18. хАлиФАлАРдың АллАһТАн ҚоРҚуы
Әбу бәкірдің Аллаһ алдындағы
жауапкершілікті сезінуі
Даххак айтады: «Әбу Бәкір (р.а.) ағаш бұтағына
қонған бір құсқа назары түседі: «Ей, құсым, сен қандай
бақыттысың! Мен сен сияқты құс болсам ғой, шіркін!
Жеміңді теріп жеп, қамсыз ұшасың. Есеп беремін,
азапқа тартыламын деп қорықпайсың. Әттең, адам емес,
жол бойында өсіп тұрған ағаш болғанымда ғой!...»
481
омардың Аллаһ алдындағы
жауапкершілікті сезінуі
Даххактың риуаяты бойынша, Омар (р.а.) бы-
лай деген: «Бүйткенше, қорада бордақыланып тұрған
қошқар болсамшы... Мал иесі достары келгенде, мені
сойып, бір бөлігінен кәуап жасап, бір бөлігін ыстап
жесе... Басқа не болсам да, әйтеуір адам болмағанымда
ғой!...»
482
480
Әбу Нуайм, Хилия 1/176
481
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 12/764 (35703)
482
Әбу Нуайм, Хилия 1/52
456
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |