Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 23 4. Айтбайұлы Ө. Тіл ғұмырлар. Алматы, 2011.
5. Сайранбаев Т, Сөйлемнің тұрлаулы м‰шелері. Ал-
маты, 1991.
Тасымов Асылбек. Талгат Сайрамбаев – знаток раздела синтаксиса казахской языкознании. Tasymov Asylbek. Talgat Sayrambaev - an expert of the syntax section of the Kazakh language Т. Н. Ермекова ҚазМемҚызПУ профессоры, ф.ғ.д., ken_tina@mail.ru CИНТАКСИСТІК Ж‡ЙЕНІ ТҰТАСТЫРА ЗЕРТТЕУШІ ТҰЛҒА Қазақ тіл ғылымының синтаксис саласы –
ерекше бағы бар сала. Қазақ лингвистика ғы-
лымының негізін қалаушылар А.Байтұрсынов,
Қ. Жұбанов, С. Аманжоловтар салған сәулет-
ті соқпақтан бастау алып, қазақ тіл ғылымын-
дағы тұңғыш академик Н. Сауранбаевтың док-
торлық диссертациясының құрмалас сөйлемге
арналуы, профессор М.Балақаевтың сөз тір-
кесі синтаксисін қалыптастыруы, д‰ниеден өт-
кен қазақ тіл білімінің көрнекті тұлалары
М. Серғалиев, Т. Сайрамбаев, Ә. Аблақов,
Қ. Есеновтер мен б‰гінгі корифейлері
Р. Сыздық пен Р. Әмір, сондай-ақ профессор
Б. Шалабай мен Ж.Жақып сынды талантты
ғалымдарының қалам тезіне т‰скен сала! Ке-
ңестер Одағы тұсында бір саладан 7-8 док-
торы болған қазақ тіл білімінің саласы кемде-
кем. Мұндай ғылыми әлеует т‰ркі тілдес өзге
мемлекеттерде де некен-саяқ еді. Құрылым-
дық грамматика ‰стемдік құрған өткен ғасыр
тілдік зерттеулерді шектеді, тар шеңберде
қарады, тек соңғы жылдары келген антропо-
центристік парадигма ғана кең өлшемді, то-
лыққанды зерттеулерге жол ашты деп жата-
мыз. Ал адамзаттың сөйлеу прцесінен туын-
дайтын объектіні нысан ететін грамматиканың
синтаксис саласы сол ғасырдың өзінде-ақ ға-
лымдарды әлдеқайда «жанды» салаларға же-
теледі. Алғашқы ғылым әлеміндегі қадамда-
рын синтаксистен бастаған ғалымдар М. Бала-
қаев, Р. Сыздықова, М. Серғалиев, Б. Шалабай
еңбектерінің тіл мәдениеті, стилистика, мәтін
теориясы т.т. сияқты адам арқылы зерттелетін
салаларға ауысуы кездейсоқ құбылыс емес.
Сондықтан да қазақ синтаксисінің мектебі
қашан да өзекті, қашан да мәртебелі!
Осы қазақ синтаксисі мектебінің дамуына
профессор Т. Сайрамбаевтың қосқан ‰лесі
зор. Ол жөнінде ғалым Б. Шалабай былай
дейді: «Т.Сайрамбаев – қазақ тілі синтаксисі-
нің ірі маманы, ол – ұстазы, қазақ тіл білі-
мінде «Сөз тіркесі» ілімінің негізін салушы
және сөз тіркесі синтаксисінен өзінің мектебін
қалыптастырған ірі ғалым, профессор Мәулен
Балақаевтың ілімін ары қарай дамытушы,
соны жалғастырушы шәкірттерінің бірі, тіпті
бірегейі деуге болады»[1].
Расында да ғалым Т. Сайрамбаев өз ұстазы
М. Балақаевтың сөз тіркесі синтаксисіне
қатысты теориялық тұжырымдарын одан әрі
дамытты. Әсіресе Т.Сайрамбаев есімі қазақ
тіл білімінде сөз тіркесінің жалпы мәселелері-
мен бірге к‰рделі сөз тіркестерімен байла-
нысты аталады. Докторлық диссертациясына
арқау болған бұл тақырыпқа қатысты бірнеше
көлемді зерттеу еңбегін арнады. «К‰рделі сөз
тіркестерінің кейбір мәселелері», «Қазіргі
қазақ тіліндегі к‰рделі сөз тіркестері», «Струк-
турно-семантические типы сложных словосо-
четаний в современном казахском языке»
деген атпен жарық көрген еңбектерінде к‰р-
делі сөз тіркесінің типтері мен байланыс фор-
маларына, тіркестің к‰рделену процесіне қа-
тысты ашқан жаңалықтары мен тілдік факті-
лер негізінде жасаған тың тұжырымдары кеңес-
тік ғалымдар тарапынан да қолдау тапты.
Ұзақ жылдар бойы зерттеу ж‰ргізу нәти-
жесінде ұсынған докторлық диссертациясы
мен соның негізінде жазылған монография-
сында к‰рделі сөз тіркестерін есімді к‰рделі
сөз тіркестері және етістікті к‰рделі сөз тір-
кестері деп екі топқа бөліп, әр топтағы тіркес-
тердің құрылымдық-семантикалық, функцио-
налдық ерекшеліктеріне мән береді. Бұл кез-
де, әсіресе к‰рделі зат есімді тіркестерге қа-
тысты еңбектер мардымсыз еді. Профессор
М. Балақаев тілде мұндай сөз тіркестерінің
бар екендігін атап өтсе [1], К. Бейсембаева