Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет1/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Алматы 2011

Мұхитдин ИСАҰЛЫ

МӘҢГІ 

МҰҒЖИЗА

ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МЕН БІЛІМІН  

ҚОЛДАУ ҚОРЫ

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ  

ДІНИ БАСҚАРМАСЫ

УДК 28

ББК 86.38 

М 86       

 

Исаұлы М.



И  83. Мәңгі мұғжиза – Алматы:

 

"Көкжиек-Б"  баспасы, 2011. –   бет.



 

ISBN 


 

Оқырман  талқысына  ұсынылып  отырған  бұл  кітап  – 

теолог ғалым Мұхитдин Исаұлының бірден-бір шоқтығы биік, 

мұсылмандығымыз  бен  рух  тазалығына  қосары  мол  сүбелі 

еңбегі. Еңбекте Құран ақиқаттары әсерлі де көркем нақышпен 

баяндалған.  Автор  қасиетті  Құранның  Ұлы  Жаратушының 

кітабы екендігін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеген. Мазмұны 

сал-мақты,  тілі  оқылуға  жеңіл  еңбек  оқырман  жүрегіне  жол 

табар деген сенімдеміз. 

 

Барша  мұсылман  жұртының  ең  баға  жетпес  құндылығы 



қасиетті  Құран  Кәрім  екені  мәлім.  Құранда  Жаратушы  бізге 

қос дүниенің бақытын ұғындырады. Құран   жер бетіне түскелі 

он  бес  ғасыр  өтті.  Сол  уақыттан  бері  Ислам  ғұламалары 

Құранның  аяттарына  қатысты  қаншама  еңбектер  жазылса  да 

оның  мағынасын  түгесті  дей  алмаймыз.    Себебі,  Құранның 

мағынасы  шексіз,  түпсіз  терең.  Оның  үстіне  уақыт  өткен 

сайын  Құран  аяттарының  мәні  жаңара  түспек.  «Фуссилат» 

сүресінің 53 аятында «Болашақта дәлелдерімізді ғаламзат және 

өз жаратылыстарында көрсетеміз. Сол кезде Құранның ақиқат 

екендігіне олардың анық көздері жетеді» делінген. Демек, уақыт 

озып,  адам  баласының  ілімі  артқан  сайын  аяттардың  мәнін 

тереңірек ұғыну мүмкіндігі арта түспек.

 

Қолдарыңыздағы  шағын  еңбекте  –  көбіне  намазда 



оқылатын қысқа сүрелердің тәпсірі берілген. Жаратушы әрбір 

иманды жанды Өзінің ұлық сөздерінің мәнін ұғынып оқуға нәсіп 

еткей!  Кітап барша оқырман қауымға, дінтану мамандарына, жас 

жеткіншектерге және тәрбие саласындағы жандарға арналған.

УДК 28

ББК 86.38



ISBN 978-601-7271-02-2 

© «Көкжиек-Б» баспасы, 2010



3

Кіріспе

4

і  Кітап

ҚҰраН КіМНіҢ сӨЗі?

5

«Расында, Құранды Біз түсірдік,                                                                        

әлбетте, Біз оны сөзсіз сақтаймыз»

«Хижыр» сүресі

«Құран – Хаққа апарар тура жол»

Хадис шәріп

«Біз тегіміз – түрік, дініміз – Ислам екенін  ұмытпауымыз керек. Ол 

үшін қасиетті кітап – Құран Кәрімді  насихаттауымыз керек»

Нұрсұлтан Назарбаев

АЛҒЫ СөЗ

Қадірлі ізгі қауым! Сіздерге ұсынылып отырған бұл 

кітап қасиетті Құран тарихынан қазақ тілінде тұңғыш 

жазылған  еңбек  екенін  естеріңізге  саламыз.  Тұңғыш 

болған соң да жүгі ауыр. Құранға қатысты тарих баян-

дарын барынша жинақтап, қамтып айтуға тура келген. 

Ислам  діні  берік  сақталған  елдерде  мұндай  кітаптар 

әлденеше жүздеп жазылған.

Ал қазақ қауымы ислам руханиятын түгелдей ба-

сынан  бастауға,  қалпына  келтіруге,  қайта  тұрғызуға, 

алға кеткендерді қуып жетуге мәжбүр  халдегі ел екенін 

түсінуіміз керек. Илаһи ілімінде Құран тарихының орны 

ерекше. Қасиетті Құранның мазмұны қанша терең, сон-

шама кең ауқымды болса, оның тарихы да ұланғайыр 

бай.  Оның  әрбір  тарауынан,  бәлкім,  кітаптар  жазуға 

болар. Міне, бұл еңбек сол телегей теңіз білімнің алғы 

шарты, алғашқы оқулығы іспетті. Сондықтан бұл кітап-

ты ден қойып, жете түсінуіңіз – сіздің алдыңызға ислам 

әлемінің қақпасын ашуға көмектесуі күмәнсіз.

Себебі,  мұсылмандықтың  бір  шарты  –  Құранның 

Аллаһ  Тағаланың  кітабы  екеніне  сену.  Мінеки, 

қолыңыздағы «ҚҰРАН КІМНІҢ СөЗІ?» атты бұл кітап 

осы сенімнің жүйелі дәлелдерін баяндауға арналған. 

Кітаптың  құрылымы  бір-біріне  қатысты  шағын 

тарауларға бөлінген. Мысалы, «Құран мен Пайғамбар 


6

Мәңгі мұғжиза

сөзінің айырмашылығы» деген тарауда Құран аятта-

ры мен хадистердің айырмашылығы нақтылы дәлелмен, 

өте  түсінікті  тілде  қызықты  дәйектемелер  бойынша 

жазылған. «Құранның ғайып хабарларын қамтуы», 



«өткенге қатысты ғайып хабарлары», «Болашаққа 

қатысты  ғайып  хабарлары»,  «Перғауын  денесінің 

сақталуы»  деген  тараулардың  әрбірі  –  адам  қиялы 

жетпес тылсым сырларды қамтыған – жеке-жеке кітап-

тарды оқып шыққандай терең әсерге бөлейді. 

Қазақ  қауымы  яки  қазақша  білетін  барлық  отан-

дастар  бұл  кітаппен  танысу  арқылы  бұрын-соңды  ис-

лам діні жөніндегі түсінігін, білімін одан ары тереңдете 

түседі деген үміттеміз.

Әсіресе, ислам дініне жаңа мойын бұрған азамат-

тар және мүлде бейхабар жүрген адамдар сәті түсіп осы 

кітапты оқып шықса, терең ойға қалуы, көкірек көзіне 

бір  сәуле  түсіп,  Ұлы  Жаратушыны  тануға  ден  қоюы 

ықтимал.


Өйткені,  әрбір  жақсылықтың  себебі,  қозғаушы 

күші болмақ. Бұл ізгі ниетпен жазылған еңбек те сон-

дай бір игі істің бастамасы болар, иншаллаһ!

Исраил САПАРБАЙ, ақын

Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің, 

тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының 

лауреаты


7

Құран кімнің сөзі?

АвТОРДАН 

Күллі  мадақ  пен  мақтаулар  мынау  ғаламат 

ғаламзатты асқан құдіретімен ақаусыз жаратып, сансыз 

галактикаларды тәспі тастарындай ойнатқан һәм жұмыр 

басты пендесін сол жаратылыстың ең ардақтысы етіп, 

білмеген  нәрсесін  үйретіп,  құзырынан  кітап  түсірген 

Рақымды  Аллаһ  Тағалаға  тән.  Оның  адамзатқа  асқан 

рақымдылық  жасап,  адамдарға  ақырғы  аманаты  – 

Құранды  жеткізуші  етіп  жіберген  соңғы  пайғамбары, 

ғаламның  Рақым  Нұры  –  хазіреті  Мұхаммедке  жүрек 

жарды сәлем жолдап, сансыз салауат айтамыз. 

Хақтың  қасиетті  Құран  кітабын  терең  тануға  де-

ген  құштарлық  әрі  сол  хақында  сөз  қозғап,  жалпақ 

жұртқа  таныту  –  әрбір  мұсылманның  асқақ  арманы, 

өшпес  шырағы.  Мені  де  сондай  арман  бала  күнімнен 

жүрегімді  баурап,  өзіне  тартқан  еді.  Жоғары  оқу  ор-

нында оқып жүрген кезімде, Құран ілімінен дәріс бе-

ретін ұстазымның қыстың қақаған аязында суық үйде 

шам  жарығымен  Құранның  ғажайып-мұғжизалығына 

қатысты еңбек жазғанын көрген кездері, қазақ қауымым 

үшін мен де жазбақ болып қатты құштарланатын едім. 

Арадан сегіз-тоғыз жыл өткенде ғана ұстазым бір күні 

мені шақырып алып, «халқыңа Хақ тағаланың Құранын 

таныт»  деді.  Мен  де  қолыма  қалам  алып,  құлшына 

кірістім. Шамамен төрт жыл өткенде Анкара универси-

тетінен «Құран тарихы және оның негізгі тақырыптары» 

деген  атпен  докторлық  еңбек  қорғап  шыққан  едім. 

Бірақ осы кітапты көпшілікке түсінікті болу үшін, аз-

дап басқаша жазуға тура келді. Яғни, бұл еңбек зиялы 

қауымға да, қарапайым халыққа да ортақ жазылды. Осы 

кітап елдің көкейінен шықса, екінші кітапта «Құранның 

негізгі тақырыптары» бөлімі сөз болмақ. 



8

Мәңгі мұғжиза

Құран  –  Хақтың  сөзі.  Ол  адамзатты  екі  дүниеде 

бақыттылыққа  жеткізу  үшін  түскен.  Алайда  нұр  мен 

жарықтан  қашқан  жарқанат  тәрізді  кейбір  адамдар 

өзінің қараңғылықтан құтылуын еш қаламаған. Сондай 

қара ниетті пенделер сол заманда болғаны секілді, қазір 

де жетерлік. Бірақ заман қартайған сайын, Құран жаса-

ра,  жаңғыра  түсуде.  Оның  түскеніне  шамамен  он  бес 

ғасыр өтті. Адамзат оны енді ғана терең түсіне баста-

ды. 


Міне,  осы  кітапта  батыстың  шығыстанушы 

ғалымдары  Құран  хақында  пәлен,  түген  деп  сын 

айтыпты  деп  ежіктеп  жатпай-ақ,  Құранның  жал-

пы  адам  баласының  қолынан  келмейтін  сөз  екен-

дігін  дәлелдеуге  тырыстық.  Егер  кейбір  тұжырымдар 

қисынсыз келіп жатса, ол менің нұқсандығым. Задын-

да,  Құран  өзін  дәлелдеуде  ешкімге  мұқтаж  емес.  Ол 

– Ұлы Жаратушының сөзі. Оған қарсы шығып, жоққа 

шығаруға  тырысқандардың  ешбірі  ешқандай  табысқа 

жетпек емес. 

Құранда Аллаһ Тағала: «Егер осы Құранды тауға 

түсіргенімізде,  оның  бас  иіп,  бүгіліп,  жермен-жек-

сені  шыққанын  сөзсіз  көретін  едің.  Біз  бұл  мысал-

дарды адамдар ойлансын деп береміз» дейді (Хашыр, 

59/21).  Құран  адамға  жай  түсе  салған  кітап  емес. 

Оның  адамдарға  әкелген  міндеті  мен  жүгі  таудың  өзі 

көтере  алмай  күл-парша  болатындай  аса  ауыр.  Міне, 

осы  мақсатта  оқырманды  қысқа  да  нұсқа  түрде  оның 

осындай  кітап  екендігіне  назар  аудартуға  тырыстық. 

Сөз түйінінде, иншаллаһ, осы шағын еңбек халықтың 

көңілінен  шығып,  күмәншіл  жандардың  көзқарасы 

өзгеріп,  Хаққа  бет  бұрып  жатса,  «өлсем  орным  қара 

жер сыз болмас» еді. 

                                        Мұхитдин ИСАҰЛЫ,

теология ғылымының докторы


9

Құран кімнің сөзі?

ҚҰРАНҒА ДЕЙІНГІ АРАБТАРДЫҢ өМІРІ

Адамзат  тарихына  көз  салсақ,  сонау  алғашқы 

дәуірден  бері  адам  баласы  әлемді  билеген  Ұлы  бір 

күшке сеніп, Одан жәрдем сұрап, соған құлшылық ет-

кен. Яғни, адамның бойында Ұлы Жаратушыға деген 

сезім әлімсақтан болған. Бұл – адамның өз табиғатында 

Аллаһ  Тағалаға  сену  мен  бой  ұсынуы  бар  екендігін 

көрсетеді. 

Аллаһ Тағала адам пендесіне хазіреті Адамды осы 

хақ  дінінің  алғашқы  пайғамбары  етуі  –  адамзаттың 

алғашқы дінінің тәухид діні екендігінің айғағы. Алайда 

мұндай қоғамдар уақыт өте келе Құдай Тағала сенімі-

нен айырылып, қараңғылыққа бет бұрып, көркем мінез 

аяқ асты қалған еді. Сол кезде Аллаһ Тағала қауымдарға 

пайғамбарлар  жіберіп,  тура  жолға  шақырды

1

.  Ислам 



діні  келген  кезде  араб  әлемі  осындай  күйде  болатын. 

Олардың діни сенімі қым-қиғаш халде еді. Арабтар әу 

баста  аталары  Ибраһим  мен  Исмайыл  пайғамбардың 

Аллаһ Тағаланың бірлігіне негізделген Ислам дінімен 

жүргенімен,  кейінгі  пайғамбарсыз  заманда  ақиқатты 

ұмытып, пұттарға табынып кетті

2

. Пұтқа табынушылық 



Араб түбегінің қоғамдық және экономикалық өмірінде 

салтқа  айналған.  Арабтар  жеке  әрі  ортақ  ерекшелік-

тері бар пұттар жасаған. Әрбір тайпаның өздеріне тән 

пұттары болумен қатар, бірнеше тайпаның ортақ сиы-

1

  Фазлур  Рахман,  Ана  конуларыйла  Куран,  (трж:  Алпарслан 



Ачыкгенч) Анкара окулу баспасы., Анкара. 2000. 38-бет.

