған-

туыстары мен достары толған елу адамдық автобус келді. Бұлар - бірнеше жылдар бойы Чикагоның 

Оңтүстік жағындағы шағын үйлерде көптеген көштерді бірге тойлап келе жатқандар. Бұл жолы олар жалға 

алынған смокинг пен көйлек киіп келгенде, Президенттің көмекшілері барлау қызметі арқылы өткізіп, 

Шығыс оларды бөлмесіне əкелді. 

Шаңырақ басы жəне Мишель Обаманың анасы Мэриэн Робинсон жоғарғы қабаттағы жаңа бөлмесінен түсіп, 

отбасымен емен паркеті жəне кристал люстрасы бар бөлмеде бас қосты.  Белгілі адамдар мен саясат 

қайраткерлері оған сəлем берді. Джаз аңызы Уинтон Марсалис трубада ойнап, күтушілер фуршет 

ұйымдастырып, шампан үлестірді. 

Бір сағаттан кейін Обама қаланың түкпір-түкпірінде болып өткен он инагурациялық балға қатысып, қайтып 

келді. Оның жұбайы Мишель жəне қыздары Малия мен Саша шаршап, ұйықтауға кетті. Бірақ жаңа 

президент фотографты шақыртып, бұл тарихи күнде естелікке суретке түскісі келетінін айтты. Ол өзінің 

мұғалім, хатшы жəне пенсионер сияқты, өзін-өзі ортаңғы клас өкілі атайтын Чикаголық туысқандарын 

жинап, 1797 жылы жасалған вельвет костюмін киген Джордж Вашингтон портетінің астында суретке түсті. 

"Мен тарихқа 

үңіліп, не болып жатқанын енді ғана түсіндім", - деді Мишель Обаманың ағасы, елу жеті 

жасар Стив Шилдс."

 

Жарайды, енді бəрі өзгеретін шығар деп едім. Кенеттен



, əлемдегі ең маңызды жанұя 

болып шыға келдік" - деді. 

Вашингтонға үйренуін жеңілдету үшін Президент Обама Оңтүстік Чикаголық достары мен туған-

туыстарын астанаға əкелді. Мұндай аяқ астынан ұйымдастырылған1600 Пенсильвания Авеню көшесіндегі 

тарихи ғимаратқа - Ақ Үйге - көшу қырық жыл бойы өзінің шағын үйінде тұрып үйренген жетпіс бір жасар 

Мэриэн Робинсонға күтпеген жерден келді. Ақ Үйде оның Обамалардан бір қабат жоғары, үшінші қабатта 

үлкен төсегі, киім-кешек сақтайтын орыны, телевизоры мен қонақ күтетін жері бар бөлмесі орналасқан.  

Залдан өтіп ол Малия мен Сашаның ойнайтын бөлмесіне жете алады, бұл жерде əжесі рұқсат етсе олар 

Нинтендо Уи ойынын ойнай алады.  Əжесі солярийдегі диванға отырып кітап оқып, немесе терезеден 

Вашингтон монументі мен қаланы бағдарлай алады.  

Кейде өзінің елге танымал болмаған күндерін сағынса да, Мэриэн Президент пен бірінші ханымның жаңа 

жерде жақсы орналасуын қалайды, басқалар да осы ойды құптайды. Обаманың қыздарының кіндік шешесі 

Кэй Уилсон айына бір рет келіп отбасының жақсы көретін тағамдарын пісіріп, Малияның шашын əсемдеп 

беретін болады. Көктемде қонаққа келіп, Ақ Үйге қонуға Вашингтонды бұрын көрмеген біршама туыстары 

да дайындалып жатыр. 

Жақын туыс-туғандардың əрекеті мен көзқарасы жаңа жұмыстағы Президенттің көңіл-күйіне əсер етеді. 

Саяси билікке келген Обама жаңа достар іздемей, балаларын баққан, туған күн мерекелерін ұйымдастырған 

жəне бұрынғы қалжыңдарды еске түсіре алатын жақындарымен бас қосуды жөн көрді. Штат сенаторынан 

АҚШ сенаторы сайланып, кейін президенттік сайлау кампаниясын жүргізгенде, осы туған-туыстары оған 


керекті жағдай жасады. Енді қазір оның кеңейтілген отбасы, яғни туыстары мен достары, бұрынғыдай  

тыныш өмір сүре беру мүмкін бе деп таңданады. 

