Қалмахан Ержан Сейтұлы



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата10.03.2023
өлшемі407,48 Kb.
#73166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
imammaturidi

 



 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ИМАМ МАТУРИДИДІҢ 
ҚЫСҚАША ӚМІРБАЯНЫ 



Әбу Мансур әл-Матуриди 
Ҽбу Мансур Мұхаммед – ҿз есімімен қоса Шейх, Самарқанд шейхтерінің 
басшысы, Ҽһли сүннҽт имамы жҽне кҽламшылар имамы деген сияқты лақап 
аттармен де кеңінен танылған. 
Сондай-ақ, кей деректерде оның аты кҿбіне «Ҽбу Мансур ҽл-Матуриди», 
«Ҽбу Мансур ас-Самарқанди», «Ҽбу Мансур ҽл-Матуриди ас-Самарқанди» 
жҽне «аш-Шейх Ҽбу Мансур» деп те кездеседі. Толық аты Ҽбу Мансур 
Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд ҽл-Матуриди ас-Самарқанди. 
Имам Матуриди Самарқанд қаласының Матурид деген ауылында дүниеге 
келген. Имамның туған жылы туралы нақты деректер жоқ. Кей зерттеушілер 
оның Имам Ағзам Ҽбу Ханифа қайтыс болғаннан кейін бір ғасырдан астам 
уақыт ҿткен соң дүниеге келгендігін айтады.
Имам Матуриди 333/944 жылы Самарқандта дүние салып, «Чакардиз»

атты ғалымдарға арналған зиратында жерленді. Алайда 1940-1950 жылдар 
аралығында зират жермен-жексен етілген. Кейіннен зират толықтай қайта 
қалпына келтіріліп, кҿпшілікке ашылды.
«Матуриди» деген есім оның туған жеріне байланысты берілген. Оның 
туып ҿскен жері Бұхара, Термез секілді «білім орталығы» деген атаққа ие 
болған маңызды мҽдени қалаларды қамтыған Мауараннаһр аймағы еді. 
«Мауараннаһр» сҿзі араб тілінде «Екі ҿзеннің арасындағы ҿлке» деген 
мағынаны білдіреді. Бұл Орта Азияда Амудария ҿзенінің арғы жағындағы 
түркілер қоныстанған территорияға берілген жеке географиялық атау. Бір 
кездері КСРО-ның құрамына кірген бұл аймақ қазір Ҿзбекстанды, 
Қарақалпақстанның шығыс бҿлігін, Тҽжікстанды, Қырғызстанның оңтүстігін, 
Қызылқұм шҿлі мен Қазақстанның бір бҿлігін алып жатыр. 
Имам Матуридидің ұлты туралы тарихшылар арасында екі түрлі кҿзқарас 
бар. Бір деректер оны түркі тектес халықтарға жатқызса, Сҽмани, Зҽбиди 
еңбектерінде араб яғни, Мҽдиналық атақты Ҽбу Ҽйюб ҽл-Ансари ҽулетінен 
шыққан деп тұжырымдалған. Кейбір отбасылардың Мҽдинадан Самарқандқа 
келіп қоныстанғаны туралы мағлұмат осы пікірді қуаттайды. Имамның есімі 
кей деректерде «ҽл-Имам Ҽбу-Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд 
ҽл-Матуриди ҽл-Ҽнсари» деп берілуі де осыдан.
Десе де Матуридидің еңбектеріне үңілер болсақ екінші кҿзқарастың дұрыс 
емес екендігіне кҿз жеткізуге болады. Ҿйткені алғашқы қайнар кҿздерінен оның 
араб екені туралы еш кездестілмейміз.
Деректерде Матуридидің отбасына қатысты негізінен тек ҽкесі мен атасы 
жайлы ғана айтылады. Ҽкесі – Мұхаммед, атасы – Махмуд. Бір жағынан ол 
кҿпшілікке Ҽбу Мансур (Мансурдың ҽкесі) деп танылған. Бұл бізге оның 
Мансур есімді ұлы болғандығын білдіреді. Алайда Матуридидің ешқандай ұлы 

Чакардиза – Орта ғасырдағы Самарқандтағы Шахристан аймағына қарай аққан канал атауы. Осы каналдың 
шығыс жағалауында «диза» деген қамал болған. Онда «чокар» атты ҽскер тобы орналасқан. Сондай-ақ, IX соңы 
- Х ғасырдың басында Саманиттер мен Қараханиттердің дҽуірінде ҿмір сүрген танымал кҽламшылардың 
жерленген зират атауы. Бұл кезең Матуриди мектебінің қалыптасып жатқан дҽуірге тура келеді. 



болмағандығы анық. Ҿйткені, Матуридидің ҿзі бұл лақап есімнің Мансур деген 
ұлы болсын деген ниеттен туғанын айтады.
Сондай-ақ, кей зерттеулерде Матуридидің бір қызы жҽне осы қызының 
баласы (Матуридидің немересі) болған деген мҽліметтерді де кездестіреміз. 
Абдулқадир ҽл-Қураши: «Қазы Ҽбул Хасан Ҽли ибн Хасан ҽл-Матуриди, 
Шейху-л Ислам Ҽбу Мансур ҽл-Матуридидің немересі. Нағашы атасынан фиқһ 
ілімін оқыған. Ол 511/1117 жылы қайтыс болып, Чакардизада жерленген» деп 
Матуридидің бір немересі болғандығын айтады.
Кейбір дереккҿздерде имам Матуриди жҽне оның тұлғалық қасиеті жайлы 
қиссалар баяндалады. Бартольд, Ҽбу Хафс ҽн-Нҽсафидің «Китабул Канд фи 
тарихи Самарқанд» атты еңбегінің қолжазба нұсқасында Матуриди жайлы 
былай дегендігін айтады: Шейх Ҽбу Мансур ҽл-Матуриди мен Шейх Ҽбул 
Қасым Хаким Самарқанди теккеде дҽріс беретін. Шииттер мҽзһаб тақырыбында 
осы екі ғалыммен кҿп пікірталастырады. Сол кезде шейх Ҽбу Мансур теккеде 
Қызырды (а.с.) кҿріп, одан кҿмек сұрайды. Қызыр (а.с.) дұға етеді. Дұғасы 
қабыл болып, Аллаһ Тағала имам Матуридиге хикмет ілімін нҽсіп етеді. 
Осылайша, имам Матуриди бұрыс мҽзһабтарды жеңеді.
Ҽбу-л Хасан ар-Рустуғфани «Фауаид» атты еңбегінде имам Матуридиді 
жасаған дұғасы кері қайтарылмай, қабыл болатын тұлға деп сипаттайды. Оған 
мына қисса дҽлел: Бірде Самарқанда патша қызметкерлерінің бірі күш 
қолданып, Имам Матуридидің шҽкірттерінің бірінің үйін тартып алады. 
Мұндай жағдайға тап болған шҽкірт имам Матуридиге шағымданады. Имам 
Матуриди қызметкердің ҽлімжеттігін айтып патшаға кісі салады. Алайда, патша 
Матуридидің бұл сҿзіне құлақ аспайды. Имам Матуриди патшаның бұл 
қылығана қатты ашуланса да, ашық наразылық білдірмейді. Халықты патшаға 
қарсы айдап салмайды. Тіпті, бұл амалдың ҽділетсіз екендігін білген патшаға 
теріс бата да жасамайды. Бірақ қол ұшын беру мақсатында шҽкіртіне қысым 
жасап үйін тартып алған қызметкерге амалсыз теріс батасын береді. Кҿп ұзамай 
патша қызметкері ауруға шалдығады. Аурудың себебін түсінген қызметкер үйді 
иесіне босатып берген екен. 
Бұхаралы Ҽбу Мұхаммед ар-Риғдамунидің (IV/Xғ.) айтуына қарағанда, 
билікпен қарым-қатынасы түзу болған Ҽбу Ахмед ҽл-Ийади, сол дҽуірдегі 
саяси жағдайға аса риза болмаған ұстазы имам Матуридиді бір қызметкердің 
үйіне қонаққа алып барады. Үйге кірісімен үй иесі ғалияны

ұсынады. Имам 
Матуриди қатты ашуланып, бұл хош иісті қолданудан бас тартады. Бұған 
қарамастан үй иесі имам Матуридидің рұқсатынсыз атының құйрық-жалына 
хош иісті ғалияны жағады. Үйіне қайтпақ болған имам Матуриди атының 
құйрық-жалынынан ғалияның иісін байқап қалады. Бұған ашуланған имам 
аттың құйрық-жалын жудыртады. Тіпті, жалыннан ғалияның иісі кеткенше 
орнынан тапжылмаған екен.
Бұл қиссалардан имам Матуридидің ҿмір сүрген дҽуірінде құрметті, 
абыройлы жҽне беделді тұлға екендігін байқаймыз.

Егер де үйге бай дҽулетті адам қонаққа келе қалса, «Ғалия» атты хош иісті ұсыну Самарқандықтардың дҽстүрі 
болған. 



Басқа бір қиссада имам Матуридидің Ислам ҽлемінде беделді, ғұлама 
екендігімен қатар қарапайым кҿппен бірге ҿмір кешкендігі баяндалады.
Бірде Бағдат халифасы Имам Матуридиден пҽтуа сұрау үшін Самарқандқа 
елші жібереді. Елші пҽтуаға жауап алу үшін (Имам Матуридидің) бау-
бақшасына барады. Беліне жүзім сабағын байлаған, басында қамыстан қайық-
кескінді бас киімі бар, жұпыны киінген, қарияны кҿреді, оған:
– Біздің Мҽулана (қолдаушы) қайда екен? – деп сұрайды. Қария:
– Біздің қолдаушымыз Аллаһ, – дейді. Сонда елші:
– Ал қожамыз (жол кҿрсетушіміз) қайда екен?
– Қожамыз – Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.), – дейді ҽлгі ақсақал.
– Ҽбу Мансур (Матуриди) қайда екен? – деп сұрады елші.
– Ол кісіңіз алдыңызда тұр, – деп жауап береді.
Елші алып келген пҽтуаның жауабын ақсақалдан алған кейін, ҿз жҿніне 
кеткен екен.
Сондай-ақ, Ҽбул Муин ҽн-Насафи имам Матуриди жайлы былай дейді: Ол 
пікірталастарда қарсыластарын уҽжге жығып, бар сұрақтарға егжей-тегжейлі 
жауап беретін. Оның пікірлеріне сүйсінген ұстазы Шейх Ҽбу Насыр ҽл-Ийади:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет