Көтерілісшілер османның үйін қоршаған
кезде, осман мен Али арасында өрбіген
әңгіме
Шәддад ибн Әус (р.а.) айтады: «Османның (р.а.)
баспанасын көтерілісшілер қоршап алған болатын. Ол
үйінің төбесіне шығып: «Ей, Аллаһтың құлдары!» –
деп айқайлаған кезде, назарым еріксіз басында Аллаһ
расулының сәлдесі, қылышын асынған Али (р.а.)
бастаған, араларында оның ұлы Хасан мен Абдуллаһ ибн
Омар да бар мұһажырлар мен ансар жамағатына ауды.
Олар көтерілісшілерді таратқаннан кейін Османның
қасына келеді. Али (р.а.): «Сәлем бердік, ей, мүміндердің
әміршісі! Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бұл дінді
дінге қарсы шыққандардың көзін жоя отырып сақтаған
еді. Уаллаһи, мен бұлардың сені өлтіруге бел буғанын
көрдім. Бізге бұйрық бер, олармен шайқасайық», – дей-
ді. Осман (р.а.): «Ешкім мен үшін өзгенің де, өзінің де
қанын төкпесін», – деді. Али (р.а.) тағы бір алдынан
өтіп, сөзін қайталайды. Осман келіспеді. Али кетіп бара
жатып: «Аллаһым, сен куәсің, біз оның алдынан өттік»,
– деді. Сосын ол Аллаһ расулының мешітіне бет алады.
Намаз уақыты кіргенде жамағат: «Я, Али, имам болып,
намаз оқыт», – деді. Али: «Мұсылмандардың халифасы
503
Ибн Кәсир, әл-Бидая 7/184
472
Сахабалар салған сара жол
қоршауда қалған кезде мен сендерге имам бола алмай-
мын, жалғыз өзім оқимын», – дейді. Ол намазын оқып
болған соң кідірмей үйіне қайтады. Ұлы Хасан әкесінің
артынан қуып жетіп: «Уаллаһи, әке, көтерілісшілер
Османның үйіне басып кірді», – деп хабарлайды. Али:
«Апырым-ай, қазір оны өлтіреді. Иннә лилләһ уә иннә
иләйһи ражиун», – деп күбірлейді өңі қуарып.
Хазрет – Алиге: «Ей, Әбул-Хасан! Османның орны
қайда?» – деп сұрағанда ол: «Уаллаһи, жұмақ, жұмаққа
өте жақын», – дейді. «Оны өлтіргендер қайда?» – деп
сұрағандарға: «Уаллаһи, олар отта», – деп, осыны үш
рет қайталап айтты
504
.
Достарыңызбен бөлісу: |