Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет54/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
әлемді сен жараттың. Мені де сен жараттың. Мен сенің 
құлыңмың. Сен Ұлысың. Одан кейін Аллаһты пәктеп, 
мадақтаған дұға оқылады. Яғни, ей, Ұлы Ием! Сенің 
ешқандай ортағың да, серігің де жоқ. Сен нұқсандық 
атаулыдан мүлдем адасың, пәксің. Осылайша мұсылман 
әрі қарай қырағатқа бастарда барлық қуылған шайтаннан 
және олардың жамандық пен кесепаттық іс-әрекеттерінен 
Аллаһ Тағалаға сиынады. Бұл жерде әлсіздігін сезініп, 
Ұлы Құдіретті паналау бар. Бұдан кейін қырағат оқиды. 
Яғни, намазда Құран оқу да бар. Әрі намазда ораза да 
бар. Өйткені, адам намазда бір нәрсе жесе, намазы 
бұзылады. Намазда зекет те бар. Бүкіл бес уақыт намаз 
адамның шамамен жиырма төрт сағатының бір сағатын 
алады. Адам өзінің күндік өмірінің бір сағатын зекет 
етіп, Аллаһ Тағала жолына береді. Оның қарымы ретінде 
ақыретте Аллаһ Тағала жәннатты бермек. Жәннат – 
адамның қиялына сыймаған, көз көріп, құлақ естімеген, 
бұл фәнидің бақытты мың жылы оның бір сәтіне де 
тұрмайтын аса ғажайып мәңгілік бақыт мекені. Алайда, 
кейбір мұсылмандар бұл ғұмырда өзімнің діттеген межеме 
жетемін, сондықтан да бір сағат мен үшін аса қымбат деп 
қанша тырысып, жиырма төрт сағатын жұмсап, өмір бақи 
ұмтылғанымен көбінесе мақсаттарына жете алмайды. 
«Біреулер оқысам» деп армандайды. Оқыған соң жақсы 
қызметім болса дейді. Оған қолы жетсе де қанағаттана 
қоймайды. Одан әрі жоғары көрінген биікке шықсам деп 
армандайды. Фәни ғұмырдың биігі ешқашан бітпейді. 
Бірі бітсе, бірі мен мұндалап тұрады. Біреулер балам 
болса, артымда тұяқ қалса деп ойлайды. Бірақ ертең 
баласы әкесін дәл өзіндей жақсы көре алмауы мүмкін. 
Негізгі мақсат пен тәлім-тәрбиесін бере алмаса, қарттар 


101
Намаз
үйінен орын алуы ықтимал. Енді біреулер билікке қол 
жеткізсем деп, көкпен таласқан шыңға қарай күллі 
өмірін сарп етеді. Енді жеттім дегенде не өлім мұны 
қуып жетеді, не шыққан шыңының оңай емес екенін, 
оның жерден қарағанда әлдеқайда суық екенін, кез-
келген сәтте найзағай-найзаның ұшына шаншыла кету 
ықтималы бар екенін аңғарып, үлкен дертке душар 
болмақ. Қысқасы, фәни ғұмырдың фәни бетіне қараған 
беті ешқашан адамның жан-дүниесіне рақат әкелмейді. 
Ал намаз оқыған адамның әрбір іс-әрекеті Аллаһ үшін 
болғандықтан, қалған жиырма үш сағаты да Аллаһ үшін 
саналып, күллі өмірі құт-берекеге айналмақ. Өйткені, 
намаз оқушы – ғұмырға неге келгенін ұғынып, өз 
міндетін қалтқысыз атқаруға тырысып, фәниде өзін «жат 
жұрттық» санап, мәңгілік бақыт мекені мен өзін сүйіп 
жаратқан Ұлы Жаратушысына қарай аса сағынышпен 
қадам басқан адам. Сондықтан ақырғы Пайғамбар (с.а.у.): 
«Намаз – көзімнің нұры»
,
110
– дейді.
Намазда қажылық та бар. Мұсылмандар намаз 
оқыған кезде құбылаға қарап тұрады. Яғни, өзін бейне 
бір Қағбаның алдында күллі мұсылманмен бірге намазға 
тұрғандай сезініп, Ұлы Жаратушыға мойынсұнып, 
жүрекпен терең тағзым етеді.
Намаз – адамды Жаратушы Жаппар Иеге 
жақындатады. Рух пен ерікті күшейтеді. Адамды сабыр 
мен шүкірге үйретеді. Құранда былай дейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет