Мұхаммед ибн Мәсламаның омардың беті-
не айтқандары
Мұса ибн Әбу Иса айтады: «Омар (р.а.) бір-
де Харисаұлдарының құдығына барады. Сол жерде
Мұхаммед ибн Мәсләмамен (р.а.) жолығып қалады.
Одан: «Мұхаммед, менің басшылығыма қалай
қарайсың?» – деп сұрайды.
Мұхаммед ибн Мәсләма: «Уаллаһи, сенің
басшылығың бүкіл халықтың көңілінен шығады. Елдің
бәрі саған жақсылық тілейді. Мысалы, сенің салық
жинау мәселесінде үлкен табысқа қол жеткізгеніңді
білемін. Сонымен қатар, қазынаның мүлкіне көз
сүзбейсің, оны әділетті түрде таратасың. Егер туралық
пен әділдіктен ауытқитын болсаң, оқты отқа қыздырып
қалай түзететін болса, сені де солайша жөнге шақырып,
жолға салуды білеміз», – дейді. Омар: «Яғни, сен маған
431
Бұхари, Тарихул-кәбир 2/98 (1825)
421
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
«Сен ақиқаттан ажырасаң, оқты қыздырып түзеткендей
сені де түзетеміз дейсің ғой, солай ма? Әділдіктен тай-
сам, тура жолға салатын жамағатқа мені басшы еткен
Аллаһқа мадақ», – дейді»
432
.
Достарыңызбен бөлісу: |