Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Ел басшысының халықтағы ақылары



Pdf көрінісі
бет271/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Ел басшысының халықтағы ақылары

Сәләма ибн Шихаб әл-Абди (р.а.) айтады: «Омар 

(р.а.)  былай  деген:  «Ей,  адамдар!  Біздің  сендерде 

ақыларымыз бар. Ол – біз жоқ кезде де сендердің бізге 

қолдау  көрсетіп,  жақсылық  жолында  көмектесулерің. 

Аллаһ  құзырында  ел  басшысының  биязылығы  мен 

әдептілігінен  асқан  жақсы  қасиет  жоқ.  Аллаһтың 

ең  ұнатпайтыны  –  ел  басшысының  надан,  тұрпайы 

болуы»

424


.

басшының бетіне шындықты айтпаудың 

үкімі

Уруа (р.а.) айтады: «Абдуллаһ ибн Омарға барып: 

«Ей, Әбу Абдуррахман! Біз әрдайым басшыларымыздың 

қасынан табылып, олармен бірге жүріп-тұрамыз десек 

те болады. Алайда олар кейде ақиқатқа қайшы сөйлейді, 

соған қарамастан, біз оларды растап, олардың әділетсіз 

шешімдерін қолдаймыз, тіпті орынды екенін айтамыз. 

Бұған  не  дейсің?»  –  деп  сұрадым.  Ибн  Омар:  «Құлақ 

сал, бауырым! Сендер қалай қарайтындарыңды білмей-

мін,  алайда  біз  Аллаһ  расулының  заманында  мұндай 

әрекеттерді екіжүзділік деп санайтынбыз», – дейді

425


.

Шағби  (р.а.)  айтады:  «Біз  Ибн  Омарға 

«Басшылардың алдына барғанда, солардың ыңғайына 

қарай сөйлеп, былай шыққан соң, сыртынан басқаша 

сайраймыз,  бұған  не  дейсің?»  –  деп  сұрадық.  Ибн 

Омар:  «Біз  мұндай  әрекеттерді  Аллаһ  расулының 

кезінде  мұнафықтыққа  жатқызатынбыз»,  –  деп  жауап 

берді»


426

.

424



 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/936 (14334)

425


 Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 12/331 (13265)

426


 Бәйхақи, Сүнән 8/164 (16438)


418

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет