Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет423/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   446
336 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
Kazaks» деген бір сөйлемді алайық, ағылшын 
тіліне де ұқсамайды, қазақ ономастикалық 
атауларының латын қаріптерімен берілген 
орысша т‰сіндірмесі сияқты, себебі ағылшын 
тілінің ішкі заңдылықтары мұндай «оконча-
ниелерді» тіпті көтермейді. Бұл кітаптың өн 
бойы осындай қателерге толы.
Кісі есімдері мен жер-су аттарын қазақша 
жазуды біріздендіру проф. Т.Жанұзақтың 
«Адамдарға айшықты ат жарасқан» деген ма-
қаласында көрсетілгендей [14] толық шешімін 
тауып ‰лгермесе де, бірқатар ж‰йеге келтіріл-
ген сыңайлы, енді олардың орыс тілінде т‰п-
нұсқаға жақын жазылуын қалыптастыру қа-
жет. Дегенмен, қазақ атауларын орысшалауда 
да қазақша нұсқаға жақындау басталды. Осы 
2004 жылы орыс тілінде шыққан Қазақстан 
картасында [15] бұрынғы бұрмаланып жазы-
лып келген топонимдердің Жанакорған, Жай-
лауколь, Ушарал, Шымкент, Карағанды, Шиели, 
Байконыр, Кокшетау, Жамбыл т.б. болып, ай-
тарлықтай жөнге келіп қалғаны байқалады. 
Бұл әрине, көңілге демеу, дегенмен, к‰нде-
лікті қолданыстағы өзгеріс мардымды емес, 
себебі қадағалаудың “білегінде” к‰ш жоқ. Ал 
орфографияның алдымен қазақшасы, соң 
орысшасы нақты ж‰йеге келтірілген болса, 
оларды ағылшын тілінде (басқа да тілдерде) 
транслитерациялау – ‰шінші міндет – қиын-
дықсыз шешім табар еді. 
Қорыта келе ХХІ ғ. лингвистикасының 
перспективалары, оның басты бағыттары мен 
әдістері жөнінде тілші-ғалымдар сөз қозғаған-
да тілді зерттеудегі дәст‰р бір жағынан сақ-
талып, екінші жағынан бұрынғы жетістіктер-
дің жетіле т‰сетіндігін айтады, яғни жалпы 
ғылымдағы іргелі принцип – ол сабақтастық-
тың сақталуы. 
Келешектегі лингвистикалық ізденістерде 
басым бағыттардың орнына тілдік нысана-
ларды зерттеуде кешенділік орын алмақ. ХХ ғ. 
аяғы мен ХХІ ғ. әлемдік лингвистикада жаңа 
ғылыми концептуалды парадигма – антропо-
центристік, этноцентристік бағыт бой көтеріп, 
ұлттық лингвистикаларға, оның ішінде қазақ 
лингвистикасындағы зерттеулерде де тілдегі 
адами факторларға қазірдің өзінде басымды-
лық беріле бастады. Лингвистикалық зерттеу-
лердің басты нысаны «тілдік тұлға» (языковая 
личность) болғандықтан адами факторға 
с‰йенетін адам тіршілігінің ойлау, сөйлеу 
аспектілерімен байланыста антропоцентрис- 
тік бағыт к‰шейе т‰сті, өйткені тіл деген 
феноменнің өлшемі де, ғаламның, «әлемнің 
тілдік бейнесінің» көрсеткіші де осы адам- 
ның өзі. 
_______________________________ 
1. Атамекен атаулары. Астана: Ақмола полиграфия, 
1999 
2. Ономастикалық хабаршы, Астана, 2005 №2 (4) 
3. Ономастикалық хабаршы, Астана, 2005 №1 (3) 
4. Ономастикалық хабаршы, Астана, 2004 № 1 
5. Ономастикалық хабаршы, Астана, 2004 №2
6. Терминологиялық жинақ. – Алматы: Сөздік-Сло-
варь, 2002 
7. Жанұзақ Т. Рысберген Қ. Қазақ ономастикасы: же-
тістіктері мен болашағы. – Алматы: Азия, 2004 
8. Жанұзақ Т. Қазақстан географиялық атаулары. Ал-
маты облысы. – Алматы: Арыс, 2005
9. Мәдиева Г., Иманбердиева С. Ономастика: зерттеу 
мәселелері. – Алматы: Атамұра, 2005 
10. Ә.Нұрмағамбетұлы, Жер-су аты тарихтың хаты. 
Алматы: Балауса, 1994 
11. Атаулар сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2004 
12. Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері (Респуб-
ликалық ғылыми-практикалық конференцияның материал-
дары). – Астана: Ақжол-баспа, 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет