Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет33/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 25 
ғалым Б. Шалабай жоғарыда аталған мақалада 
былай дейді: «...соңғы кездері синтаксисті 
дәст‰рлі құрылымдық зерттеуден өзге функ-
ционалдық тұрғыдан зерттеуге, тілдік тұл-
ғаларды мәнмәтіндік аяда қарастыруға да кө-
ңіл бөле бастап еді. Сол тұрғыдан бірнеше ма-
қалалар жазумен қатар, «Тіркесімділіктің 
дистрибуциясы» (2004), «Жақ категориясы-
ның функционалдық көрінісі» (2005) атты 
көлемді еңбектерін де қалдырып кетті. Сту-
денттер мен магистранттарға оқыған дәрісте-
рінде синтаксистік бірліктердегі жаңа құбы-
лыстарға ден қойып, зерттеу ж‰ргізе бастап 
еді»[1]. Ғалым Т. Сайрамбаев ғылымдағы 
жолын сөз тіркесі синтаксисінен бастап, жай 
сөйлем синтаксисі, кейіннен құрмалас сөйлем 
синтаксисіне де қатысты (шәкірті профессор 
Б. Сағындықұлымен бірге) еңбек жазып, син-
таксистің бұл саласы бойынша да шәкірт
тәрбиелеген ғалым. Олай болса, ғалым
Т. Сайрамбаев мұрасы – біріне-бірі жалғасып, 
бірінен-бірі туындап жататын синтаксистік 
ж‰йені тұтастыра қарау мұратынан туындаған 
қыруар еңбек, сапалы биіктер. 
Ғылымда 40 астам шәкірт дайындап, өзінің
ғылыми мектебін қалыптастырған Т. Сайрамбаев 
саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне, еліміздің 
білім беру ж‰йесіне, маман даярлау ісіне
өмірінің соңына дейін аянбай тер төккен,
әсіресе Қазақстан жоғары оқу орындарының
альмаматері – әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-
да кафедра меңгерушісі, профессор, қазақ және 
т‰ркі тілдері мамандығы бойынша докторлық 
кеңестің төрағасы ретінде аянбай еңбек етті.
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» 
деген халық даналығы тегіннен тегін айтыл-
маса керек. Өзінің, өзінің ғана емес, қазіргі 
қазақ лингвистерінің ‰лкен ұстазы, мақтан 
етер тұлғасы болған профессор М. Балақаев- 
тан алған өнегелі өмір жолында профессор
Т. Сайрамбаевтың есімі қазақ синтаксисінің 
білгір маманы, парасаты мен жайсаң мінезді 
мейірімді тұлға ретінде отбасының да, ұжымы 
мен шәкірттерінің жадында мәңгі қалары
сөзсіз. Отбасының берекесін келтіріп, ғалым 
мұрасына көзінің қарашығындай қарап, ағай 
еңбегінің келешек ұрпаққа да қалтқысыз
қызмет етуіне к‰ш-жігерін аямай келе жат- 
қан Г‰лзада апай мен ұрпақтары барда, 
ізбасар шәкірттері барда, қазақ ғылымы барда 
Т. Сайрамбаев есімі ұмытылмайды, ал оның
қазақ синтаксисіндегі онсыз да биік тұлғасы 
одан әрі биіктей берері хақ. 
______________ 
1. Шалабай Б. Ғылымдағы сара жол. «Ана тілі» газеті, 
29.12.2010 ж. 
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Ал-
маты, 1961. 
3. Майзель С. Изафет в турецком языке. – М., 1957. 
4. Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдер-
дің жалғаусыз тіркестерінің кейбір т‰рлері. – А., 1974. 
5. Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы м‰шелері. А., 1991.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет