Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


§5 Сот тәжірибиесіндегі мемлекет иммунитетінің қағидасы



бет45/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   141
Байланысты:
Халықаралық жеке құқық лекция

§5 Сот тәжірибиесіндегі мемлекет иммунитетінің қағидасы.

Халықаралық жеке құқық туралы әдебиеттерде көрсетiлгендей, мемлекеттiк иммунитет туралы халықаралық құқық нормасының мазмұнын бекiткен кезде, маңызды роль халықаралық сот тәжiрибиесi алады. Бұл тәжiрибе осы халықаралық норманың қалай қолданылатынын көрсетедi.


Мемлекеттiк иммунитет туралы доктрина 19 ғасырда пайда бола бастағаны анық. Мемлекеттiк иммунитет мемлекеттерге олардың функцияларының сипатына қарамастан, егемендi теңдiгi және саяси тәуелсiздiгi негiзiнде берiлген.
Атақты американдық Леак заңгерiнiң пiкiрiнше: «19 ғасырда мемлекеттер шексiз мемлекеттiк иммунитет теориясын дамытты. Мемлекеттердiң тәуелсiздiгi, олардың теңдiгi және өзара сыпайлығы шетел мемлекеттерiне және олардың меншiктерiне қатысты өз мемлекетiнiң құзiретiнен бас тартуға әкелдi.»
19 ғасырдың екiншi жартысында мемлекеттер жеке тұлғаларға қатысты жеке құқықтық қызметпен айнала бастаған. Бұл жағдай кейбiр мемлекеттердiң соттарында «мемлекеттердiң құқықсубъектiлiктерiнiң екi жақтылық формасы» доктринасының қолданылуына әкелген. Осы доктринаға сәйкес мемлекет «Potere Politica» қатысты саяси субъект, ал «Corpo Morale» қатысты жеке құқықтық қатынас субъектiсi ретiнде әрекет етедi. Осыған байланысты кейбiр мемлекеттердiң ұлттық соттары шетел мемлекеттерiне иммунитет беруден бас тарта бастады. Бiрақ осыған қарамастан 20 ғасырдың 70 жылдарына дейiн дүние жүзiнiң мемлекеттерiнiң көбiсi өзiнiң заңнамаларында да, сот тәжiрибиесiнде де мемлекет өз мақсаттарына да, қызметiнiң сипатына да қарамастан иммунитетке ие болады деген пiкiрдi ұстанған.
Уақыттың өтуiне байланысты өзiнiң жариялығын кейiн алған функционалдық иммунитет теориясы, мемлекет қызметiн de jure imperii және de jure gestionis деп бөлiнуге негiзделген, бiрақ ешқай мемлекеттiң заңнамасы немесе сот тәжiрибесi мемлекет қызметiн осы екi түрге бөлу нақты шекарасын көрсетпеген. Қабылданған концепцияны қолдануға қиын болған, өйткенi мемлекеттер келе өз функцияларын және өз қызметiн көбейте отырып, шиеленiсiп кеткен iстердiң көбеюiне әкелген.
Анализ жасаған уақытта мынадай құбылысқа келiп тiрелген, белгiлi бiр сот ұқсас iстерге iр түрлi шешiмдер, кей жағдайда бiр бiрiне қарама қайшы шешiмдер шығарған. Қолданбалы критерийлерден шығатыны, «соттар үшiн белгiлi бiр мәмiленiң немесе келiсiмнiң, олардың комерциялық немесе жеке құқықтық сипатына қарамастан, сипатын анықтау өте қиынға түсуде.»
Италияндық сот тәжiрибесiне сәйкес 1882 жылдан бастап мемлекет жеке тұлға ретiнде қарастырылғанда оның иммунитетi шектеле бастаған. Мемлекеттiк иммунитет тек «atti d`impero» iстерiнде ғана көзделiнiп, ал «atti gestionis» iстерiнде қарастырылмаған. 1925 жылғы Governo Frances c. Serra деген Катарродан Сицилияға қарай кемелердi буксирлеу жөнiнде келiсiмдер туралы iсiнде, сот келесiдей шешiм қабылдады: «шетел мемлекетi тек комерциялық қызмет жасап, өз меншiгiн more et jure privatorum қолданса, онда ол шетел мемлекетiнiң заңды тұлғасының құқықтарына теңестiрiледi.»
1925 жылы италиандық кассациялық соты («Тезини и Мальвецин» фирмасының КСРО сауда өкiлеттiлiгiне шағым негiзiндегi iсi) шетел мемлекетi италияның сот құзыретiне бағынбайды деп және келесiдей жорамал жасады: шетел мемлекетi тек ашық және анық көрсетумен ғана емес, сонымен қатар үнсiз де өзiнiң артықшылықтарынан бас тарта алады. Осыны негiзге ала отырып, сот мемлекеттiң қызметiн саралады. Жалпы италиандық сот шетел мемлекеттерiмен қатысты iстерде шешiм шығарған уақытта сол мемлекеттердiң иммунитетке құқығын негiзге алмай, италияндық заңнаманы негiзге алып шешiм шығару қажет деген ереженi ұсынған.
Белгиялық прецеденттiк құқығы 1857 жылы Перудегi гуано монополиялары жөнiндегi iстердiң қаралымынан кейiн пайда болды. Сот келесi iстер бойынша былай бекiттi: «бұл принцип (егемендi мемлекет) тек мемлекет өзiнiң мемлекеттiк функциялары бойынша және өзiнiң халқы үшiн қызметтi жүзеге асырған уақытта қолданылады, ал мемлекет комерциялық қызметтi, яғни сауда келiсiмдерiн жасаған уақытта ол сауда соттарының заң құзыретiнiң астында болады.»
1950 жылы Societe Commercial de Belgique c. L`Etat Hellinique iсiн қарау барысында Брюссель азаматтық требуналы келесiдей шешiм шығарды: «егерде мемлекет кометциялық қызметтi жүзеге асыратын болса, онда бұл мемлекет сот иммунитетiнен ғана емес, сонымен қатар мәжбүрлi түрде сот шешiмiн орындау иммунитетiнен де айырылады.»
Француз сот тәжiрибесi негiзiнен шектеусiз иммунитетi қолдану принцiпiн ұстанған. 1849 жылы испан мемлекетiнiң өкiметiмен өзiнiң әскерi үшiн бiр топ етiктi сатып алу туралы iстi шешкен уақытта, сот мемлекеттердiң иммунитеттерiн олардың бiр бiрiнен тәуелсiздiгiне негiздеп, иммунитетке келесiдей анықтама бердi: «мемлекеттiң егемендi күшiмен тығыз байланысты, басқа мемлекеттермен ажыратылмайтын мемлекеттiң құқығы.»
1912 жылы Париж аппеляциялық соты мемлекеттiң бисубъектiлiгi туралы концепцияны мойындамады. Сот: «мемлекеттi жария, яғни шетел мемлекетiнiң заң құзiретiне бағынбайтын және заңды тұлғаға, яғни сол құзiретке бағынатын деп бөлуге болмайды, өйткенi мемлекеттiң әр бiр жасаған қызметi тек саяси мақсаттарды көздеп жасалынады және бұндай екiжақты форманын қолдануын қанағаттандырмайды.»
1916 жылы Рейн аппеляциялық соты өзiнiң кемеге деген құзыретiнен бас тарқан, өйткенi бұл кеме пайда келтiру үшiн емес, өзiнiң ұлттық қауiпсiздiгiн сақтау мақсатымен жалданған.
1919 жылы Француз соты Швецариялық «Office Suisse de Transporte Exterieurs» ұйымы туралы iсiнде Швецарияға жiберiлген тауарлар туралы келiсiмдi комерциялық мәмiле деп таныды. Бiрақ Париждiң аппеляциялық соты бұл iстi қайта қарағанда, бұл шешiмге қарсы шешiм шығарды, «бұл келiсiмде комерциялық қызмет орын алып тұрған жоқ, бұл келiсiм толық саяси мақсаттарды көздеп отыр және ең маңыздысы келiсiм пайда көзi үшiн жасалмады.»
1924 жылы Марсель соты Romania vs Pascalet iсi бойынша келесi шешiмдi қабылдады, «өз азаматтарына қайта сату мақсатында алынған тауар act de commerce болып табылады және мемлекеттiк иммунитет қағидасына жатқызылмайды.»
1926 жылғы Societe le Gostorg et l`URSS c. Association France Export атақты iсi бойынша сот «бұл сауда өкiлеттiлiгiнiң барлық қызметiнде комерциялық сипат айқындалған, ал комерциялық қызметке иммунитет таралмайды» шешкен.
Осыған байланысты Фрация мемлекетiнiң сот тәжiрибесiнiң бiр жақты емес екенiн көруге болады. Бұндай жағдаймен функционалдық иммунитет принцiпiн ұстанған iр мемлекет кездескен.
Германия мемлекетiнiң сот тәжiрибесi де қарастырылып отырған сұрақ бойынша өзiнiң ауыспалылығы және айнымалылығымен көрiндi.
Германия мемлекетiнiң соты 1910 жылы ресей өкiметiнiң салымдарына тыйым салу бойынша iсте германияның Гельфелдь атты азаматының шағымын қанағаттандырмады, сот «мемлекеттер бiр бiрiнен тәуелсiз, егемендi, теңқұқылы болғандықтан, олар мемлекеттiк күшке, мемлекеттiк құзiретке бағынбайды.»
Германия 1926 жылғы мемлекеттiк иммунитеттер туралы ережелердi үйлестiру атты Брюссель Конвенциясын қабылдағаннан кейiн, бұл мемлекетте иммунитеттi шектеу принципi пайда болды.
1963 жылы Иран империясымен байланысты iстi қараған кезде, германиялық сот Иранның елшiлiгiнде жылу жүйесiн қалпына келтiру қызметi мемлекеттiң егемендiгiне жатпайды және бұл қызметке иммунитет таратылмайды. Бұл шешiмдi қабылдау үшiн сот 18 мемлекеттiң бұл сұраққа байланысты сот прециденттерiн қарап шықты.
1979 жылы Франкфурттық аппеляциялық соты туристiк агенттiктерiнiң жария сипатына қарамастан, оның қызметiн жеке құқықтық қызмет деп шештi. Сот испан өкiметiне иммунитет беруден бас тартқан, өйткенi жарнамалық фильмнiң көрсетiлiмi испан өкiметiнiң пайда табуды көздегенiң айқындаған.
Голландиялық соттар керiсiнше барлық мемлекеттiң қызметiн мемлекеттiк функцияларға бағыттаған: кеме қызметi, сонымен қатар мемлекеттiң қолхат бойынша қарызы да de jure imperii қызметi деп саналған.
1947 жылдан бастап ғана Голландия шектеулi иммунитет қағидасын пайдалана бастады. Бұл қағиданың пайдала бастауының негiзiнде «мемлекеттiк иммунитет туралы халықаралық қағида мемлекеттiң комерциялық немесе қаржылық қызметтердi жүзеге асырған уақытта қолданылмайды» анықтамасы жатқан.
1971 жылы басталған, 1974 жылғы Жоғарғы Голландиялық соттың Societe Europeenne d`etuolis et d`Enterprises vs The Socialist Federal Republic of Yugoslavia iсi бойынша шешiмде комерциялық қызмет сипаты анықталынып, жазылған. 1971 жылы сот Одақты Федеративтi Югославия Республикасына иммунитет бердi, «шетел мемлекетiнiң заң құзыретiнен мемлекеттiк иммунитет туралы халықаралық құқықтық қағидаға сүйенiп белгiлi бiр мемлекеттiң құзыретiн өзiне бағындыруға болмайды» деген пiкiр негiзiнде иммунитет берiлдi.
Бұл iс Гаагалық аппеляциялық сотқа қарауға берiлдi. 1972 жылы Гаагалық сот бүл iс бойынша келесiдей шешiм шығарды: «шетел мемлкетiнiң заң құзыретiнен мемлекеттiк иммунитетке өкiметтiң актiлерiне қатысты (imperii) мемлекет шағым бере алады, егер оның қызметi gestionis болып табылмаса.»
