Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет53/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
Намаздың пайдалары мен хикметтері
Намаз – Аллаһ пен құл арасындағы байланыс негізі. 
Бес уақыт намазды орнымен оқып, үлкен күнә жасамаған 
адамның кіші күнәлары кешірілетіні жайлы аяттар мен 
хадистер бар. Құранда былай дейді: 
«(Ей, Мұхаммед!) 
Саған уахи етілген кітапты оқып, намазды орында. 
Күдіксіз намаз арсыздық пен жамандықтан 
тыяды»
106
.
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларға: 
«Сендердің араларыңнан бір адамның есігінің алдында 
өзен ағып, ол сол өзенге күніне бес рет шомылса, ол 
адамда кір қала ма?» – деп сұрағанда, сахабалар: «Жо,қ 
қалмайды», – деп жауап қайырады. Сонда Аллаһ Елшісі 
(с.а.у.): «Судың кірді тазалайтынындай бес уақыт намаз 
да күнәларды тазалайды»
107

Басқа бір хадисте былай дейді: 
«Бес уақыт намаз 
бен жұма намазы үлкен күнә жасамаған адамды келесі 
жұмаға дейінгі жасаған күнәларынан арылтады»
108
.
Ақыретте адам баласы есепке тартылғанда, ең ал-
дымен намаз сұралады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай 
дейді: 
«Адамдардың қиямет күнінде алғаш есепке тар-
тылатын амалы мен іс-әрекеті – намаз». Ұлы Раббы-
мыз хабардар бола тұра періштелеріне былай дейді: 
«Құлымның парыз намазына қараңдар. Оны толық 
орындап па, кемістігі бар ма»? Егер оның парыз на-
маздары толық болса, намаз сауабы толықтай жазы-
106
Анкабут, 29/45.
107
Бухари, Мәуақит, 6; Муслим, Мәсажид, 283; Тирмизи, Әбад, 
80, 90; Насаи, Салат, 7.
108
Муслим, Таһарат, 14-15, Тирмизи, Мәуақит, 46; Ибн Мажә
Таһарат, 79,106.


99
Намаз
лады. Егер парыз намаздарында нұқсандық болса, Аллаһ 
Тағала былай дейді: «Құлым нәпіл (сүннет) намаздарын 
толық оқыған ба екен?» Егер ол сүннет намаздарын 
толық оқыған болса, Аллаһ Тағала «Құлымның нұқсан 
парыз намаздарын нәпілдермен толтырыңдар», – дейді. 
Одан кейін парыз болған басқа амалдар да осылайша 
есепке тартылады»
109
.
Иә, адамды ең көркем түрде жаратып, жерді бесік, 
көкті шаңырақ, күнді шырақ етіп игілігіне ұсынған 
Ұлы Жаратушы адамға берген мұншалық ырыс-
берекетінің қарымына шүкір етулерін қалайды. Намаз 
– күллі шүкірді қамтыған ғибадат. Мына көрінген және 
көрінбеген шексіз әлем қаңыраған сарай емес. Керісінше, 
онда Аллаһ Тағалаға ғибадат еткен сансыз періштелер 
бар. Кейбір періштелер жаралғалы сәждеде. Енді бірі 
жаралғалы рүкүғта тұрып, Аллаһ Тағаланы пәктеуде. 
Енді бірі түрегеп тұрып, Аллаһ Тағаланы нұқсандық пен 
шірк атаулыдан пәктеп, ғибадат етуде. Міне, намазда осы 
періштелердегі ғибадат түрінің бәрі бар. Сол себепті, 
әлем тұтастай Ұлы Жаратушыға ғибадатта. Мысалы, 
алып бәйтеректер кішілігін паш етіп, қолдарын жерге 
жайған сүмбі талдар самал желмен тербеле қозғалып, 
Жаратушыға ғибадат жасайды. Планета мен аспан 
денелері бір-бірін бейне бір Қағба тәрізді айналып
күллі әлем Ұлы Жаратушыны пәктеп, өз тілдері және 
іс-әрекеттерімен ғибадат үстінде. Міне, осының бәрі 
намазда бар.
Әрі намазда адамға парыз, сүннет ғибадат түрінің 
бәрі бар. Бір мұсылман намазға тұрғанда «Аллаһу 
әкбар» деп бастайды. Яғни, я, Ұлы Жаратушым! Мына 
109
Тирмизи, Салат; 118.


100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет