Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет43/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65
* * *
Жалғыз-ақ, саған айтқан өсиетім,
Жомарттыққа өзіңнің бар ниетің.
Балалықпен қазынаңды білгізіп ап,
Көріп жүр ме хандардың хүкіметін.
Қасым өкіл əкесі өлген соң, қисапсыз қазынасынан əркім 
пайда  көрсін  деп,  жомарттықтың  аузын  ашады.  Мұны  көр-
ген  жұрт: «Ата  малын  түгесіп  қағып  еді,  жігіттікті  əлі 
қоймапты», – дейді.
Бұл  əңгіме  құлағына  жеткен  ханның  жіберген  жасауы-
лына айына жүз ділдə, уəзіріне – үш мың ділдə, ханға күніне 
мың  ділдə  беріп  тұратын  болып,  олардың  қысымынан 
құтылады.
Осының  бəрін  тыңдаған  Халифа  һарон  Рашидке  ешкімге 
айтпасқа серт алып, қазынасын көрсетеді:
Патшаның ол үйде көзін шешті,
Патша көзін шешкен соң жаннан кешті.
Күндізгідей қылып тұр үйдің ішін,
Шөккен нардай көреді жақұт тасты.
Халифа  һарон  Рашид  есепсіз  зүбəржат,  інжу-жауһар,  ал-
тын-күмісті  көріп  қайран  қалады.  Бір  алтын  тақтың  үстінде 
жатқан əйел мен еркекті көреді. Қасында жазу бар екен:
Ол жазған былай екен хаттың сыры,
Кейінгі жан ғибрат ал, көріп мұны.
Жанға ара түспеді ешбіреуі,
Жинап едім қисапсыз көп дүниені.
Бұдан  кейін  Бахра  уəзірінің  зұлымдығынан  аман  құты-
лып,  Дүрданаға  қосылып,  ұзақ  баяндаулардан  соң  мұратына 
жетеді. 
«Мың бір түннен» алынған сюжеттердің қатарына «Қисса 
Дандан  Ибраһим  ұлы»  да  жатады.  Жазған  Ақылбек  Сабал-
ұлы.  Кəримовтар  баспаханасынан 1911 жылы  жарық  көрген. 
Біз осы басылымынан оқып шықтық. Басында: 
Қарқаралы  ескі  уезде,  Ақбота  болысында,  бесінші  нөмір 
ауылнай  қол  астына  қараушы  станса  доланында  тұрушы 
Ақылбек  бин  Сабал  Турабай  тамам  еттім. 1328 жылы  һиж-
рада, 1910 жылы  Милə-дише  Зинуар  (январь)  23-інде  сенбі 
күні тамам етіп, қол қойдым», – деп жазылған.
Менен білге тастайын өлмей тұрып,
Алланың аманатын бермей тұрып.
Артыма қисса басып қалдырайын, 
Түсініксіз қараңғы үйге кірмей тұрып.
Ибраһим  атты  патшаның  ұлы – Дандан.  Бір  саудагер 
Ибраһимге сандық əкеп көрсетеді. Онда ғажайып қыз суреті 
бар  екен.  Данданға  көрсетпей,  тығып  қояды.  Дандан  біліп 
қалып,  сандықты  ашып  көреді  де,  уəзірінің  ақылымен 
саудагерді  іздетсе,  ол  өліп  қалған  екен.  Уəзір  екеуі  қайыққа 
(кемеге)  мініп,  дарияға  түседі.  Біраз  жүріп,  бір  жазираға 
шығады.  Бақшаны  көреді.  Оның  ішіндегі  қарт  кісі: «Мен  де 
осы  суретті  көріп  ғашық  болғанмын.  Содан  бері  алпыс  екі 
жыл өтті», – дейді. Дандан теңізге түсіп, əрі қарай кетеді. 
Бір  жерде  балықшыға  жолығып,  одан  Нəркес  қыздың 
хабарын  біледі.  Ертеңіне  патша  қызын  бақшадан  көреді.  Ол 
да  тамам  ғашық  жігіттің  ішінен  Данданды  ұнатады.  Кешке 


239
238
Дандан  байқатпай  келіп,  кəнизектердің  қазанына  ұйықта-
татын  дəрі  салады.  Мұны  сезген  Нəркес,  егер  жақтырмаған 
жігіт  болса,  өлтірейін  деп  қылышын  қолға  алып  отырады. 
Данданды көрген соң, екеуі құшақтасып, мауқын басады. 
Ертеңіне  Дандан  Нəркесті  еліне  алып  кетпек  болып  жүр-
генде, суға шомылған қызды бір құс келіп іліп алады. Бұл Қап 
тауының  ар  жағындағы  перілер  елінің  патшасының  баласы 
екен, қызға ғашық болып алып кетеді. Патша бір көгершінін 
ұшырып: “Кімнің  басына  қонса,  қызды  іздеуге  сол  барады”, 
–  дейді.  Көгершін  Данданға  қонады.  Олар  жолай  диюдың 
сиқырын жазып жіберетін шыбық пен жапырақ алады. Оны-
мен бір құстың сынған қанатын жазып, сол құсқа мініп, жол-
да  бір  ысқырғаны  Машрық  пен  Мағрыпқа  жететін  айда-
һарды  өлтіреді.  Диюдың  еліне  келіп,  мұнара  басында  отыр-
ған  Мəлике  бануға  жолығады.  Мəлике  Нəркес  қызды  қа-
маған  есікті  көрсетеді.  Мəликенің  көмегімен  Нəркес  қызды 
Азрақа диюдан босатып, еліне келеді.
Бұл  да  бір  ұзақ  қисса, «Мың  бір  түндегі»  ақылман  уəзір 
Данданды  кейіпкер  етіп,  бірнеше  хикаяларынан  біріктіріп 
шығарған.  Аса  көркем  деуге  келіңкіремейді,  біршама  қы-
зықты жазған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет