Аллергиялық реакциялардың даму механизмінде гистаминнің рөлі
Гистамин-бұл организмнің әртүрлі функцияларын реттеуге қатысатын биологиялық белсенді зат, сонымен қатар аллергия сияқты патологиялық процестерді тудыруы мүмкін. Бұл жедел түрдегі аллергиялық реакциялардың медиаторы.
Гистамин түзудің негізгі заты-амин қышқылы гистидин. Дененің әртүрлі тіндерінде гистидин көп немесе аз мөлшерде болады және гистиоциттер деп аталатын жасуша құрылымында белсенді емес күйде болады. Денеге әсер ететін сыртқы факторлар, мысалы, жарақаттану, термиялық зақымдану, аллергиялық агенттер, соның ішінде тамақ (балықтың кейбір түрлері, ірімшіктер, шұжықтар, спирттер және т.б.) және дәрі-дәрмектер, стресс реакциясы, иондаушы сәулелену мастикалық жасушалардан (гистиоциттерден) гистаминнің шығарылуына және оның белсенді түрге өтуіне ықпал етеді.
Мастикалық жасушалардан босатылған биологиялық белсенді гистамин ағзаға жүйелі және жергілікті әсер етеді, ал
Аллергия: анықтамасы, этиологиясы, аллергиялық аурулардың жіктелуі, даму кезеңдері мен механизмдері.
Аллергия (грек. аllоs - басқаша, егgоn - іс, жұмыс) - деп организмнің өз тіндерінің бүліністерімен сипатталатын, аллергия туындататын заттарға оның өзгерген, бұрмаланған түрде иммундық жауап қайтаруын айтады.
этиологиясы, 6 суракта
кезеңдері мен механизмдері. 7суракта
АЛЛЕРГИЯЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Аллергиялық серпілістерді жіктеуге қатысты бірнеше көзқарастар бар. Солардың ішінде Кук (1930) барлық аллергиялық серпілістерді екі түрге бөлді:
● дереу дамитын аллергиялық серпілістер. Бұлар организмнің сезімталдығын көтерген аллерген организмге қайталап түскеннен кейін бірнеше минөттің ішінде байқалады және иммундық глобулиндер (антиденелер) қатысатын организмнің сұйықтық (гуморалдық) жүйесі арқылы дамиды деп есептелді;
● баяу дамитын аллергиялық серпілістер, сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер қатысатын, организмнің жасушалық иммундық жүйесі арқылы дамиды және аллерген организмге қайталап түскеннен кейін 24—48 сағат өткен соң байқалады деп есептелді.
Қазіргі күні «аллергиялық серпілістер» деген атау сөзбен қатар «жоғары сезімталдық» деген атаусөзде кең тараған. Осыған байланысты аллергиялық серпілістерді дереу дамитын жоғары сезімталдық (ДДЖС) және баяу дамитын жоғары сезімталдық (БДЖС) деп ажыратады.
1968 жылы П. Джелл, Р. Кумбс аллергиялық серпілістерді төрт түрге ажыратты:
● аллергиялық серпілістердің анафилаксиялық (реагиндік) I-түрі;
● аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-түрі;
● аллергиялық серпілістердің иммундық кешендік (комплекстік) III-түрі;
● аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын IV-түрі.
Бұлардың бірінші үш түрлері ДДЖС-қа, төртінші түрі БДЖС-қа жатады. Көптеген аллергиялық аурулар дамуында бірнеше түрлері біріккен түрде байқалады. Мәселен, анафилаксиялық сілейме (шок) дамуында I-ші және III-ші түрлері, аутоиммундық аурулар кезінде II-ші және IV-ші түрлері бірігіп кездеседі.
Сонымен бірге бүгінгі күні иммундық бүліністердің антирецепторлық V-ші түрін ажыратады. Бұл кезде жасуша мембраналарындағы рецепторларға (β-адренорецепторларға, ацетилхолиндік, инсулиндік немесе тиреотропиндік рецепторларға) қарсы антиденелер (негізінен IgG) өндірілуінен олардың қызметтері бұзылады. Рецепторлар мен антиденелер байланысудан бұл рецепторлардың қызметтері артып кетуі немесе, керісінше, төмендеп кетуі мүмкін. Осыдан аутоиммундық бүліністер дамып, қантты диабет, тиреоидит т.с.с дерттер байқалады.
Аллергендердің түрлері және жіктелуі.
Аллергия туындататын заттарды аллергендер дейді.
Аллерген болып толық және шала антигендер есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |