Ғайып ерен, қырық шілтен – қисса-дастандарда жиі
кездесетін кейіпкердің бірі:
Кемпір айтты: «Піріңмін, ғайып ерен,
Алғалы келіп тұрмын хабар», –
дейді. («Мұңлық-Зарлық»).
«Алпамыста»:
Ғайып ерен пірлерім,
Бұл пəледен өзің қақ.
«Чилтон» сөзі парсыларда: «көрінбейтін қырық қолдау-
шы» деген мағынаны білдіріп, ал түрік тілдерінде оған
қырық сөзі қосылып айтылады. Тілшілердің дəлелдеуінше,
демонологиялық сипаттағы кейiпкер. Қазақтағы «шілдеха-
наның» өзінің түбірі «чил» – қырық. Қырық күннен соң ғана
жаңа туған баланың шашын, тырнағын алып, той жасайды.
«Қорқыт атада» «Дерсеханұлы Бұқашхан баянында» қырық
уəзірдің кесірінен, Дерсехан өз ұлы Бұқашты жаралайды.
Сол кезде:
«Бала сол араға жығылған кезде, боз атты Қызыр келіп,
баланың жарасын үш мəрте қолымен сипайды. «Бұл жара-
дан саған өлім жоқ, қорықпа, тау шешегі мен ананың сүтін
жақса, жазылады», – деп, көзден ғайып болады.
«Ғайып ерен, қырық шілтеннің» қырық шілтені – күдік-
сіз анықталған тіркес. Ал «ғайып ерен» жөнінде əржақты
пікірлер бар (Əміров Р., 1982):
Бірінші пікір: ғайып ерен – көрінбейтін қолаушы. Ол жеті
топқа бөлінеді, алтыншы топ – қырық шілтен.
Екінші пікір: ғайып ерен – жабайы аң.
Үшінші пікір: ғайып ерен – парсының «ғайб йаран» деген
сөзі. Яғни, ғайыптан пайда болған дос.
105
104
Əрине, осы айтылған пікірлердің бəрінің жаны бар, сөз
төркінін анықтауға көмектесетіні даусыз. Бірақ, «ерен» тү-
ріктің сөзі ме деген ой келеді. Ежелгі түрік ескерткіштерін-
де «ерен» сөзін көп кездестіреміз. Ол сөз көбіне «алып» сө-
зімен қосарлана келіп отырады. Мысалы, «алып ерен». Бү-
гінгі қолданыста «ерен ерлік», «ерен қимыл көрсетті», – деп
жатады. «Ерен» сөзінің түбірі – «ер». Махмұд Қашқариде:
Ерен албы ұқұштылар,
Қыңғыр көзін бақыштылар,
Төлмүн қару тоқұштылар,
Қылыч қынға күчін сығды, –
деген жолдар бар.
Қазақшасы:
Ерен алыптар ұғысты,
Қыңыр көзбен бағысты,
Барлық қару тоғысты,
Қылыш қынға күшпен сыйды.
Түрік тілдерінде «ерен», «аран» сөздерінің түбірі бір –
ер, ерлік. «Арандай аузын ашады, аяғын топ-топ басады», –
дегендегі «аран» да «ереннің» бір түрі болса керек. Ар, арлан,
өр, ер сөздері де тазалық мағынасында айтылатынын ес-
кертеді. Біздіңше, «ерлік» деген ұғымды да берсе керек.
Қорытындылай келсек, қисса-дастанның негізгі фабула-
лық желілері ең көне шығыстық мифтерден бастау алып,
миф мəдениетін жеткізуші ретінде маңызды рөл атқарады.
Қисса сюжетіндегі тұрақты желілердің түп-төркіні ежелгі
мифтерден, оның хатқа түскен нұсқалары «Гильгамеш» пен
«Авестадан» да табылып жатады.
«Авестаның» иран, үнді, араб, Орта Азия елдеріне ке-
ңінен тараған, сонымен қатар қазақ мифологиясындағы қай-
нарлардың бірі екені ондағы мифтердің қисса-дастан сюжет-
терінде, түрік əдеби ескерткіштерінде, өмір салтында сақ-
талғанынан көрінеді.
Қисса-дастандарға сюжеттік жағынан түп қазық болған
тұрақты желілерге «қасиетті мекенді» суреттеу, «нұрдан жа-
ралған» қаһармандар, «қасиетті ағашты» дəріптеу, «хан қы-
зының жауына болысуы», «түс көру», «Дəуіт пайғамбар
жəне тойымсыздықты» сынау, «Сүлеймен пайғамбар жəне
оның жүзігінің қасиетін» сипаттау, «Жақып пайғамбар жəне
қаһарманның қыз əкесіне жеті жыл қызмет етуі», «патша
əйелінің өгей баласына ғашық болуы», «патшаның тастан-
ды баласы жəне аң асыраған бала», «мұнара басындағы
қыз», т.б. жатады.
Итбастар елі, дию, самұрық, пері, ғайып ерен – қырық
шілтен, т.б. мифтік бейнелер де қисса-дастандардан жиі
орын алған. Итбас адамдардың көне Египет мифтерімен
байланыстылығы, оның зоорантропоморфтық бейнелер екені
аңғарылады.
Қорыта айтқанда, қисса-дастандар миф тақырыптары мен
желілерін, мифтік бейнелер мен қаһармандарды жаңғырт-
қан ежелгі əдебиеттің жанры демекшіміз.
107
106
Достарыңызбен бөлісу: |