Байланысты: kyraubaeva alma shygystyk kissadastandar 3 tom
«Хан қызының жауына болысуы». Бұл желі б.д.д.
аңыздарда да болған. Мысалы, «Гүлдірсін» (Син, Шина –
бəрі деген мағына береді) аңызын ХІV ғасырда Сəйф Сараи
дастан етіп жазған. Сараиді зерттеуші кей ғалымдар бұл
оқиға Ақсақ Темір заманында болған деседі. Негізінде, Гүл-
дірсіннің сақ қызы екенін Ə.Қоңыратбаев айтқан. Тіпті Гүл-
дірсін шаһары да болған, оны 1937 жылы С.П. Толстов қаз-
ған екен. Одан скиф садағының оғы, тастан салынған əйел
суреті шыққан. Қала Төрткөлдің маңайынан табылған (Қо-
ңыратбаев Ə., 1991-79).
Аңызда Гүлдірсін – патшаның қызы екен. Елін жау қор-
шап алып, астығы бітіп, таусыла бастайды. Сонда да беріл-
мей, жауға сес көрсету үшін бір өгізді бидаймен жемдеп,
қаланың сыртына қоя береді. Жау əскерлері ұстап алып, со-
йып жейді, қараса іші толған бидай екен.
Гүлдірсін жау елінің бір жігітіне ғашық болған. Оған ха-
бар беріп: «Кетпеңдер, шыдаңдар», – дейді. Қоршаған жау
кетпей, ақыры халқы ашыққан қаланы басып алады. Бірақ,
Гүлдірсіннің ғашық болған жігіті: «Өз еліне опа қылмаған
қыз маған қалай жар болады!» – деп ат құйрығына байла-
тып өлтіреді.
Хан қызының жауына болысу желісі «Қобыланды ба-
тыр» жырында Қарлыға бейнесінде, Иранда «Бижан мен Ма-
жинеде» сақталған. Кейбір көріністері Зарина аңызында да
бар. Бірақ онда сақ патшасының қызы Зарина Мидия хан-
задасын сүйіп қалса да, елін сатпай: «Мен саған қосылам,
елім де сенің қол астыңа кіріп, кіріптар болады», – деп
елінің қамын ойлап, Мидия ханзадасымен некелесуден бас
тартады.
«Түс көру». Түс көру, оны жору өнері көне замандардан
келіп жеткен. Антика əдебиетінде Артемидордың «Түс жо-
рығыш» атты кітабы жазылыпты. Антикалық дəуірде түс-
ті былай жорыған: түсінде қол жуса – уайымнан құтылады,
жыласа – өңінде қуанады, қабырғасын суырса – əйелі өледі,
араны қуса – байлыққа кенеледі, үйленсе – туыстарының бірі
өледі, жылан қуса – жаман əйел соңына түсіп жүр, — деп
жорылады.
«Жүсіп-Зылиха» қиссаларында Зылиха да Жүсіпті түсін-
де көріп ғашық болады. Бұдан кейінгі ғашықтық қиссалар-
дың бəрінде негізгі кейіпкерлер бірін-бірі түсінде көреді.
Қыдыр-əулиелер де түске кіріп, аян береді:
«Ер Шеризатта» (Ə. Найманбаев):
Бір күні Қыдыр келіп түсіне енді,
Өңіндей падишаға аян берді.
«Еренғайып-шаһ Ғаббаста» (Мұхаммедқали Өндір қажы-
ұлы):
Осылай болды, тақсыр, көрген түсім,
Қалмады еске түссе ақыл-хошым.
Бұл күнде өлер жерге келіп тұрмын,
Мехнаты арылмаған мұңды басым.
«Бозжігіт» қиссасында Бозжігіт ғашығын түсінде көреді:
Түсінде қыз осылай ғайып болды,
Жігіттің көкірегіне қайғы толды.
Бақсы менен балгерден дəрмен таппай,
Боп-боз жігіттің жүзі солы.