Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет38/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   446
30 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
сат етіп қояды. Осы бағыттағы ғалымның із-
деністері соңғы кезеңде қарқынды дамып келе 
жатқан коммуникативтік синтаксис мәселеле-
рін қамтитындығын көрсетеді.
Ғалым зерттеулерінде сөйлем м‰шелерінің 
теориялық мәселелері де сөз болады. Қазақ 
тіл біліміндегі сөйлем м‰шелерінің зерт- 
телу тарихы, тұрлаулы, тұрлаусыз м‰шелердің
жасалу жолдары, грамматикалық табиғаты, 
сөйлем м‰шелерінің құрылымдық типтері 
Т.Сайрамбаев еңбектері негізінде зерттелген.
Ғалым Т.Сайрамбаев «Сөйлемнің тұрлау-
лы м‰шелері» атты еңбегінде: «Баяндауышсыз 
жалпы (атаулы сөйлем болмаса) сөйлем құрал-
маса керек. Баяндауыш – қай сөз табынан бол-
масын бәрібір сөйлемді тиянақтау жағынан, оны 
сөйлем дәрежесіне жеткізу жағынан қандай тұл-
ғада, қай орында келуіне қарамастан басты 
тұлға. Дегенмен сөйлемді тиянақтау жағынан 
баяндауыш м‰ше басқа сөйлем м‰шелерінен 
жеке дараланады», – деп, маңыздылығын баса 
көрсетеді және баяндауыштың төмендегідей 
негізгі қасиеттерін санамалап береді: 
1. Баяндауыштың бастауышқа бағынышты 
сөйлем м‰шесі екендігі; 
2. Баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақ-
тайтындығы; 
3. Баяндауыш бастауыштың әр т‰рлі қа-
сиетін көрсететірдігі; 
4. Баяндауыштың бастауышпен жақ, көп-
ше, жекеше т‰рде ‰йлесуі; 
5. Предикативтілікті білдіруі; 
6. Сөйлемнің бас м‰шесі екендігі [1:93]. 
Ал ғалымның тұрлаусыз м‰шелердің тео-
риялық мәселеріне арналған зерттеулерінде 
сөйлемнің тұрлаусыз м‰шелерінің сипаты, 
олардың жасалу жолдары тармақталады [2;3].
Т.Сайрамбаев еңбектерінде жай сөйлемнің 
құрылымдық т‰рлері, олардың жасалу тәсіл-
дері, интонациялық, грамматикалық белгілері 
анықталып, сол негізде қазақ тілі білімінде 
жай сөйлемдердің грамматикалық бірізділігі 
сақталды. Мысалы, қазақ тілінің синтаксисіне 
арналған оқулығында ғалым бір ғана толым-
сыз сөйлемдердің табиғатын тану ‰шін мы-
надай анықтама береді: «Ойға қатысты м‰ше-
лері т‰гел айтылмаған олқы сөйлемдер толым-
сыз болады» [4:226-227]. Бұндай ойға қажетті 
сөйлем м‰шелерінің бірі жоқ болатын сөйлем-
дер, яғни толымсыз сөйлемдер туралы т‰рлі 
ыңғайдағы көзқарастар бар. Толымсыз сөй-
лемнiң «өмiр с‰руiн» контекспен және жағ-
даятпен байланыстырып, олардан тыс алғанда 
сөйлемнiң мағыналық құрылымындағы то-
лымсыздықты сол контекстегi бар сөзбен то-
лықтыру арқылы немесе жағдаяттық ыңғайда 
т‰сiнуге болады дейтiн пiкiрлер де кездеседi 
[5:16]. Бұл қысқаша шолу қазақ тіл білімін- 
де толымсыз сөйлемдердің тілдік табиғатын 
тануға бағытталған сан қырлы зерттеулердің
бар екендігін көрсетеді.
Ғалым зерттеулерінде тілдегі ықшамдау
‰немдеу заңдылықтары да сөз болады. Қазақ 
тіліндегі сөйлем құрылысының ықшамдалуы-
на қатысты Т. Сайрамбаев: «… синтаксистік 
экономияда да, негізінде, біріншіден, толық 
сөйлемнен толымсыз сөйлемге ауысу процесі 
пайда болады, екіншіден, белгілі бір сөйлем 
м‰шесі қызметіндегі сөздер т‰сіп қалуы – 
басты фактор, ‰шіншіден, т‰сіп қалған сөздің 
қызметін басқа сөздер уақытша атқаруға тиіс 
болады, төртіншіден, соңғы қызмет атқару- 
шы сөздің семантикасы бұрынғыға қарағанда 
қалай да молая т‰седі, бесіншіден, т‰сіп қал-
ған сөз көбіне сөйлем мағынасынан белгілі 
болып тұрады, алтыншыдан, ондай экономия-
ға т‰сетін сөз таптары көбіне зат есімдер, ал 
зат есім орнына жұмсалатын сөз таптарының 
көбіне бұрын анықтауыш қызметінде жұмса-
луға тиісті сын есімдер, сан есімдер, есімше 
және кейде кейбір көмекші сөздер т‰йдекті 
тіркестер құрамында ғана жұмсалады…», - 
деп көрсеткен [6:135-136].  
Сөйлемнің нақты коммуникативтік бірлік 
(айтылым) ретінде қолданылуы сөйлемнің қо-
ғамдағы негізгі қызметтерінің бірін құрайды. 
Ол синтаксистік ж‰йеде екі жағынан, сөйлем 
және айтылым арасынан көрінеді. Сөйлемді 
қатысымдық құрылым (коммуникативтік ас-
пект) тұрғысынан зерттеу дегеніміз, сөйлемді 
адамдардың пікір алмасуы кезінде пайдала-
нылатын құрал ретінде қолданғанда болатын 
логикалық байланыстар ыңғайында зерттеу 
болып шығады. Сөйлемнің шегі мен айтылым-
ның шекарасы бір-біріне тура келмеуі м‰мкін. 
Біртұтас грамматикалық құрылым хабарлау-
дың бөлек қатары болып бөлшектенуі м‰мкін, 
бұндай көрініс лингвистикада «парцелляция» 
деп аталады. Парцелляция – стильдік-экспрес-
сивтік мақсатта сөйлемді ерекше интонация 
арқылы әдейі жеке бөлшектерге, фразаларға 
бөліп айту [7:247]. Орыс тіл білімінде жеке-
леген зерттеулерде бұл құбылысқа қатысты 
жалпылама т‰сінік берілгенімен, арнайы зерт-
теу нысаны болмағаны белгілі. Қазақ тіл білі-
мінде «парцелляция» құбылысының табиғаты-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет