Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 345 ұлтының тілінде сөйлейтін, тілдің өсіп-өр-
кендеуіне, билік тіліне айналуына ықпал ете-
тін ғылыми орта немесе алашын с‰йетін атқа-
мінер азаматтар болуы тиіс.
Көпмәдениетті, этногеографиялық кеңістік
тұрғындарының басым бөлігі қостілді. Сон-
дықтан, қазіргі таңда әлемде ұлттың өзін-өзі
тануы, көпұлтты мемлекеттердің көбеюі, ха-
лықтың белсенді көшіп-қону ‰дерістеріне бай-
ланысты, ресми және ресми емес қатынаста
тілдерді ‰йретуді және халықтардың өзара
қарым-қатынас жасауын заңнамамен қамтама-
сыз ету және қоғамдағы тілдерге қатысты сұ-
рақтардың құқықтық шешімін табу мәселесі
тұр.
Көпмәдениетті, этногеографиялық кеңістік
тұрғындарының басым бөлігі қостілді болып
келеді. Екі мәдениеттің мұрасын меңгертетін
қостілділік, тұлғаның шет тілін ‰йренуге тек
өз ана тілін біліп барып саналы т‰рде бастаған
кезде әлдеқайда тиімділігін береді. Бұл орай-
да, әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі ре-
тінде тұлғаға өз төл мәдениеті туралы білімін
тереңдету, туған тілін одан да тереңірек білу
талабы ж‰зеге асырылу қажет. Ұлттық білім
ж‰йесінің ерекшеліктерін ескере отырып, ‰ш
тілді қатар меңгергенде болатын қиындық-
тардың, кемшіліктердің себеп-салдарын бол-
дырмауда оқытудың тәртібін ж‰йелеу керек.
Мемлекеттік тілмен қатар шет тілін оқыту
алдағы уақытта білім беруді дамытудың тұ-
жырымдамасымен анықталған маңызды ба-
сымдықтардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда,
шет тілін оқытуды бастауыш сыныптан бас-
тап оқытуға негізделген тұжырымдама қа-
былданды. Шет тіліне осылай ертерек оқыту-
дағы ‰здіксіз сабақтастық тілді тек коммуни-
кативтік функциясында ғана емес, танымдық
тұрғыда пайдалануға да м‰мкіндік береді.
Сонымен, б‰кіл әлем көпұлтты, көптілді
болып отырған б‰гінде көптілді оқыту – шы-
найы қажеттілік, уақыт талабы. Бұл адамдар
арасындағы келісім мен өзара т‰сіністікті, ұлт-
аралық қатынас кезінде туындайтын қиыншы-
лықтарды жеңуді, мәдениетарлық қатынаста
барынша ашық қарым-қатынасты қамтамасыз
етеді.
Т‰рлі мәдениеттердің тоғысуы тілдегі
кірме сөздерден көрінеді. Яғни, тіл – мәде-
ниеттің айнасы, онда халықтың өзіндік қоғам-
дық сана-сезімі, менталитеті, ұллтық мінезі,
өмір салты, дәст‰рлері, адамгершілігі, құнды-
лықтар ж‰йесі, әлемге деген көзқарасы ғана
емес, адамзаттың шынайы өмірі көрініс та-
бады. Сондықтан, тіл – маңызды мәдени құ-
былыс. Тіл адамның материалдық және ру-
хани мәдениетінен ақпарат алуға арналған
құралы болуымен қатар, ұлттық ментали-
теттің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.
Қостілділік және көптілділік әлеуметтік
лингвистиканың маңызды мәселелерін қарас-
тырады. Билингвизмді қоғамдағы заңды қа-
жеттіліктен туады дейтін пікірлер де бар. Бұл
дегеніңіз өз ұлтының тілін халықаралық,
ұлтаралық қатынас тілімен табиғи ‰йлестіре
білу деген сөз. Әлеуметтік лингвистика да
ұлттық тіл мен мәдениетке деген қызығушы-
лықтың қайта жаңғыруын, мемлекеттік тілдің
атқаратын әлеуметтік қызметінің аясын қаты-
настың әр т‰рлі саласында кеңейту міндет-
терін көздейді.
Қостілді оқытудың ғылыми ізденістеріне
екі тілді меңгертудің мынадай т‰рлерін атауға
болады: аккультурациялық т‰ріне аз ұлттар-
дың басымдық көрсететін мәдениетке сіңуі
жатады. Бұл ана тілі мен төл мәдениетті ығыс-
тыратын ығыстырушы билингвизм және ана
тілі мен төл мәдениетті сақтай отырып, екінші
тілді меңгеруді білдіретін сақтаушы билин-
гвизм деп есептеледі. Оқшаулау т‰рі – аз ұлт-
тардан тұратын елдің балаларын оқшаулап
оқыту. Ашық т‰рі – жалпыеуропалық және
әлемдік кеңістік, мәдениетаралық коммуни-
кация және көпмәдениетті тәрбиелеуді енгізу
жатады.
Қос тілде білім беру бағдарламаларында
мына факторлар ескерілу керек. Тілді меңгер-
тудің лингвистикалық факторында тілдің
табиғаты, бірінші тіл мен межеленген екінші
тілдің ж‰йесі мен құрылымы, барлық дең-
гейлерде тоғысатын тілдердің ұқсастықтары
мен айырмашылықтары, ұстаздардың екі тіл-
дегі құзіреттілік дәрежесі, бірінші тіл мен
екінші тілдің арасалмағындағы оқушылардың
білім деңгейі т.б. Педагогикалық аспект оқу
пәні және оқу құралы ретінде тілдерді оқыту-
дағы әдістердің дәйектемесін жасауды, нақты
егжей-тегжейлі ойластырылған оқу жоспары
мен сабақ кестесін құру, оқыту барысында
қадағалаудың жолдарын анықтау және ынта-
ландыру. Психологиялық фактор – бұл оқу-
шылардың бірінші тіл мен екінші тілді мең-
геру кезінде тұлғаның екі тілдегі дағдыларын
қолдану барысында пайда болатын мәселе-
лерді шешуге, бір тілден екінші тілге ауысу-
дағы қиындықтарды, билингв санасындағы