Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


§3 Халықаралық коммерциялық операциялардағы есеп-айырысулардың нысандары



бет66/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   141
Байланысты:
Халықаралық жеке құқық лекция

§3 Халықаралық коммерциялық операциялардағы есеп-айырысулардың нысандары.

Халықаралық коммерциялық операциялардың қаржыландыру тәжірибесі төлемдердің бірнеше нысандарын анықтайды. Белгілі бір төлемдердің нысанын таңдау барысында тараптар белгілі бір императивтік және диспозитивтік қиыншылықтарға тап болады.


Төлем – бұл халықаралық экономикалық қатынастардың қаржылық қамтамасыз етілуінің қорытынды кезеңі болып табылады.
11Төлем шарты ( terms of payment) – халықаралық шарттың басты әрі қиын құрауыштарының бірі. Контрактта төлем шарттарын бекітуде халықаралық тәжірибеде келесідей жағдайлар қарастырылған:

Халықаралық есеп-айырысуларда валютаның бірнеше түсініктері қолданылады, алайда шарт бойынша валютаның таңдалуы емес, валюталық шектеулер және ескертпелер, валюталық тәуекел мен валюта бағамына көп мән бөлінеді.
Жоғарыда айтылып кеткендей, екі автордың түйінділерінен біз халықаралық есеп-айырысуларының негізгі нысандары ретінде мыналарды қарастыруды жөн көрдік:

  1. аккредитив

  2. инкассолық операциялар

  3. вексель

  4. банктік аударым

Төлемге ұсынылатын құжат ретінде :

    • Аккредитив

    • Чек

    • Вексель танылуы мүмкін

ҚР 1995ж Ұлттық банк туралы заңынының 8-бабының «д» тармақшасында Ұлттық банк:
«Д) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ банкаралық клирингті жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару және пайдалану тәртібін айқындайды», делінген.
Демек, ҚР аумағындағы есеп-айырысулардың құқықтық реттелуі Ұлттық банктің құзыретінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет