Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет435/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 347 
табынан жасалғанына және қалай аударылға-
нына назар аударамыз.
Келесі қадам – есімшелерден болған анық-
тауыштардың жасалуына және оларды аудару 
жұмысына машықтандыру болмақ. 
Аударма жұмысы, ең алдымен, жеңіл жат-
тығулардан орындаудан басталады. Бұл тап-
сырма есімшелі құрылымдарды бірден тануға
және аударма жасауда автоматты түрде дұ-
рыс тәржімалауға, сөйлемде өз орнына қоюға 
машықтандырады. Мысалы, төмендегі жат-
тығу атрибуттық тіркестерді аударуға және 
есімшелі анықтауыштарды аудару ерекшелігін 
меңгертеді. 
1. Анықтауышты сөз тіркестерін аудары-
ңыз. Анықтауыштың қай сөз табынан жасал-
ғанын түсіндіріңіз. 2. Есімшелі анықтауыш-
тар бар ма, астын сызыңыз. 
Прекрасная память, сорокоградусная жара, 
ласковый голос, меховое пальто, проверенная 
работа, чтение вслух, любой гражданин, словарь 
друга, мой реферат, ученый с мировым именем, 
древний город, профессор кафедры, исследова-
ния в области физики, лектор по политологии, 
научная конференция, медвежья шкура, богатей-
шая страна, уникальная история. 
Жаттығудың тағы бір түрі – 1. Есімшелі 
сөз тіркестерінің қазақ тіліндегі сәйкес бала-
масын тауып қойыңыз. 2. Есімшелі анық-
тауыштарыдың ырықсыз етістен жасалған 
түрлерін табыңыз. Мысалы: Описываемая 
история – айтылған сөз 
Создаваемый проект – мойындалған қате 
Проводимая политика – суытылатын 
тағамдар 
Выписываемая цитата – сипатталған оқиға 
Наблюдаемый процесс – жасалатын жоба 
Привозимые подарки – жүргізілетін саясат 
Произносимые слова – әкелінетін сыйлық-
тар 
Признаваемая ошибка – алынатын цитата 
Охлаждаемые продукты – бақыланатын 
үдеріс [38; 1] 
 Кез келген сөз табының ерекшелігі оның
сөйлемде атқаратын қызметіне байланысты.
Осы тұрғыдан салыстырсақ: орыс тілінде–
дара есімшелер (одиночные причастия) синтак-
систік қызметінде анықтауыш (спящие люди), 
күрделі есім баяндауыштың құрамында есім 
сыңары (Отец был уставшим), бастауыш (Уча-
щиеся этой школы), толымсыз формада баян-
дауыш (город основан), толықтауыш (Мы раз-
будили спящего) болады. Орыс тіліндегі есімше 
тұлғаларының бәрі бірдей қазақ тіліне есімше 
болып аударылмайтынына осы мысалдар ар-
қылы көз жеткіземіз. Бұл грамматикалық пы-
сықтаулардың көмегі зор, себебі мамандық-
тары филологиямен қатысты болмағандықтан 
тіл үйренушілердің дені бұларды ұмытып қа-
лады немесе мүлдем мән бермейді. Ал сөйлем құру 
барысында бұл кемшіліктер бірден көзге түседі. 
Аударма жұмысында есімшелер арқылы 
келген анықтауыштар әрдайым өзі алдында 
тұрған заттың тікелей сыны болмайды. Атап 
айтқанда, оларды: 1) субъектінің іс-әрекетке 
қатысты сыны (оқыған адам); 2) субъектінің 
іс-әрекет объектісіне қатысты сыны (лекцияны 
жақсы оқитын профессор); 3) іс-әрекет объек-
тісінің сыны (біз құрметтейтін адам, мен тұ-
ратын жатақхана); 4) объекті сыны (жуылған 
еден) деп қарастыруға болса, аударма жаса-
ғанда, бұлардың ішінде тек алғашқысы мен соң-
ғысы орыс тіліндегі есімше формаларына сәй-
кес келеді. Мысалы: оқыған адам – начитанный 
(ученый) человек, лекцияны қызықты оқитын 
профессор – профессор, который интересно 
читает лекцию, немесе, профессор у которого 
интересные лекции, мен тұратын жатақхана – 
общежитие, в котором я живу.
Демек анықтауыштық құрылымдардың 
бірде тек есімшелердің, енді бірде орыс тілін-
дегі есімдіктер көмегімен аударылуы есімше-
лердің мағынасына ғана емес, есімшелі анық-
тауыштардың құрамына да тәуелді болады.
Сонымен қатар есімшелер белсенді әрекет 
сынын білдіруіне байланысты актив және пас-
сив немесе ырықсыз (орысшасында страда-
тельный) есімшелер болып бөлінеді. Мысалы: 
кітап оқыған студент (актив), студент оқыған 
мақала (пассив). Актив есімшелер салт, са-
бақты етістіктерден бірдей жасалып, толым-
ды есімшелерді құраса, ырықсыз есімшелер яғни 
пассив субъектінің анықтауыштары тек салт 
етістіктерден болады әрі салт және сабақты 
етістіктерді қамтиды.
Қазақ тілінде есімшелер актив немесе пас-
сив болып бөлінбейді. Алайда орыс тіліндегі 
(страдательный) есімшелер қазақ тіліне ырық-
сыз есімше болып аударылады. Қазақ тілінде 
есімшелер үйірлі анықтауыш болып келеді, 
мысалы: Статья, переводимая студентом, напи-
сана на японском языке – Студент аударған 
мақала жапон тілінде жазылған. Субъект – 
предикат түрінде келгенмен бұл құрмалас емес, 
жай сөйлем, грамматикалық терминмен айт-
қанда, үйірлі мүше. Тапсырма: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет