Алматы №1 (135) 2012


қой, еттің еті бір бөлек, с‰йегі бір бөлек,  сорпасы бір бөлек боп әбден  «есеңгіреп»



Pdf көрінісі
бет60/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   446
қой, еттің еті бір бөлек, с‰йегі бір бөлек, 
сорпасы бір бөлек боп әбден 
«есеңгіреп» 
пісіпті (О. Әубәкіров, 49 б.). «Ет пісірім» – 
халықтық уақыт өлшемі: шамамен бір тамақ 
пісетін уақыт [3, 170 б.], «ет пісірім уақыт» 
ҚТФС-да жоқ, УФ қатарына енген ауызекі 
сөйлеу тілінде жиі қолданылады. Қалыпты 
қолданыстағы бұл тіркеске қосымша «тас», 
«есеңгіреп пісіпті» сөздері қосылып, жайма-
лану арқылы жасалған ОФТ-сы «өте көп 
уақыт өткендігін» білдіреді. 
Осылайша, фразеологизмнің экспрессивті-
стилистикалық реңкін, мағынаның бағалауыш-
тық компонентінің өзектіленуін өзгерте оты-
рып, оның семантикасын к‰шейту немесе әл-
сірету, нақтылау мақсатында өзектілеудің осы 
т‰рі қолданылады. Осыған байланысты біз 
қарастырып отырған ФТ-ның өзектіленуінің 
құрылымдық-семантикалық осы т‰рі және се-
мантикалық тәсілдер аралығындағы ауыспалы 
тәсіл болып саналады. Окказионал ФТ-ның 
өзектіленуінің бір тәсілі болып саналатын плео-
назм ФТ-ның денотативті мағынасын өзгерту-
ге емес, белгілі бір стилистикалық, эмотивті
әсерге қол жеткізу мақсатында қолданылады. 
Плеоназмның атрибутивті, объектілік, ФТ 
толықтауыштық кеңеюі сияқты т‰рлері бар. 
Нақтылаушы сөздердің енуінің нәтижесінде 
ФТ-ның негізгі тұрақты м‰шелерінің мағы-
насы нақтыланады, ФТ образды немесе эмо-
циялық-экспрессивтік негізі жандана т‰седі. 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 49 
Кейде ФТ-ның мазмұны тұрғысынан алғанда 
жаңа енгізулер артық болып келеді, себебі олар 
тұлға мағынасына ешқандай өзгеріс енгізбейді, 
ал оның көркемдігі тұрғысынан алғанда тиімді, 
себебі олар фразеологизмнің мағынасына жаңа 
эмоциялық-экспрессивті реңк береді, тіркестің 
прагматикалық әлеуетін және суреттеліп отыр-
ған оқиға немесе құбылыстың эмотивтілігін 
арттырады. 
______________ 
1. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық т‰сіндір-
ме сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1998. – 304 б. 
2. Шкляров В.А. Современный русский язык. Лексика. – 
М.: Просвещение, 1977. – 337 с. 
3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – 
Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б. 
4. Шаранда Г.И. Фразеология в произведениях Ганса 
Фаллады: Дис. канд. филол. наук. – Минск: Наука, 1966. – 200 с. 
5. Покрасс Г.С. Некоторые средства и речевые приемы 
создания комического в советском фелетоне. – М.: Изд. 
Моск. ун-та, 1970. – 235 с. 
6. Мокиенко В.М. Славянская фразеология. – М.: 
Высшая школа, 1989. – 287 с. 
7. Сәрсенбаев О. Г‰лжаһан. Таңдамалы шығармалар:
2 томдық. – Алматы: Жазушы, 1992. – 1 т. – 428 б. 
8. Ахмади Ж. Ж‰рек қартайса, ажал аңду салады. – 
Алматы: Қайнар, 2000. – 192 б. 
9. Әубәкіров О. Мың мінездеме. – Алматы: Жазушы, 
1989. – 239 б. 
10. Әмірбек К. Мың бір мысал. – Алматы: Жазушы, 
1991. – 187 б. 
11. Тұрлыбек Д. Қазақы қалжыңдар. – Алматы: Нұрлы 
Әлем, 1999. – 16 б 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет