459
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
тын істерін айтуға болады. Адам парыздарын толық
орындамаса, нәпіл ғибадаттар қабылданбайды. Қиямет
күні таразыда кейбір адамдардың сауабы ауыр тартса,
бұл – оның дүниеде Аллаһқа басыбүтін мойынсұнғаны.
Ақиқат салынған таразының ақыретте ауыр басаты-
ны айқын. Қиямет күні таразыда кейбір адамдардың
сауабының жеңіл болу себебі – олардың бұл дүниеде қате
жолға түсуінен. Есептен қателік кетсе, таразының ертең
жеңіл тартатыны белгілі. Аллаһ тағала жұмақтықтарды
ескерерде оларды ең ізгі істерімен еске алады. Олардың
жаман әрекеттеріне қарамайды. Мен жұмақтағылар ту-
ралы ойланғанда, «Оларға қосыла алмаймын ба?» деп
қорқамын. Хақ тағала тозақтықтарды ең жаман істері-
мен еске алады, олардың жақсы әрекеттерін беттеріне
ұруда. Олардың жағдайын ойлаған кезде, «Солардың
қатарында кетіп қалмаймын ба, мен мұндар» деп жа-
ным түршігіп, аза бойым қаза болады».
Риуаятшылар айтады: «Әбу Бәкір кейін Құран
кәрімнен көптеген рақымдылық және азап аяттарын
оқиды да, былай дейді: «Ей, Омар! Мүмін құл үміт
пен үрейдің арасында болуы керек. Аллаһтан тек
жақсылыққа бастайтын ізгілікті тілеуі керек, Аллаһтың
рақымынан үмітін үзбеуі тиіс. Әркім өзін қатерге
итермелемеуі керек. Ей, Омар, егер өсиетімді берік
ұстанатын болсаң, өлімді қуана-қуана қарсы аласың. Ал,
өсиетіме немқұрайды қарасаң, өлімнен асқан сұмдықты
таппайсың. Ал өлімнен қашып құтылу мүмкін емес!»
489
489
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/878 (14180)