2

  Ибн  Кәсир,  әл-Бидаиә  уән-Ниһаиә,  (трж:  Меһмет  Кескин, 



Чағры баспа-сы, Станбул. 1994, 1. 311-312-беттер.

10

Мәңгі мұғжиза

натын пұттары да бар еді

3

. Қағбаның айналасында 360 



пұт болған. Араб түбегінің жан – жағынан келген ара-

бтар осы ортақ пұттарға зиярат етіп, табынып, құрбан 

шалып, оларға арнап адал, харам үкімдерін шығарған

4



Сонымен қатар олардың Аллаһ Тағала хақында пікір-

лері де бар еді. Құран осы жайтты былай баяндайды: 



«Егер олардан: «Көктер мен жерді жаратқан, күн мен 

айды бағындырған кім? – деп сұрасаң, сөзсіз «Аллаһ» 

дейді.  Олар  (осы  ақиқатты  біле  тұра)  қайда  лағып 

барады?»

5

,  «Егер  олардан:  «Көктен  жауын  жауды-



рып,  сол  арқылы  жерді  өлімнен  кейін  жандандырған 

кім?» – деп сұрасаң, сөзсіз «Аллаһ» дейді. (Онда сен) 

«Күллі мадақ Аллаһқа лайық» де. Бірақ олардың басым 

көпшілігі (осы ақиқатты) ұғынып, саралай алмайды»

6



Олардың Аллаһ Тағала хақында түсінігі төмендегідей:

1. Аллаһ – әлемнің жаратушысы.

2. Ол  –  жауын  жаудырып,  әр  нәрсеге  тіршілік        

беруші.


3. Ол – мерекелі жиынды басқарушы. 

4. Өткінші монизм ақиқаты.

5. Аллаһ – Қағбаның раббысы

7

.



Олардың Ұлы Жаратушыға илана тұрып, пұттарға 

табынулары  қисынсыз  еді.  Сондықтан,  пұттарға  та-

бынуларын  «Олар  бізді  Аллаһқа  жақындатады»  деп, 

3

  әл-Әбиари, Тарихул- Қуран, Бәйрут, Дарул-Лубнани, тс, 22-



бет.

4

  Махмуд  Есад,  Ислам  тарихы  исламиет  өнжесі  араплар, 



Марифет баспасы, (саделеш: Аһмед Лүтфи Казанжы, Осман 

Казансы), Станбул, 1983. 283-бет.

5

  «Анкабут», 29/61.



6

  «Анкабут», 29/63.

7

  Изутсу Тошиһико, Куранда Аллаһ ве Инсан, (трж: Сулейман 



Атеш), Анкара Университесі баспасы, Анкара. 1975, 95-бет.

11

Құран кімнің сөзі?

түсіндірген.  Құранда  олардың  осы  әрекеттерін  былай 

баяндалады:  «Бізді  Аллаһқа  жақындатсын  деп  қана 

пұттарға құлшылық етеміз», – дейді»

8

.



Алайда  арабтар  Жаратушының  бар  екеніне  сен-

генмен, пайғамбар мен қайта тірілуді теріске шығарған 

болатын. Оны Аллаһ Тағала былай сипаттайды: «Олар: 

«Өмір тек бұл ғұмырда ғана. Өмір сүреміз, өлеміз. Біз-

ді  осы  заман  ғана  өлтіреді»,  –  дейді.  Задында,  олар 

бұл  жайлы  ешнәрсе  білмейді.  Бар  болғаны  болжам 

жасайды»

9

.  Басқа  аятта:  «Олар  әуелгі  өз  жараты-



лыстарын  ұмытып,  бізге  мысал  бермекші:  «Мұнша, 

шіріген  сүйектерді  кім  тірілтеді?»  –  дейді»

10

.  Яғни, 



арабтардың  ақырет  жөнінде  сенімі  мүлдем  жоқ  еді. 

Бірақ  Араб  түбегінде  арабтармен  қатар  өмір  сүрген 

еврейлер  мен  христиандар  да  бар  еді.  Осы  дерекке 

жүгінсек, арабтар солардан ақырет туралы естіген деген 

жорамалға тоқталамыз. Алайда Араб түбегі қауымының 

ақыретке деген ешқандай сенімі болмағанын да есепке 

алсақ, олар әһли кітаптың

11

 көзқарастарына ешқандай 



маңыз  бермегенін  аңғарамыз.  Оның  үстіне  еврейлер 

мен христиандардың да қайта тірілуге деген сенімі өте 

саяз еді. 

Арабтардың арасында пұттарға табынбаған, оларға 

арнап құрбан шалмаған, тек қана Аллаһ Тағалаға сенген 

адамдар да болған. Оларды «муаххид»

12

 деп атайды. Ха-



8

  «Зумер», 39/3.

9

  «Жасия», 45/24.



10

  «Ясин», 36/78.

11

  Әһли кітап: Хақ Тағаладан кітап берілгендер. Еврейлер мен 



хрис-тиандар.

12

  Муаххид:  Аллаһты  бір,  жалғыз,  ешқандай  ортағы  жоқ  деп 



таныған адам.

ниф

13

  дегендер  де  бар



14

.  Ханифтердің  орталығы 

Мекке  еді.  Олар  Мекке  халқының  арасындағы, 

пұтқа  табынып,  Аллаһ  Тағалаға  шерік  қосып,  ру-

хани  құндылықтарды  аяққа  басып,  дүниеқоңыз 

болған  пенделерге  ұқсамай,  хазіреті  Ибраһим 

пайғамбардың ханиф дініне иман еткен жандар еді. 

Бұлар Зубәйір ибн Сулма, Кус ибн Саида, Умәйиәту 

ибн  Әби  Салт,  Уарақа  ибн  Нәуфәл,  Убәйбдуллаһ 

ибн Жаһш, Зәйд ибн Амр сияқты ханифтер еді.

Ол дәуірде ақсүйектер арасында болсын, мейлі 

төменгі сатыда болсын әйел затының қоғамда ешбір 

лайықты  орны  жоқ  еді.  Мұндай  үрдіс  қыз  бала 

дүниеге келісімен басталған. Арабтардың әйелі ұл 

туса  қатты  қуанып,  қыз  туса  қылмыс  істегендей 

күйге түскен. Өйткені, адамдар үшін қыздың әкесі 

болу – масқаралық саналған. Олар мұндай халден 

сәби қызды туа сала жерге тірідей көму, не оны бой-

жеткенде  біреуге  сатып  жіберу  арқылы  құтылған. 

Кейбір жаны ашығандары ғана қызын елсізге апа-

рып, мал бақтырған.

Бұл  жайлы  Фараздақтың  арғы  атасы  Са-

саа  иман  еткенде,  өзінің  басынан  кешкенін 

хазіреті  Мұхаммедке  (с.а.с.)  былай  баяндайды: 

«Пайғамбарым!  Қараңғылық  дәуірде  жасаған 

жақсылықтарымның  маған  пайдасы  бар  ма?». 

Хазіреті Пайғамбар «Нендей жақсылық жасадың?» – 

деп сұрады. Сасаа: «Мен бір күні түйемді жоғалтып, 

іздеуге  шықтым.  Сахарада  жүріп  ұзақтан  екі  ша-

тыр көрдім. Барған соң қарт кісімен жолықтым. Біз 

13

  Ханиф: Хазіреті Ибраһим дініндегі адам.



14

  Изутсу, а.а.е., 105-113-беттер.



13

Құран кімнің сөзі?

әңгіме үстінде отырғанда әйелі келіп, қыз туғанын ха-

барлады.

Күйеуі:  «Аулаққа  апарып,  жерге  көм»,  –  деді. 

Мен  араша  түсіп,  ақырында  сатып  аламын  деп  әзер 

көндірдім. Әлгі шалға боталы екі түйе мен астымдағы 

түйемді беріп, қызды аман алып қалдым. Бұдан басқа 

да  Исламға  дейін  360  нәрестені  құтқардым»,  –  деп 

сөзін    тәмамдады.  Хазіреті  Пайғамбар:  «Осы  жасаған 

жақсылығыңа Аллаһ Тағала саған Исламды нәсіп етті», 

– деп жауап берді

15



Ол  кезде  ерлер  әйелге  мүлік  ретінде  қараған. 

Әйел  хайыз  кезінде  уақытша  үйден  шығарылған. 

Негізі  арабтардың  әйел  алуына  шек  қойылмайтын. 

Қалағанынша  үйленіп,  ажыраса  берген.  Бұл  тек 

арабтарға ғана тән құбылыс емес, Рум мен Сасани им-

периясында да әйелдің адамдық құқы жоқ еді.

Арабтар аспаны ашық сахарада ғұмыр кешкендік-

тен,  ой-өрістері  де  сол  аспандай  таза  еді.  Сондықтан 

оларда шешендік өнер кеңінен тарап, әсіресе, шайырлық 

өнері  өрістеген  болатын.  Ол  заманда  ақындар  елінің 

зиялысы еді

16

. Бір ақынның сөзінен екі тайпа соғысып, 



бір ауыз сөзбен екі ел арасындағы көп жылдық қырғын 

тоқтап, татулық орнайтын. Ақындар арасында мүшәйра 

жарысы  өтіп,  жеңімпаздың  өлеңі  Қағба  қабырғасына 

ілінетін.

Арабтарда  сәуегейлік  де  етек  алған  еді. 

Ондайлардың  халықтың  жүрегінен  орын  алғаны  сон-

дай  көпшілік  оларды  тылсым  күшке  ие  таңғажайып 

15

  Нешет Чағатай, Ислам дөнеміне дек арап тариһы, түрк тариһ 



курум баспа үйі, Анкара. 1989.

16

  Исмайыл  Жарраһоғлу,  Тефсир  усулу,  Туркия  дианет  вакф 



баспа үйі, 1995. бет.

14

Мәңгі мұғжиза

жандар  деп  бағалап,  зор  құрмет  көрсететін.  Арабтар 

басына іс түсе қалса яки қайғы-қасіретке душар болса-

ақ,  сәуегейлерден  жөн  сұрайтын.  Олар  балгерлердің 

пұттардың ішіндегі жындармен тілдесіп, ғайыптан ха-

бар алатынына мүлтіксіз сенетін

17

.

Арабтар  осындай  қараңғы  дәуірді  бастан  кешу 



үстінде  әлемнің  Ұлы  Жаратушысының  құзырынан 

Жебірейіл арқылы хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) Құран 

жіберілді.  Ол  қасиетті  кітап  қана  емес,  жазу  стилі 

жағынан адам баласының қолынан келмейтін теңдессіз 

кітап  болды.  Оның  аса  ғажайып  мұғжизалық  үлгісін 

дос тұрмақ дұшпан да мойындап оны қабыл етті.

Құран  сөзі  тау  суындай  сарқырап  ағып,  жан  мен 

тән, ар мен жүректі кірден арылтып, адамзатқа бақыт 

әкелді. Құран арқылы әйел заты теңдікке қол жеткізсе, 

әке перзентін қыз, ұл деп бөле жармай, бірдей әкелік 

сезіммен қарайтын болды. Кешегі қызын тірідей көмген 

әкелер, енді құмырсқаға да аяныш сезіммен қарайтын 

заманға  қол  жеткізді.  Бір-бірімен  қырық  пышақтасып 

қырқысқан ру, тайпалар Құран арқылы арасынан қыл 

өтпейтін  дос  атанып,  аға-бауырлық  қарым-қатынас 

орнықты.  Күні  кеше  ата-анасына  қарсы  балалар 

Құранның  атқан  арайлы  таңынан  кейін,  оларға  қарсы 

шықпақ түгіл «уһ» деп те наразылық білдірмейтін иба-

лы дәрежеге жетті. Әсіресе анаға ерекше ізет көрсетіліп, 

«Жәннат – аналардың аяғының астында» деген мәрте-

белі баға беріліп, ардақталды. Міне, Ұлы Жаратушыдан 

түскен Құран бұдан он төрт ғасыр бұрын, зұлыматтың 

қара  түнегін  сейілтіп,  адамзат  әлемін  көкжиектен 

көтерілген күндей нұр-шұғылаға бөледі.

17

  сол бетте.



15

Құран кімнің сөзі?

БІРІНШІ БӨЛІМ

«Болашақта дәлелдерімізді ғаламзат және өз 

жаратылыстарында көрсетеміз. Сол кезде 

Құранның ақиқат екендігіне олардың анық 

көздері жетеді».

«Фуссилат» сүресі

16

Мәңгі мұғжиза

 біріНші тарау

ҚҰРАН хАҚЫНДА ЖАЛПЫ ТүСІНІК

Адамды жаратып, оның әлсіздігі мен мұқтаждық-

тарын білетін Аллаһ Тағала оны мына дүниеде қараусыз 

қалдырмады.  Адамзаттың  атасы  хазіреті  Адамнан 

бастап  ақыр  заманның  үмбетіне  дейін  әр  дәуірде 

адамзаттың  қажеттілігі  мен  сана  деңгейіне  қарай 

илаһи (құдайлық) хабарды сол қауым ішіндегі арнайы 

таңдалған пайғамбарлар арқылы жіберді

18

. Адамзаттың 



санасы  бұрынғыдан  гөрі  дамып,  толысқан  уақытта 

ақырғы  пайғамбар  хазіреті  Мұхаммед  (с.а.с.)  арқылы 

23 жыл бойы уахи етіп, Құранды түсірді. 

Құран – адамзатты қараңғылыққа көмілген заман-

да қапастан құтқарып, нұрға бөлеген нұр мен рақымға 

толы  кітап

19

.  Құранда  Аллаһ  Тағала  былай  дейді: 



«Ол  сендерді  қараңғылықтан  жарыққа  шығару  үшін 

құлына ап-ашық аяттар түсірді. Сөзсіз Аллаһ сендерге 

тым  мейірімді,  аса  рақымды»

20

.  «Біз  мұсылмандарға 



Құраннан шипа мен рақым түсіреміз. Бұл залымдардың 

зиянын ғана арттырады»

21



Құран  –  тарихтағы  өзіне  дейінгі  адамдардың 

қолымен бұрмаланған өзге илаһи кітаптарға ұқсамаған 

жалғыз уахилық кітап. Осы жағынан Құран өзге кітап 

пен  діндерді  бағалауда  жалғыз  құқылы  кітап.  Оның 

18

  Идрис Шенгүл. Куран үзеріне. Ышык баспа үйі. Измир. 1994. 



233 бет.

19

  әл-Бақилани, Әбу Бәкр Мухаммәд ибн Тәииб. И’жазул-Қуран. 



Дарул-Ма’ариф. Египет. 1963. 3 бет.

20

  «Хадид», 54/9.



21

  «Исра», 17/82.



17

Құран кімнің сөзі?

нақты мәнісі – Тәурат, Інжіл, Зәбур және Құранның бір 

бастаудан келуінде. Себеп – Тәурат пен Інжіл ғасырлар 

бойы адамдардың бұрмалауына ұшырап, Құранның әлі 

күнге дейін бір әрпі де өзгертілмей сақталуында. 

Құран  –  жоқтан  жаратылған  жеті  қат  әлем  атты 

алып  кітаптың  шексіз  тәржімесі.  Ұлы  Жаратушы 

әлемді  Өзінің  ұлылығы  мен  құдіреттілігін  таныту 

үшін жаратқан. Қасиетті хадисте Аллаһ Тағала: «Мен 

құпия қазына едім. Мені танып білсін деп, әлемді жа-

раттым»,  –  дейді.  Әлем-кітабын  адамзатқа  арнайы 

ұсынып, сол кітабы арқылы бізбен тілдеседі. Ендеше, 

адам баласы алып кітапты оқып, оның тылсым-сырын 

ақтарып,  негізгі  мақсатты  табуы  шарт.  Әлемнің  мән-

мағынасын ұғынуы керек. Бірақ адам пендесінің сана-

сы өлшеулі. Сансыз болмыстың құпия сырын адамзат 

Ұлы Жаратушының  пайғамбары арқылы жіберген кі-

тап кілтімен ғана аша алады. Ол – Ұлы Жаратушының 

әлемді көз алдымызға елестетіп бізге танытқан Құран 

кітабы. 


Құран  адамзаттың  сан  ғасырлар  бойы  санасы  да-

мып, кемелдік деңгейге жеткен сәтте түскен. Ол осыдан 

он бес ғасыр бұрын түссе де, қазір де, қияметке дейін де 

адам-заттың барлық мәселелерін шешуге жетіп артыла-

ды. Құранда Аллаһ Тағала: «Болашақта дәлелдерімізді 

ғаламзат  және  өз  жаратылыстарында  көрсетеміз. 

Сол кезде олар оның (Құранның) ақиқат екендігіне анық 

көздері жетеді»

22

, – дейді. Яғни, келешекте адамзаттың 



күллі  болмысы  мен  Құран  арасындағы  тылсым  бай-

ланысты түгел зерттеп, ақыр соңында Құранның Ұлы 

Жаратушының кітабы екендігіне нағыз ақыл иелерінің 

көздері жетеді. 

22

  «Фуссилат», 41\53.



18

Мәңгі мұғжиза

Құранның бұрынғы кітаптардан тағы бір ерекшелігі 

–  алғашқы  түскен  парақтар  мен  барлық  кітаптардың 

мазмұнын қамтуында.   

Құранның  түсуі  аса  қажет  еді.  Адамзат  –  жеті 

қат алып сарайдың аса қадірлі қонағы. Бүкіл әлем тек 

адамға  арналып  жаратылған.  Адамзат  дүниеге  Ұлы 

Жаратушының жарлығын орындап, ғаламат сарайын та-

машалай жүріп, Оған ғибадат етіп, хазіреті Мұхаммедтің 

(с.а.с.):  «Адамның  жақсысы  –  адамға  пайдалысы» 

дегеніндей,  ізгілік  жасап,  халыққа  пайдасын  тигізіп, 

кейінгі ұрпаққа өшпестей жақсы із қалдырып, жасаған 

жақсылығының қарымтасына алдағы ақырет әлемінен 

мәңгілік бақыт мекенін сатып алуға келген. Егер ақырет 

әлемі мен ондағы мәңгілік өмір болмаса, бұл өмір мен 

жаратылыстың ешбір мән-мағынасы қалмас еді. Адам 

баласы  бұ  дүниеге  текке  келіп,  құр  қол  кеткен  болар 

еді. Алайда әлемнің жаратылыс мақсаты – Адам. Әлем – 

алып ағаш, адам соның жемісі мен мәнісі. Адамның же-

місі мен мәнісі – мәңгілік бақытты ғұмыр кешу. Енде-

ше, ақырет болмаса, бұл ғұмыр босқа жаратылды деген 

мағына шықпай ма?! Адамзатты бұл фәниге қастерлеп 

әкелген Ұлы Жаратушының онымен тілдеспеуі, сынақ-

әлеміне нендей мақсатпен шақырғанынан хабар бермеуі 

мүмкін емес. Сөзсіз, елшісі арқылы хабар беруі тиіс еді. 

Сол хабардың ақырғысы осы Құран. Егер Құран болма-

са бұл ғұмырға неге келгенін ұға алмай, сахарада сағым 

қуған жанға ұқсар еді. Бұдан бұрынғы түскен кітаптар 

түгелдей адам қолымен бұрмаланғандықтан, Ұлы Жа-

ратушыдан толық мәлімет ала алмай санасы сарсаңға 

түсері хақ. Әрі бұрынғы кітаптар сол заманның санасы-

нан аса алмаған еді.



19

Құран кімнің сөзі?

Құран  –  Аллаһ  Тағаланың  есімдері  мен 

сипаттарының  жер  мен  көкте  жасырылған  рухани 

қазыналарын табушысы. Онсыз Аллаһ Тағаланы тани 

алмайтын  едік.  Әлем  –  Ұлы  Жаратушының  есімдері 

мен  сипаттарының  шағылдары.  Құран  бізге  әлемдегі 

сол шағылдарға көз тастатып, солардың нағыз иесінің 

қандайлығын танытады. Көзімізді мысал етейікші. Көру 

қасиетінің қайнары – Аллаһ Тағаланың Басир (Көруші) 

сипаты.  Басир  Жаратушы  күллі  жаратылысты  көреді. 

Біздікі шектеулі. Әрі бүгін бар, ертең жоқ. Мерзімі біт-

кенде  ғайыпқа  айнала-ды.  Ендеше  көру  қасиеті  тіке-

лей бізге тән емес. Бар болғаны тасқа түскен сәуледей, 

Аллаһ Тағаланың Басир сипатынан түскен шағыл ғана. 

Күннің жарығы да Жаратушының Нұр есімін танытқан 

шағылы ғана. Күнге зер салсақ, оның сөнуге бет алған 

дене  екенін  байқаймыз.  Ендеше,  ондағы  сәуле  мен 

қуаттың қайнары – Аллаһтың Нұр есімі. Құран әлемнің 

таңғажайыптылығынан сөз қозғай келе, олардың қайнар 

көзі  –  Ұлы  Жаратушының  есімдері  екендігін  айтып, 

адамзатқа ғибрат береді. 

Құран  –  Исламның  рухани  кеңістігінің  көгінде 

жарық шашқан нұрлы шырақ. Құран – Исламның не-

гізі мен мәні. Құран – ақырет әлемінің де қасиетті кар-

тасы. Ол тек қана бұл ғұмырлық адамдар арасындағы 

қарым-қатынас  емес,  сонымен  қатар  келешек  мәңгі 

әлемді де тамаша түсіндірген кітап. Құран – ақыреттік 

мекен-жайды,  ондағы  жәннаттың  аса  ғажайыптығы 

мен  сұлулығын  және  жаһаннамның  жан  шошырлығы 

мен қорқыныштылығын суреттеп, бізге нендей қам жа-

сауымызды үйреткен кітап. Задында, адам баласының 

Отаны  –  жәннат.  Адамзаттың  ата-анасы  сол  жерден  

келген. Бірақ адам баласы сол Отанына жеткенше әлі 


20

Мәңгі мұғжиза

талай сапар шекпек. Құран осы Отанына асығып, бұл 

ғұмырдан өтіп бара жатқан жолаушының қолына беріл-

ген жол картасы. Құрансыз адамзат күні ертең алдынан 

не күтіп тұрғанын біле алмай, қатты күйзеліске түсер 

еді.


Құран – әрі адамзаттың тәрбиешісі. Құранның бас-

ты мақсаты – адам баласының жан-тәнін кірден арыл-

тып, рухына ғайыптық қанат тағып, жәннатқа лайық  ету. 

Асылында, Құраннан тәлім-тәрбие алған адам рухының 

бұл дүниесі де жәннатқа ұқсас. Өйткені, адамның жан 

дүниесі мен болмысын тәрбиелеуде ең кемел әдісті ада-

мды жоқтан жаратқан Аллаһ Тағала ғана біледі.. Енде-

ше, Құран – адамзаттың жалғыз тәрбиешісі.

Құран  –  күллі  адамзаттың  заттық  және  рухани 

қажеттілігіне сай, кең ауқымға ие, қасиетті дара кітап. 

Құран адам баласының тән азығы мен жан азығы, бұл 

фәнилік ғұмыры мен ақыреттік өмірі, адамның жеке ба-

сы мен отбасы, экономика, саясат, басқару жүйесіне бір-

дей жеткілікті кітап. Құран адам өміріне немқұрайды-

лықпен  қарамай,  оның  барлық  қажеттілігін  қамтыған 

кітап.  Адам  баласы  дүрбелең  өмірдегі  бөгеттер  мен 

асулардан  соның  көмегімен  өтіп,  дертінің  дауасын, 

рухының азығын Құраннан ғана табады. Құран – сөзі 

де, мағынасы да өзіне тән Хақ тағаланың адамзатқа жі-

берген ақырғы кітабы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет