Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет54/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65
«Қисса Самұрықтың» негізгі ойы – Алланың құдіретіне 
шек  келтіруге  болмайды.  Барша  хайуан-құстарға  ақыл  айт-
қан  кезде  ақылына  күмəн  келтірген  жапалақ  пен  байғызға 
Сүлеймен: «Көздерің күннен жасысын», – деп қарғайды.
Байғыз бен жапалақтың алдауымен Самұрық құс Мағрып 
пен  Машырықтағы  (батыс  пен  шығыс)  бір-біріне  ғашық 
қыз-жігіттің  қосылуына  күмəн  келтіріп,  сынау  үшін  қызды 
алып  кетіп,  тығып  қояды.  Бəйтеректің  басына  ұя  салып, 
бағады.  Енді  оқиғаға  дəстүрлі  «түс  көру»  желісі  араласады. 
Сол  жерде  Шолпан  қыз  əдемі  түс  көреді: «Бір  ханзада  ағаш 
атқа  мініп  келіп,  қызға  үйленген  екен  (бұл – «Мың  бір 
түндегі»  ағаш  ат).  Ханзада  да  түс  көріп,  қыздың  жайын 
біледі.  Тұлпарына  мініп,  қызды  іздеуге  шығады.  Аттың  ша-
бысын  белгілі  эпостық  жыр  үлгісімен  береді.  Кемеге  мініп 


277
276
(Шығыстық  сюжеттердегі  белгілі  «Кеме  оқиғасы»),  бір 
аралға  келеді.  Бəйтеректің  басындағы  ұядан  қызды  көреді. 
Екеуінің кездескен жерін:
От боп жанған секілді, 
Екі дене қабысса.
Ажыраспай қалады,
Бетке-беті жабысса, – дейді.
Сол жерде Шолпан қыз жүкті болып, ұл табады.
Біраз жылдан соң Самұрық Сүлейменге келіп:
Ол қызды бағып жүрмін бір аралда,
Ешқандай көрсетпестен тірі адамға.
Қайткенде екі ғашық қосылмас-ты,
Жете алмас бұл өмірде ол арманға, – 
деп мақтанады.
Сүлеймен: «Қызыңды  алып  кел,  көрейік», – дейді.  Самұ-
рық  құс  нар  түйенің  сүйегіне  салып,  қызды  алып  кеп  түсір-
се, ішінен үш адам шығады. 
Қорытындысында,  Құдайдың  құдіретіне  шек  келтірген 
Самұрық  күлкі  болып,  ұятқа  қалады.  Қиссада  «Шаһнамада-
ғы»  Залды  асырап  өсірген  Самұрық  бейнесі  жалғасын  тап-
қан.
Дəл  осы  тақырыпқа  жазылған  Тұрмағамбет  Ізтілеуовтің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет