50 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 сөз тіркесін құрауға ұйытқы болады. Мұндай
басыңқылық қасиет сөз таптарының кейбіреу-
леріне ғана болмаса, барлығына бірдей тән
емес. Мәселен, сын есімдер мен сан есімдер
өздерінің табиғаты жағынан, зат есімді сын-
дық, сапалық, сандық, мөлшерлік белгілері
мен қасиеттері жағынан айқындайтын сөздер,
соңдықтан да олар зат есімнің жетегінде ай-
тьшып, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарында
жұмсалады да, ал зат есімдер негізгі, ұйытқы
сыңар ретіңде басыңқы сыңар қызметінде
қолданылады. Соңдай-ақ ‰стеулер қимылға
тән сапаның сапасын білдіретіндіктен, елік-
теуіш сөздер – етістіктерді мәнерлі т‰рде
еліктеу жағынан сипаттайтын болғандықтан,
сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларында жұм-
салуға бейім тұратын сөздер. Бірақ бұдан зат
есім мен етістіктен басқа сөздер тобы мен сөз
таптары сөз тіркесінің басыңқы сыңарында
м‰лдем қолданылмайды деген қорытынды
шықпаса керек. Ретіне қарай олар да басыңқы
сыңар қызметінде жұмсалады: бізден жоғары, сізден төмен, олардан ілгері ‰стеулі сөз тір-
кестері, іске епті, Құралайдан сымбатты сын есімді сөз тіркестері, сізден оқыған, ауыл- дан келген есімшелі сөз тіркестері. Алайда
‰стеу мен сын есімнің, сондай-ақ есімшенің
басыңқы сыңар қызметінде жұмсалуы олар-
дың негізгі қасиеті мен белгісі емес, қосалқы,
қосымша қасиеті, сондықтан да бұлар сөз
тіркесін жасауға негіз, ұйытқы болатын сөз
табы не сөз тобы ретінде айтарлықтай көрініс
таба алмайды.
Т‰ркі тілдерінің бір саласы, қазақ тіл білі-
міңде сөз тіркесін басыңқы сыңардың мағы-
налық қасиетіне қарай топтастыруда кейбір
ерекшеліктер байқалады. Мәселен, К. Аханов
пен М. Серғалиев есімді, етістікті сөз тір-
кестерінің ‰стіне «‰стеулі сөз тіркестерін»
қосса, ал Т. Сайрамбаев, М. Балақаевтың «Ор-
тақ меңгеру» деген пікірін негізге алып, есім-
ді, етістікті сөз тіркестерінің қатарына «ортақ
басыңқы сөз тіркестерін» қосқаңды құптайды.
М. Балақаевтың пікірінше, «ортақ меңгеру»
т‰птеп келгенде, есіммен көмекші етістіктің
табыс септікті сөзді меңгерген т‰ріне тән. Б‰л
орынды да, өйткені меңгерудің мұндай т‰-
рінде табыс септікті сөзді есім де емес, көмек-
ші етістік те емес, тек екеуінің ортақтасқан
тобы ғана меңгере алады: оларды қонақ етті, өткендерді ойға алды, оларды «жатақ» дей- ді, қайтқанын мақұл көрді т.б. Ал меңгерудің
басқа т‰рлерінде, сондай-ақ қабыса, матаса,
байланысқан сөз тіркестеріңде мұңдай ерек-
шелік байқала бермейді. Салыстырып көрелік:
іске епті болатын іске епті, ұжымға м‰ше еді ұжымға муше, одан көрікті болатын одан көрікті, білімді жігіт еді білімді жігіт, ауыл- дың сұлуы еді ауылдың сұлуы т.б. Осы аталған
сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларының құ-
рамынан көмекші етістікті алып тастағаннан
сөз тіркесінің тұрқы бұзылмайды, басқаша
айтқанда, сөз тіркесінің меңгеру, қабысу, ма-
тасу деген т‰рлері сол калпында қала береді,
тек шақтық қасиеті жағынан ғана өзгеріске т‰-
седі. Мәселен, ұжымға м‰ше еді өткен шақ-
ты, ұжымға м‰ше осы шақты, ұжымға м‰ше болмақ келер шақты, сондай-ақ білімді жігіт еді өткен шақты, білімді жігіт осы шақты
білдіреді. Демек, бұл табыс жалғаулы сөзді
меңгеріп тұрған есім мен кемекші етістіктің
ортақтасқан тобынан бас қаларының ортақ
басыңқы сөз тіркестерін құруға ауыз толты-
рып айтарлықтай емес екендігін көрсетеді.
Шыңдығында, мұндай сөз тіркестерінің сөз
тіркесі болып құрылуына кемекші етістіктер-
дің қатысы жоқ десе де болады, өйткені атал-
ған сөз тіркестерін жоғарыдағыдай көмекші
етістіктерді қатыстырмайақ бірыңғай таза
есімді сөз тіркесі т‰рінде де қолдануға бо-
лады. Бұл мұндай сөз тіркестерінің жасалуына
т‰йдекті тіркес құрамындағы кемекші етістік-
тер емес, есімдер, яғни олардың лексикаграм-
матикалық мағынасы, сөз табы ретіндегі кате-
гориялық мағынасы тікелей әсер етті деген
сөз. Бірақ осыған қарамастан, басыңқы сы-
ңары есім мен көмекші етістіктің ортақтасқан
тобы болып келетін білімді жігіт еді, маған дос болатын сияқты сөз тіркестерін шартты
т‰рде «ортақ басыңқы сөз тіркестері» деп
тануға болатын тәрізді. Өйткені м‰ңдай типті
сөз тіркестері мақсатқа орай тілімізде кеңінен
қолданылады.
«Сөз тіркесінің құрылымдық типология-
сын жасауда зат есім мен етістіктің алатын
орны ерекше. Өйткені сөз тіркесінің құры-
лымдық ерекшеліктері осы өзекті екі сөз та-
бына негізделеді» (М. Балақаев). Алайда зат
есім мен етістіктер бағыныңқылық қызметте
ж‰мсалатын сөздермен қалай болса солай,
ретсіз тіркесе бермейді. Олардың тіркесуінде
белгілі бір заңдылықтар болады. Ол, бірін-
шіден, сөздердің грамматикалық сипаты мен
олардың сәйкестілігі арқылы, екіншіден, ма-
ғына жақындықтары мен ‰йлесімділігіне орай,
‰шіншіден, грамматикалық сипаты мен мағы-