§ 4. Кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау
І. Егер халқаралық жеке құқықтағы кез келген Х елі сотқа У шетел мемлекетінің құқығын қолдануға тапсырма берсе, У елінің құқығы олардан түсінік беруді талап етеді. Осы шешімге екі мүмкіндік қарастырылады:
1) «У елінің құқығы» ішкі құқықты білдіреді және де У елінде қолданады. Бір қарағанда бұл дұрыс шешім болып көрінеді және көптеген заңгерлер мен бірнеше соттар ең мүмкін дұрыс шешім деп есептейді.
2) Бірақ «У елінің заңы» осы елдің барлық құқықтарын білдіруі мүмкін, ең бастысы оның халықаралық жеке құқығында егер оның халықаралық жеке құқығында бұйырып тұрса, У елінің ішкі материалды азаматтық құқығы осындай жағдайда қолданылады. Х елінің халықаралық жеке құқығындағы осыған байланысты У елінің құқығы мен растауы қажет. У елінің құқығы қолданылуы үшін екі жақты заң шығарушылардың келісімі қажет. Егер халықаралық жеке құқығының екі жүйесінің арасында мұндай үйлесушілік болмаса мынадай жағдай болу мүмкін:
а) немесе У елінің коллизиялық нормасы Х елінің құқығына кері сілтеме жасайды. Бұл дегеніміз француз заңгерлерінің кері сілтеме жасау (renvoi) болып табылады және де бұл термин барлық жерде қолданыс табуда. Германияда Ruckverweisung термині қолданады, ал Англия мен Құрама Штаттарда Remissionдеп те қолданады.
ә) Не болмаса У еленің коллизиялық нормасы үшінші елдің құқығына сілтеме жасайды. Бұл сілтеме де – renvoi (бұл жерде бұл термин кең мағынада қолданылады), бірақ бұл одан арғы сілтеме (transmission), кері сілтемеге қарағанда, Weiterveisung. Осы мәселеге байланысты Z елінің коллизиялық нормалары қолданылуы керек пе деген сұрақ ашық түрде қалып отыр.
Коллизиялық проблема,2- шетел құқығына сілтеме,3-шетел құқығы кері сілтеме жасауы,4- кері сілтемені қабылдау
Сілтеме жасау мәселесі бойынша көптеген мысалдар келтіруге болады:
1.Италияда домицилиленген Британияның қол астындағы азаматы, өзінің қозғалмайтын мүлігін Англияда қалдырып, өсиет қалдырмай қайтыс болады. Ағылшын сотының алдына мұрагерлікке үміткер “А”. және “Б”. арасындағы мәселені шешуге дау туады. А. Италияның мұрагерлік туралы заңына өзінің талабын негіздейді, ал Б. болса ағылшынның мұрагерлікті басқару (Adminstration of Eastes Act) туралы заңға негіздей отырып осы мүлікке жалғыз мұрагер ретінде талап арыз беріп отыр. Ағылшынның халықаралық жеке құқығы бойынша өлген адамның домицили құқығы шешуші болып келеді. Егер сот кері сілтеме доктринасын қабылдамаса, ол Италияның ішкі құқығын қолданып, дауды А.-ның пайдасына шешіп береді. Егер де сот осы доктринаны қабылдаса, яғни ол ағылшынның құқығында шын мәнісінде негізделгендей ол біріншіден Италияның халықаралық жеке құқықты мұрагерлікке қатысты нормаларының мазмұнын анықтайды өйткені бұл норма өлген азаматтың заңына сілтеме жасап отыр, ол ағылшынның ішкі құқығын қолданып Б.-ның пайдасына шешім шығарады яғни кері сілтеме жасау оқиғасы бойынша.
2.Сонымен қатар кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау азаматтық заңнан, домицили заңына дейін назар аударылуы керек. Мысалы, Германияның соты, Германияда домицилинеген, Британияның қол астындағы азаматы қозғалатын мүлікке мұрагер болушылыққа қатысты өзінің қарауына талап арыз қабылдайды. Германияның халықаралық жеке құқығы азаматтың заңы ретінде ағылшынның заңына нұсқап отыр, ал ағылшынның халықаралық жеке құқығы домицили заңы ретінде Германияның заңына кері сілтеме жасап отыр. Бұл жағдайда Германияның соты кері сілтемені қабылдап, Германияның ішкі құқығын қабылдау керек.
Бұл жоғарыда келтірілген мысалдардың бәрі мұрагерлікке қатысты болды. Кері сілтеме жасау проблемасы халықаралық жеке құқықтың кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Мысалы: егер даудың пәні болып некеліктің жарамдылығы болса, ажырасу туралы шешім және кезектегі некені заңдастыру, және Векселдің жарамдылығы тұлғаның құқық және әрекет қабілеттілігіне байланысты болады және т.б.