халқы бар, күшті және бәсекеге қабілетті елге айналуы керек, 2) дүниежүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіруІ керек, 3) сан-салалы экономика дамуы үшін қажетті адам ресурстарына ие болу керек, 4) қажетті инфрақұрылымы болуы тиіс 13. «2020 – көшбасшылыққа бастайтын қазақстандық жол» стратегиясына мерзімінен
бұрын қол жеткізілген уақыт: 2018 ж. 14. «2020 – көшбасшылыққа бастайтын қазақстандық жол» стратегиясы орнына
қабылданған жоспар: 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары 15. 2012 ж. желтоқсанда Елбасы Н. Назарбаев жариялаған ұзақмерзімді стратегиялық
жоспар: «Қазақстан - 2050» 16. «Қазақстан - 2050» стратегиясы белгілеген жаңа мақсат-міндеттер: 1) мықты мемлекет, 2) дамыған экономика, 3) жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру 17. «Қазақстан - 2050» стратегиясы бойынша Қазақстан 2050 ж. әлемдегі ең дамыған
неше мемлекет құрамына кіруі тиіс: 30 18. «Қазақстан - 2050» стратегиясы бойынша Қазақстан 2050 ж. дамыған 30 мемлекет
қатарына кіру үшін алдыға қойған 7 ұзақмерзімді басымдық: 1) жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген экономикалық прагматизм, 2) кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан- жақты қолдау, 3) әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік, 4) білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары, 5) мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту, 6) дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту, 7) жаңа қазақстандық патриотизм – көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі 19. Қазақстанның Үшінші жаңғыру үдерісі басталды: 2017 ж. басында 20. 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының басты мақсаты: адамдардың