Әміршіге (басшыға) құрмет туралы тағы
бір риуаят
Зияд ибн Кәсиб әл-Адауи айтады: «Абдуллаһ ибн
Амир жұма құтбасын оқуға келерде, мейлінше жұқа
киініп, шашын ретке келтіріп, үсті-басын қадағалайтын.
Бір күні намазын оқып, үйіне кіреді. Сахаба Әбу
Бәкра да мінбердің қасында отыр екен. Әбу Біләл
Мирдас деген кісі: «Халықтың басшысына, әміршіге
қарасаңдаршы! Жұқа киім киіп, пасықтарға ұқсағысы
келеді», – дейді. Әбу Бәкра Мирдастың сөзін естіп,
ұлына: «Әбу Біләлді маған шақырып кел», – дейді. Әбу
Біләл келген соң Әбу Бәкра: «Жаңа басшымыз туралы
айтқан сөздеріңді естідім. Мен Расулаллаһтың «Кім
басшысына құрмет көрсетсе, Аллаһ та оған жақсылық
жасайды. Кім басшысын құрметтемесе, менсінбесе,
Аллаһ оны масқара етеді» дегенін естіген едім», – дейді
Пайғамбарымыздың өсиетімен ескерту жасап
417
.
Достарыңызбен бөлісу: |