Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет27/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 19 
Сайрамбайұлы ғылыми ұжымның ұйытқысы 
мен берекесі болған жандар. Олардың ж‰рген 
жерінде сыпайы салмақ пен сенімді сыйлас-
тық қатар ж‰ретін. Тіпті әлденеге көңілдері 
толмай ашуланған сәттерін жеңіл және жұм-
сақ әзілге орай салатын. Әсіресе, Тәкеңнің 
әзілдерінің астарында өкпе де, кісіні аяқ асты-
нан жұмсап жіберу де, әлдебір өтінішін астар-
лап, қыстыра салу да айналасына еш зілсіз 
қабылдана беретін. Бір-бірімен әзілі жарасқан 
Ағалар сол қазақы қалжыңның құдіретін 
өзерімен бірге ала кеткендей ме қалай, қазір 
солардың ізін басып келе жатқан, жұмыстан 
мұрындарынан шаншылған жастардың не 
қолдары тимейді, не әзілдеуді білмейді. Әй-
теуір, екінің бірі.
Шынында біздің ұрпақ нағыз жаны жай-
саң, ж‰регі ізгі, кісіге деген жақсы ниеттерін-
де ешбір несиелік байқалмайтын, айналасына 
тек кемелдікті көрсетіп, болмысындағы бар
кеңдікті паш етіп ж‰ретін азаматтардың қа-
сында ж‰ріп тәрбие алғанына риза. Бір қы-
зығы сол Ағалар жасы кішілермен бірінші 
амандасып, сәлем беретін. Сірә, «сөз анасы – 
сәлем» қағидасы олар ‰шін адамгершілік 
заңының басты бабы болу керек. Кейде осы 
к‰ні қызы болсын, ұлы болсын небір «м‰йізі 
қарағайдай» әріптес замандастарымыз шірене, 
сыздана өтіп бара жатады. Сен де амалсыз бет 
пердеңді алғың келмейді. Неге? Өйткені бәрі-
міздің жан д‰ниемізді іштарлық пен менмен-
дік вирусы жайлап алған... 
Осы к‰ні шәкіртке тән елгезектік пен сы-
пайылық формулада ғана қалып, қызметтері 
ауысып кеткен сияқты. Б‰гінгілердей емес, 
өйткені Тәкең сияқты ұстаздар кезінде өз 
ұстаздарын қатты қадірлеп, биікке қоятыны 
соншалық, ғылымдағы жетекшісі Мәулен 
Балақаев сынды ғалымның бейнесін талай 
жылғы әңгімелерінде әр қырынан танытып 
отыруға бейіл еді. Бұл да ғылымдағы ұстазы 
алдындағы игілік парызын өтеудің бір қыры... 
Адамдық пен ғалымдықтың қалыптасуы-
на ықпалы мол ғылымдағы жанашыр ұстаз 
еңбегін осылай танытып отыруы - Тәкеңнің 
жақсылықтың қарымын қай кезде болса қай-
таруға тиіс міндетім деп ұғуы. Оған дәлел
ұстазы М.Балақаев идеяларын дамытты, қы-
рықтан астам кандидаттық пен екі докторлық 
жұмыстың диссертациялық кеңесте тұсауын
синтаксистің ала жібімен байлап кескені, ‰л-
кен ғылым жолына қадамдарын нық бастыр-
тып жібергені де шәкірттеріне деген алдан-
байтын ‰міті мен сенімі еді.
Қазақ тілі синтаксисінің мамандары Қазақ-
стан ЖОО-ларында әлі де саусақпен санар-
лықтай. Алайда сол аз топтың ішінде Талғат 
Сайрамбайұлынан қорғаған филология ғы-
лымдарының кандидаттары мен докторлары 
синтаксис деңгейін тереңдетіп, оқу ‰дерісінде
пән өрісін кеңейтіп ж‰руі ұстаз жаққан шы-
рақтың сөнбес алауға айналуы. Осы ретте 
ғалым-ұстаздан асқан бақытты жан жоқ, сірә! 
Себебі, ол жазған ғылыми-зерттеу еңбектері,
сол еңбектерге с‰йеніп, ойы мен идеясын
дәйектеген ізденушілер, қала берді жылдан 
жылға көбейе беретін сан мыңдаған фило-
лог студенттер қолынан өтетін оқулық кітап-
тардағы ғалым-ұстаз ұсынған сарқылмас білім 
бұлағы... Талғат Сайрамбайұлының соңында 
қалдырған ғылыми мұрасының ерекшелігі міне, 
осында жатыр.
«Кемелдік» деген адам болмысының ерек-
ше қасиеті. Бұл - адамның қай жағынан болса 
да, толық жетіліп, арман-мақсаттарына жету 
жолындағы өзіне деген сенімділігі. Талғат 
Сайрамбайұлының өмірбаянындағы өзі айтып 
отыратын «жетімдік» осы «кемелдікке» әбден 
дайындап, пісіріп жеткізген. Өйткені жас кезі-
нен көрген қиындық келешектегі игілікті жа-
сау ‰шін өз к‰шіне ‰лкен сеніммен қарауға 
баулиды. Кейін қызығын көру, қызықтау де-
гендеріңіз біреулерге пайда бола салған, сый 
етіп бере салған д‰ниедей көрінуі м‰мкін.
Алайда ғылым жолындағы ғалымдардың іс-
теген еңбектерін салмақтау таразыға тән емес.
Ғылыми жұмыстың салмағын ғылыми орта-
дағы қажеттілік пен жылдарға жылыстаған 
уақыт қана екшеп өлшейді. Бұл әсіресе, тіл 
білімінде қиынның қиыны.
Қазақ тіліне қатысты зерттеу еңбектері өз 
топырағында ғана тамырланып, жеміс береді. 
Өз топырағы дегеніміз - сол тілде сөйлейтін 
қазақ ұлты. Қазақ тілші ғалымдарының тіл 
біліміне сіңірген ұшан теңіз еңбектері алды-
мен Қазақстан ғылымына тиесілі. Олай болса 
ғалымға құрмет ең бірінші өз әріптестерінің 
қолдауынан, мойындауынан көрінеді. Бұл ретте 
Талғат Сайрамбайұлының ғылымдағы іздері 
ескерусіз, назардан тыс қалған жоқ. Оның із-
деушілері де, сұраушылары да, жоқтаушылары 
да өзінің бауыр басқан ғылыми ортасын-ағы 
әріптестері мен қара орман шәкірттері.
Жалпы т‰ркі тілдері бойынша «к‰рделі сөз 
тіркестерінің синтаксисін» ұстазы М.Балақаев 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет