Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет429/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   446
342 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
ныс аясында жұмсалады. Біз сол сөздерді
меңгерту арқылы студенттердің сөздік қорын 
‰немі толықтыруға тырысамыз. Терминдерді 
жалаң жаттап алу, оны қатысымда қолдана 
алмау тіл ‰йренушілер ‰шін ешқандай нәтиже 
бермейтіндігі белгілі. Сондықтан алдымен сол 
сөздердің, сөз тіркестерінің мағынасын т‰сі-
ніп сөйлемдерде дұрыс қолдана білуге дағ-
дыландыру керек. 
«Айтайын деген ой ұғынықсыз болса, оны 
екінші адам т‰сінбесе, тілдік коммуникация 
ж‰зеге аспайды» деп Ф.Ш. Оразбаева атап 
айтқандай, студенттің сөйлемдерді қатесіз 
құрап ойын дұрыс айтуына дағдыландырудың 
маңызы өте зор/3.78/. 
Жоғарыда айтқанымыздай кәсіби қазақ 
тілін оқыту барысында сөз тіркесін ‰йрету-
дің маңызы ерекше. Өйткені сөздердің жеке
тұрғандағы мағынасы мен тіркес сыңарында 
тұрып беретін мағынасы бірдей бола бер-
мейді. Мысалы:
Толқын- әуе толқыны, электрогмагниттік 
толқын т.б. 
Энегия- электр энергиясы 
Желі- электр желісі
Қуат- электр қуаты 
Сан -сандық байланыс 
Өріс – магниттік өріс 
Көз- қуат көзі
Сөздердің тура және ауыспалы мағына-
сын, көп мағыналы сөздерді, синоним, анто-
ним, омоним сөздерді меңгерту студенттердің
қазақша дұрыс сөйлеуін қалыптастыруға игі 
ықпал етеді. 
Қазақша сауатты сөйлеу ‰шін, сөйлемдегі 
сөздердің орын тәртібін білу қажет. Сонымен 
қоса, сөздерге жалғанатын қосымшаларды дұ-
рыс қолдану сөйлеушінің ойын анық етеді. Сон-
дықтан студенттерге қазақ тілінің ‰ндестік 
заңын және сөйлем м‰шелерінің сөйлемдегі 
орнын меңгертуге көңіл бөлген жөн. Адамның 
ойын жеткізу ‰шін сөйлем басты орын алады. 
Қазақ тілінің айтылым нормасын меңгер-
туде студенттер қазақ тіліне тән белгілерді 
ескергені дұрыс. Лексикалық және граммати-
калық мағына негізінде сөздің беріп тұрған 
мағынасы анықталады. Сондықтан сөздің ма-
ғынасын т‰сінбей оны қолданудың нәтижесі 
болмайды.
Әсіресе техника саласында кірме сөздер
жиі кездеседі. Олардың кейбіреулері қазақ 
тілінің дыбыстық нормасына икемделіп, қол-
данысқа т‰сетінін байқауға болады.
Мысалы: дуга-доға, кабель - кәбіл,номер-
нөмір, ток-тоқ, станция – стансы, почта –пошта 
т.б. Ал фонетикалық өзгеріске т‰спей, сол
к‰йінде қолданатын терминдер саны көптеп 
саналады: фототелегафия,радио, банде-роль, 
телефон, факс, телефонограмма, электро-тех-
ника, электромагнит, телеграф, акустика, про-
грамма, автоматты телефон, т.б. Сонымен қа-
тар, өзге тілдегі атаумен қазақ сөздерінің бірігуі 
арқылы қолданысқа енген сөздер де бар: ра-
диохабар, телеарна, радиобайланыс. Мұндай 
сөздерді меңгерту барысында олардың жасалуы 
жолдарын т‰сіндіндіріп отырған жөн. Мысалы 
«Радиотехника», «Радиобайланыс негізін қа-
лаған ғалым», «Радиоэлектроника – ел келе-
шегі», «Физика және техника» тағы басқа та-
қырыптарды өткенде ескеру қажет.
Сонымен қатар, қатысымға тусуге қажет
бірнеше дайын формадағы тілдік құралда-
рының ‰лгілерін қолдану қажет: 
У+ керек /интернет байланысын пайдалану 
керек; 
У+ҒА болады / ұялы байланысты пайда-
лануға болады; 
У+ҒА болмайды/ жылдамдықты арттыруға 
болмайды; 
У+ ‰шін қажет / техниканы жетілдіру ‰шін; 
ҒЫ+М келеді / ұялы телефонды пайдалан-
ғым келеді; 
ҒЫ +Ң келеді /жаңа ақпарат бергің келеді; 
ҒЫ+СЫ келеді/ инженер болғысы келеді; 
Кейбір сөздерге әсіресе, орыс тілінен енген 
сөздерге қосымшалардың дұрыс жалғанбауы 
‰ндестік заңын жетік білмеуінен келіп туады. 
Сондықтан әр тақырып барысында кездесетін 
жаңа сөздерге жалғанған қосымшалар жайлы
т‰сініктеме берілген жөн. Ондағы септік жал-
ғауларын, жұрнақтарды ‰ндестік заңына қа-
рай жалғау заңдылығы ешқашан назардан тыс 
қалмауы тиіс. Ал кірме сөздерге қосымша-
ларды жалғауға қатысты ақпараттар да қам-
тылып отырғаны абзал. – Мен; -бен, -пен кө-
мектес септігінің ‰ндестік заңына бағынбай-
тын қосымшалар қатарына жататынын да
ескеріп отырамыз. Мысалы, мәтінде кездесе-
тін жаңа сөздерге жалғанған қосымшалардың
‰ндесуіне талдау жасай кету артық болмайды.
Телефон аппаратымен, шақыру сигналда-
рымен, программалық модульмен, электро-
магниттік индукциялармен, айнымалы тоқ-
пен, синхронды генератормен т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет