2. МұһАЖыРлАР МЕн АнСАРлАРдың
АРАСындА оРнАТылғАн
бАуыРлАСТыҚ
Абдуррахман ибн Ауф пен Сағыд ибн
Рәбидің оқиғасы
Әнәс (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәллам)
Мәдинаға келгенде, Абдуррахман ибн Ауф (р.а.)
пен Сағыд ибн Рәби әл-Ансариді бір-біріне бауыр етіп,
батасын берді. Сонда Сағыд ибн Рәби Абдуррахман
ибн Ауфқа: «Бауырым, мәдиналықтардың ішінде ең
дәулеттісі менмін. Малымның жартысын сен ал. Екі
әйелім бар, қайсысын қаласаң, сонымен ажырасып,
сенімен некелестірейін», – дейді.
Абдуррахман ибн Ауф: «Аллаһ сенің малыңа да,
әйеліңе де береке әкелсін, сен маған базарға баратын
жолды көрсетсең болды», – дейді. Ол базардың жолын
көрсетіп береді. Абдуррахман базар жағалап, саудамен
айналысып, біршама пайда түсіреді. Үйіне ірімшік пен
май алып қайтады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін
Абдуррахманның үстінен запырангүлдің иісі бұрқырап
келеді. Аллаһ расулы «Жағдай қалай?» – деп сұрағанда,
Абдуррахман ибн Ауф бір әйелге үйленгенін айтады.
Аллаһ расулы: «Оған мәхірге не бердің?» – деп сұрайды.
«Құрма дәніндей алтын бердім», – дейді ол. Расулаллаһ:
«Бір қой сойып болса да, елді шақырып, тамақ бер», –
дейді. Абдуррахман
(р.а.)
айтады: «Уаллаһи, сол кезде
едәуір пайда табатынмын, кез келген тасты көтере,
344
Ибн Әсир, Усдул-ғаба 1/518
352
Сахабалар салған сара жол
қалсам астынан алтын мен күміс шығатындай табысқа
кенелетінмін»
345
.
Достарыңызбен бөлісу: |