"Обамалардың осындай дəрежеге жетуіне Чикаголық жақындары көп көмек жасады", - дейді Уилсон, 

Иллинойс штатындағы Олимпия Филдсте консультант болып істейтін Обама қыздарының кіндік шешесі. 

"Жандарында əрқашан сенімді адамдар болды, олар балаларға бас-көз болып, басқа істерде де жəрдемдесіп 

отырды. Бұл топ ажырамауға тиіс. Оларға Вашинтонда тұруды жайлы ету керек ". 

Өткен аптаға дейін туыстар батысқа қарай жеті жүз миль, Чикагоның Оңтүстік жағалаудағыдағы Юклид 

көшесіндегі екі этажды үйде тұратын. Робинсон жəне оның жұбайы Фрэйзер төменгі қабатта тұратын 

апайынан екінші қабаттағы кішкене пəтер жалдайтын. Кішкене жасында олардың балалары Мишель мен 

Крэг бір бөлмеде тұратын. Көбінесе афроамерикандық жұмысшылар тұратын тыныш райондағы жинақы 

үйін Мэриэн Робинсон сүйетін. Мишель мен Крэгты көшенің бойындағы мектепке жəне үйдің қарама-

қарсысындағы Оңтүстік Жағалауындағы Методист шіркеуіне апаратын. 

Бұл үйде ол екі болашақ Айви Лиг студентін тəрбиелеп, ауыр хəлдегі апасы мен жолдасына көз болып, 

жиырма жыл бойы жесір əйел ретінде жалғыз тұрды. Көшеде машинасын қойып, қар күрейтін. Қыста ол 

туғандарының фотолары ілінген бөлмеде пианинода ойнап немесе ескі теледидардағы үй жаңалау туралы 

хабарларды көретін. Жазда қызыл кірпіштен қаланған ауласында газет оқып, кроссворд шешіп отыратын. 

Бұл оның үйі еді, осы үйді тастап кетем деп ол ешқашан ойламапты. 

Робинсон əулетінің көбі Чикагодан шығып көрмепті. Мэриэн қаланың Оңтүстік жағында əкесі сырлаушы 

мен бала бағып отырған анасының қолында жеті аға-əпкесімен бір үйде өсті. Бүгінде көзі тірі бес аға-əпкесі 

он бес миль шақырым жерде тұрады. Ай аралатып олар мереке сайын, немесе жай бас қосу үшін бір-біріне 

қонаққа барып тұрады. Мишель Барак Обамаға тұрмысқа шыққанда, Барактың жақын маңда туыстары жоқ 

еді, Робинсондар оған өзінің туғанындай қарап, оның туған күндерін атап өтетін. 

Мэриэнның өмірі біркелкі болатын, отбасы барлық уақытын алатын. Былтыр пенсияға шыққанға дейін, ол 

банктың траст департаментінде ассистент болып істейтін, жолдан жақын маңда тұратын əпкесі Грэйс 

Хэйлды жұмысқа апарып тастайтын. Бейсенбі сайын, Мэриэн ағасы Стив Шилдс жүргізетін йога сабағына 

қатысатын. Сенбі күндері таңертең сəн салонына, одан кейін əпкесімен бірге Ривер Оукс сауда үйіне 

баратын. Сонан олар түскі тамағын Ред Лобстер немесе Беннигансда ішіп, үйге қайтар жолда азық-түлік 

магазиніне соғатын. Медициналық компанияда істейтін  алпыс сегіз жасар Хэйл "Біз бəрін бірге істейміз," - 

дейді. "Біз қарапайым адамбыз. Бізге көп нəрсенің керегі жоқ. Біздің өміріміз осында өтіп жатыр, жəне біз 

оған ризамыз". 

Екі мың жетінші жылдың ақпаннында Обама президенттік сайысқа қатысуға белін бекем буғанда, туыстары 

дайындала бастады. Пенсияға бұрын шыққысы келмеген Мэриэн, Обамалар сайлау кампаниясын жүргізген 

уақытта Малия мен Сашаға қарау үшін жұмысынан кетіп, кейде Обамалардың Хайд Парктегі үйінде қонып 

қалатын. Таңертең қыздардың пианино сабағына қатысып, сосын оларды мектепке апарып, одан кейін 

теннис, гимнастика, би жəне драма үйірмелеріне апарып жүрді. "Осы қазіргі ата аналардың балаларға құрған 

бағдарламаларынан кейде пенсияны аңсайтын болдым",- деп əзілдейді ол. 

Дегенмен, ол немерелерімен бірге болғанды ұнататын, сондықтан ешкімді жалдатпай, балаларға өзі 

қарайтын болып шешті. Робинсон жанұясында ешкім бөтен адамға бала баққызбайтын. "Соншама апа, 

ағалары барда неге басқа біреуге бала баққызу керек",- деп ойлайтын. 


"Барак пен Мишельдің балаларына Мэриэнның жəне басқа туған-туыстарының бас-көз болып жүретініне 

қатты риза екенін естігем",- дейді балалардың кіндік шешесі Уилсон. "Əжесінің немерелеріне жасаған 

қамқорлығы оларға бұрынғыдай біркелкі өмір сүру қалпын сақтауға көп көмектесті". 

Біркелілік – олардың ұстатпайтын арманы болып кетті. Мэриэн Опра Уинфридің қамқорлық кешіне барып, 

ондағы киім ілетін бөлмелердің өзінің үйінен үлкендігіне таң қалды. Хэйлды күнде жұмысқа апаратын он 

төртінші автобуста бірге жүретін бейтаныс адамдар құттықтады. Демократтардың Конвенциясыда Хиллари 

Клинтон сөз сөйлеп жатқанда Уилсон Обама отбасына берілген бөлмеде оңаша қалдым деп, жылап 

тұрғанында, қызынан телефон арқылы мынандай жолдама алды: "Мама, сені телевизордан мұрныңды 

қағазбен сүртіп жатқаныңды қайта-қайта көрсетіп жатыр. Орамал алсаңшы". 

"Біздің жеке кеңістігіміз ақырындап жоққа шыға бастады," – дейді Уилсон. 

Обаманың жақындары бас қосуларын жалғастыра берді: Уилсонның қала шетіндегі үйінде Аналар күніндегі 

жиналу; Обаманың тамыздағы туған күнін тойлау үшін алпыс адам шақыру сияқты əр түрлі мерейтойлар 

ұйымдастырылды – алайда енді оларды барлау қызметінің агенттері қадағалап, отырыстан кейін сарқыт 

алып кететін болды. Обаманың қыздары бұрынғыдай достарымен кездесе берді, бірақ енді оларды Шевроле 

Субурбан машинасымен қыздардың сүйікті Джонас ағайындардың өлеңдерін жатқа біліп алған агенттер 

апаратын болды. 

Мэриэн өзгерістерге біртіндеп үйреніп жатты. Қалған туыстар Обаманың президенттік сайыста жеңетініне 

кəміл сенсе, Мэриэн сайлау күніне дейін күмəнданып жүрді. Ақ Үйге көшкісі де келген жоқ – "онда тұрған 

музейде тұрған сияқты ғой", – деді ол бір күні.  Бірақ ол Қарашада келіп бөлмесін көргенде ойын өзгертті.  

Чикагодан көшуге келіскен кезде де ол достарына бұл уақытша ғана деп айтқан-ды. Ол Вашингтонда 

отбасына қажет болғанша ғана тұрады, содан соң жедел қайтады деп шешті. 

"Ол жетпіс бір жаста болғаннан кейін бұрынғыдағыдай бір қалыпты өміріне қатты үйреніп қалған", – дейді 

Мэриэнның ұлы Крэг Робинсон. "Басқа көшеге көшкеннің өзі ол үшін қорқынышты. Ақ Үйге көшу туралы 

ол көп ойланды десем өтірік болмас. Себебі бұл қөшу көп өзгеріс əкелетінін ол жақсы біледі," – дейді 

баласы. 

"Ақ Үй жаман жер емес қой", - дейді Мэриэннің өзі - "бірақ адамның өз үйіне не жетсін". Бұрын Блэр Хаузда 

тұрғанда жалғыз өзі серунедеуге шығып кетуші еді, қазір Ақ Үй ережелеріне сəйкес оны алдын ала 

жоспарлау керек. Ақ Үй қызметкерлері оған йогамен айналысу үшін арнайы курстар тауып бергісі келіп еді, 

Мэриэн ағасының курстарын интернеттегі камера арқылы көре алатынын айтып əзілдеді. Сенбі сайын 

Мэриэн əпкесі Грэйс Хэйлға телефон шалып, оның азық-түлік сатып алу жолын тапқанына көзін жеткізеді. 

Мэриэн Чикагодағы достарына іші пысып кеткенін айтқанда, олар оған мемлекеттік мекемеде волонтер 

ретінде бухгалтер болып істей алатыны жөнінде кеңес берді. Мэриэн ол туралы ойланып көруге келісті, 

оның санға қабілеті бар еді. 

Мэриэнның күнделікті жұмысы немерелерін мектепке апарып жəне алып келу еді, енді ол да өзгерді. Ол 

жылдар бойы əпкесі Хэйлды Чикагоның қатаң ауа райында, машиналар кептеліп тұрып қалатын жол арқылы 

қырық минутта жұмысқа апарып үйреніп қалған. Тамыздан бастап, барлау қызметі талабы бойынша Мэриэн 

Обаманың қыздары мен бірге машинаның артқы орнында отырады. 

"Қазір оған бұл жағдайда ең қиыны – жаңа дос табу", – дейді Уилсон. "Ақ Үйде дос қалай табылатынын 

білмеймін жəне жалпы біздің жасымызда жаңа дос табудың өзі өте қиын". 


Сондықтан Мэриэнге жəне Обамаларға ескі достарын Вашинтонға алып келу – жалғыз мүмкіншілік. 

Инагурация аптасының аяғында Чикагодағы достарымен қош айтысқанда, Мишель олардан жəне қайын 

жұртынан жедел түрде Вашингтонға билет алуды талап етті. Уилсон үйге осы аптада қайтады, ал Орегон 

штаты мемлекеттік университетінің баскетбол командасының жаттықтырушысы, Мишельдің ағасы Крэг, 

жəне оның төрт адамдық отбасы ары-бері жиі жүріп тұрмақ. Ивон Давила деген досы да екі кішкене 

қызымен Чикагодан қонаққа келіп тұрады. Жалпы барлық туған-туысқандары ауысып, келіп-кетуді 

жоспарлап отыр. 

"Олар бізге əрқашан риза болып күтетінін білдірді", - дейді Ивон Шилдс, Мэриэнның қайын апасы жəне 

жақын достарының бірі. 

Робинсондар демалысқа Мичиган штатындағы Уайт Клаудтағы орманға жорыққа барып үйреніп қалған, 

енді оны Ақ Үйге ауыстыру біршама дайындық талап етеді. Обама президенттік ант беруден бірнеше 

сағаттан кейін Уилсон жəне оның күйеуіне Линкольн бөлмесінде қонып шығуды ұсынды. 

"Ол мүмкін емес",- деді Уилсон - "шыныларды сындырып, Геттисбург жолдауына кофе төгіп қойсам ше?" 

Уилсон Үш жүз үшінші бөлмеде қонды, ал Линкольн бөлмесінде Крэг Робинсон мен əйелі қонды. Бұрын Ақ 

Үйдің ішін көрмеген Крэг 1860 жылдары жасалған төсекте ұйықтап шықты. Таңертең тұрғаннан кейін ол 

Трумэн балконына шықты, бұл жерде он бір президент əлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарды 

күткен. 

"Біз Чикагоның Оңтүстік жағынан келген қарапайым адамдармыз. Сондықтан барлық істі игеру ешкімнің де 

қолынан келмейді",- дейді Крэг. "Бəріміз жиналғанда біз бөтен уйдің ас үйінде тұрған жоқпыз ба өзі?" – 

дейміз. "Шынында да Ақ Үйде тұрғанымыға сену қиындау екен. Балалар ойнауға кеткенде біз отырып: 

"Осыған кім сенер екен?" – дейміз. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет