Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет21/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
Мифтік  жеті  саны – əлем  моделін  суреттейтін  белгілер 
тобына  жатады.  Мұсылман  мифтерінде  «төрт  құбыла»  не-
месе  «төрт  тарап», «шартарап» (парсыша:  чехор-төрт):  шы-
ғыс,  батыс,  солтүстік,  оңтүстік  координаты  ретінде  алынып, 
оған  қоса 4 саны  да  қасиетті  сандардың  бірі  болып  қосы-
лады.  Төрт  құбыла  жəне  жер  кіндігі  (ортасы)  ұғымдары 
қосылып,  қасиетті 5 санын  береді.  Баласағұнидің,  Абайдың 
«бес  асыл  іс», «бес  дұшпан»  осы  ұғымдардан  туған  деуге 
болар. 3 санының да өзіндік сыры бар:
Аспан + жер + о  дүние  (тамұқ).  Қазақтардың  түсінігі 
бойынша,  əлем  үш  бөліктен  тұрады:  жоғарғы – аспан,  яғни 
ғарыш, ортасы – жер, төмен – жер асты. Осы қасиетті 4 жəне 
3  сандарының  қосындысынан 7 саны  шығады.  Ол  ғылымда 
сакральды (ерекше) сан деп есептелінеді. Сонымен, 7 саны – 
тұтас əлем нышаны. Оған қоса, аптаның жеті күннен тұруы, 
жеті  қарақшы  жұлдызының  санының  жетеу  болуы  да  бар. 
Жапондарда бақыт Құдайы жетеу екен.
Жақып  пайғамбар  сүйікті  Рахилге  үйлену  үшін  əкесіне 
жеті  жыл  қызмет  етеді  (Таурат  желісі).  Жеті  саны  ежелгі 
түрік  əдебиетінде  сакральды  сан  екендігін  Орхон  ескерт-
кіштерінен көреміз (Жолдасбеков М., 1986-86):
Əкем қаған он жеті ер ертіпті,
Жиылып жетпіс ер бопты.
Қосыны жеті жүз ер бопты. 
Қасиетті  жеті  саны  Бөлтірік  шешеннің  баласына  айтқан 
мына сөзінен көрінеді:
Жеті атаңды біл, 
Жеті руды біл,
Жеті жарғыны біл,
Жеті құбыланы біл,
Жеті жақсыны біл,
Жеті жаманды біл,
Жеті жемді біл!
Жеті – қазақ  эпостары  мен  аңыз-ертегілерінде,  толғаула-
рында жиі ұшырасатын мифтік сан. Мысалы, жеті кəміл пір, 
жеті  жыл  зынданда  жату,  т.б.  Сондай-ақ,  ежелгі  мифтерден 
12  саны  да  ерекше  сан  ретінде  жеткен  (Жақып  пайғамбар-
дың он екі баласы, он екі ата, он екі жұлдыз).
«Мəлік-Хасан» дастанында жеті дария бар: əуелі – от, екін-
ші – су, үшінші – топырақ, төртінші – боран, бесінші – топан, 
т.б. Ал, «Таһир-Зуһрада» Таһир жеті жыл зынданда жатады. 


89
88
Мифтік уақыт – тарихи, эмпирикалық уақыт басталудан 
бұрынғы  уақыт  (Мифологический ... 1991-661). Былайша 
айтқанда,  байырғы  заман;  есте  жоқ  ескі  заман;  ерте,  ерте, 
ертеде; баяғыда. Орхон ес-керткіштерінде:
«Биікте көк Тəңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған» уақыт.
Мифологиялық  ілкі  уақыт  архаикалық  эпостардың  айна-
ласы  ретінде  алынады.  Эсхатологиялық  мифтерде  ақырғы 
уақыт  образы – ақырзаман  уақыты  орын  алған.  Қиссаларда 
мифтік  уақыттың  осы  айтылған  көріністері,  дүние,  адам, 
тұтас  əлем  жаратылысы  жайындағы  оқиғалардан  көрінеті-
нін байқауға болады. «Мифтік уақыт өлшемінде сабақтастық 
болмайды,  белгілі  бір  оқиғалық  кезеңдерді  ғана  межелей 
отырады.  Мифтік  уақыттың  мəні  нақтылы  уақыт  өлшемі-
мен  тыс  кезеңдерді  межелеп,  дүние-тіршіліктің  жаралуына 
қатысты  таным-түсінік  сұранымдарына  жауап  береді» 
(Сейдімбеков А., 1995).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет