Алкадиендер Жубатханова Л



Pdf көрінісі
Дата15.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#57481
түріҚұрамы
Байланысты:
944694A6-D538-4B17-9A66-4C7C763B6185



Алкадиендер
Жубатханова Л.
Шарипова К.
Маруова П.
Сұлтанов Қ.
Қуантаев Н.


Алкадиендер — құрамында екі қос байланысы бар, жалпы
формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.
Алкадиендер — қанықпаған көмірсутектердің маңызды
түрлерінің бірі. Алкадиендерді кысқартып диен көмірсутектері
деп те атайды. Диен көмірсутектерінің бірінші мүшесі
пропадиен (аллен) СН2 = С = СН2. Диендерде қос
байланыстардың өзара орналасуы әр түрлі болуы мүмкін.


Диен көмірсутектерінің маңызды
өкілдері бутадиен-1,3-ті (дивинилді)
және 2-метилбутадиен-1,3- ті
(изопренді) алудың негізгі жолдарына
тоқталайық.
Өнеркәсіпте бутадиен-1,3 пен b 2-
метилбутадиен-1,3-ті Сr2O3
катализаторықатысында 600 —
650°С температурада cәйкес
алкандарды дегидрлеп алады: H3C
- CH2 - CH2 - CH3 
→ H2OCH -
CH=CH2 + 2Н2
Алғаш рет С. В. Лебедевтің тәсілімен
1932 жылы бутадиен катализатор
ретінде алюминий оксиді мен мырыш
оксидтерінің қатысында этил спиртін
дегидратациялап алынды. Кейін бұл
әдіс өнеркәсіпте қолданылды:
2С2Н5ОН 
→ Н2С = СН — СН = СН2 +
2Н2О + Н2
Диен


Қосылу реакциялары Алкадиендер галогендерді, сутекті,
галогенсутекті қосып алады. Молекулаларындағы қос
байланыстарыдара байланыспен бөлінген диендер
қасиеттерінің ерекшеліктері бар. Бұл диендер реагенттерді бір
немесе екі қос байланыстары бойынша (1,2 және 3,4 қосылу) да,
молекуланың екі шетіне де (1,4 қосылу) қосып алады.
Диендердің қосылу реакцияларында, негізінен, екі қос
байланыс үзіліп, галогендер мен галогенсутектерді
молекуланың екі шетіне қосады


Полимерленуі. Диендер полимерлену реакцияларына оңай түседі.
Реакция нәтижесінде каучук тәрізді жоғары молекулалы заттар түзіледі.
Бутадиен-1,3-тің полимерлену реакциясы барысында молекулалар бір-
бірімен 4- және 1-көміртек атомдары арқылы өзара қосылады.
Алкадиендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы. Дивинил
(бутадиен-1,3) Н2С = СН — СН = СН2 өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ.
Мұнайды өңдегенде түзіледі және табиғи газқұрамындағы бутан мен
бутиленді катализдік дегидрлеп алады. Синтездік каучуктар (бутадиен,
бутадиен-стирол, бутадиен-нитрил) латекс, пластмасса, т.б. заттар
өндірісінің маңызды мономерлерінің бірі.


Лебедев Сергей Васильевич (1874-1934) — орыс химигі, академик. Негізгі
ғылымижұмыстары қанықпаған көмірсутектердіңполимерлену, изомерлену,
гидрогендену реакцияларын зерттеуге арналған. Мырыш-алюминий араласқан
катализатор қатысында этил спиртін дегидрогендеп және дегидратациялап
бутадиенді өнеркәсіпте алу жолын тапты. Металл натрий қатысында
бутадиен-1,3-ті полимерлеп, синтездік каучук (1928 жылы) алды. Каучуктан резеңке
және резеңкеден жасалған бұйымдар алу әдісін ашты (1930 жылы). Дүние жүзінде
алғаш рет бұрынғы КСРО-да 1932 жылы Лебедев тәсілібойынша синтездік каучук
өнеркәсіптеөндіріле бастады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет