Байланысты: kyraubaeva alma shygystyk kissadastandar 3 tom
Бірінші тарау ҚИССА-ДАСТАНДАРДЫҢ МИФТІК НЕГІЗДЕРІ Қисса оқиғаларының негізгі фабулалық желілері ең көне
шығыстық мифтерден бастау алады. Яғни, миф мəдениетін
жеткізуші ретінде маңызды рөл атқарады. Ежелгі ғашықтық
сюжеттердің бірі – «Жүсіп пен Зылиха» желісін алсақ, оның
архетипі заманымыздың бас кезіндегі Иосиф пен Асенеф
махаббатын суреттейтін грек апокрифінде, арғы жағындағы,
Тауратқа кірген Иосиф пен Потифардың жұбайының оқи-
ғаларында жатыр. Тауратқа дейін де неше мың жыл əңгімеле-
ніп келгенін айту қиын. Қисса сюжеттеріндегі тұрақты желі-
лері: «Тастанды бала», «Сарай салдырған қыз», «Мінсіз ке-
йіпкер», «Қыз əкесіне жеті жыл қызмет ету», «Ирамбақ»,
«Жазира арал», «Шын-Машын», «Кейіпкер жанының шөпке
(гүлге) ауысуы», «Қасиетті жүзік», «Жұмақ-тозақ», тағы бас-
қалардың түп-төркінін ежелгі мифтерден табамыз. Сондай-
ақ, мифтік бейнелер мен кейіпкерлердің шығу негізі де
тым əрідегі тылсым замандарда жатыр. Оның қым-қиғаш
тамырларын көне шығыс пен батыстан, түрік пен араб-
парсыдан, грек пен үндіден, үндіс пен жапон тарихынан да
іздеуіміз керек. Қазақ мəдениеті деген ұғымның бастауы
«Гильгамеш», «Авестамен», одан да бұрынғы көне мифтер-
мен, ежелгі Вавилон-Ассирия мəдениетімен ұштасады.
Адам санасының дамуында мифтік ойлау сатысы өлшеу-
сіз рөл атқарады. Мифтен тұтас пəлсафа жүйесі құралады.
Мифтік шығармашылық адамзат мəдениеті тарихындағы
елеулі құбылыс болып есептеледі. Оны туғызған ең көне
ған «Алма апай» атты жинақта жан-жақты баяндалған.
Өзі ұлы Жамбыл ауылына келін бола жүріп, Жəкең атасы
туралы, оның келіндері мен немерелерінің естеліктерін
ғана емес, сол өңірдің өнерлі жандарының əуезді əуен-
дерін өзі үйреніп, үн таспаға түсіріп, елге жеткізді. Ата-
анадан, келген жеріндегі абысын-ажын, енелерінен, өз за-
мандастарынан көрген, аңғарған, оқып ойға қалған тəрбие-
тəлім мəселелеріне тереңнен ой жүгірте отырып, қазақ ұл-
тының келешегі – жас ұрпақтың тəрбиесін жетілдіру мə-
селесін күн тəртібіне қоя білді. Соның не гізінде ұлт мүд-
десін жеке адамның өзімшілдік ниетінен жоғары қоюға
мүдделі болатын ұрпақтар шыңдайтын мектептің үлгісін
өмірге келтіруге мұрындық болды. Мектеп ашты. Шын
мəнісінде, бұл – ерлікті талап ететін еңбектің үлгісі еді...
Алманың осы қасиеті оның сан қырлы талантының бір
қыры ғана емес, елдің мақсат-мүддесін ойлай білетін
ақылмандығының басты көрсеткіші болатын...