1973 жылы Жоғарғы Сот шешiм қабылдады. Сол шешiм бойынша «жоғарыда айтылып кеткен қызметтер жүзеге асырылған кезде халықаралық құқыққа сәйкес шетел мемлекетiнiң заң құзiретiнен мемлекеттiк иммунитет қолданылмайды.»
Латынамерикалық мемлекеттер көбiнесе абсолюттiк иммунитет қағидасын ұстанады. Осыған байланысты бұл аумақтың сот тәжiрибесiнде мемлекеттiк иммунитет бойынша сот прециденттерi бар.
1971 жылғы Бразилия мемлекетiнiң бекiтiлiмiне сәйкес, егер мемлекет өзiнiң меншiгiмен қолданылуы, мемлекеттiң мәмiлеге отыруы азаматтық құқықтағы келiсiм шарт мiндеттерiне тән сипаттама болса, онда бұндай жағдай да иммунитетке талаптанбау тиiс. Бiрақ тәжiрибеде бұл бекiтiлiмдi дәлелдей алатын ешбiр жағдай болған жоқ.
Baima and Bessolino vs the Gonernment of Paraguay iсi бойынша сот шетел мемлкектiне қарсы iстi оның бұған тiкелей келiсiмiнсiз бастауға болмайтыны туралы шешiм қабылдады.
Чилидiң сот тәжiрибесiн тексерген уақытта олардың абсолюттi иммунитет қағидасын қолдайтының көруге болады. 1969 жылғы «Галф Ойл» компаниясы және Боливия өкiметi арасындағы қарама қайшылықтар бойынша iстi сот қараусыз қалдырды. Соттың түсiндiрмесiне сәйкес «чили сотының шетел мемлекетi үшiн шешiм шығару құқығы жоқ және Чилиден Боливияға экспортталған тауарлар, яғни техника немесе басқа да мүлiк бойынша келiсiм шарттар немесе мәмiлелерге соттық шектеулер қоя алмайды.»
1812 жылғы «Exchange» кемесiмен байланысты прециденттен кейiн Америка Құрама Штаттары абсолюттiк иммунитет доктринасын ұстанған. Жоғарғы Соттың шешiмiне сәйкес шетел мемлекетiнiң территориясында орналасқан сауда кемесi әскери кеменiң иммунитеттерi сияқты тура сондай иммунитеттерге ие болады. «Рестрективтiк» иммунитетке өту 1946 жылы Ресей кемесiн ұстаған кезде бағытталған. 1976 жылы АҚШ мемлекеттiк иммунитет туралы актiнi қабылдаған кезден бастап, абсолюттiк иммунитеттен бас тартты. Бiрақта америкалық прецеденттiк соттәжiрибесi өзара қарама қайшылықтарды көбейттi. Мысалы, жарнамалық қызмет мемлкеттiң саяси актiсi ретiнде қаралды.
Мемлекеттiк иммунитет туралы iстер жүйелi түрде көбiнесе англия мемлекетiнде қолданды. 1850 жылы «Parlement Belge» белгиялық пошталық кемемен байланысты iстi қараған кезде, сот сол кеменiң комерциялық қызметi болмаса барлық иммунитетке сәйкес функциялардың атқаратының көрсеткен.
1938 жылы «SS Christina» кемесiне байланысты Лордтар палатасы шешiм қабылдады. Осы шешiмде «декрет негiзiнде испания мемлекетiнiң қарамағына өткен кеме сот иммунитетiне ие болады және ағылшын мемлекетiмен қамауға немесе тоқтатыла алмайды» делiнген.
1957 жылы сот даулық сомманы Лондон банкiне қайтару iсiнде Пакистан мемлекетiнiң иммунитетiн мойындаған. Реннинг лорды бұл шешiммен келiспеген және өзiнiң пiкiрiн айтқан: «... егер мемлекеттiң (ведомствосының, бөлiмшесiнiң немесе әдейi құрылған заңды тұлғасының) даулы мәселесi сауда мәмiлесiмен байланысты болса, онда мемлекеттiң иммунитетке ие болу құқығы болмайды.»
Жоғарыда көрсетiлген барлық дүние жүзi мемлекеттердiң сот тәжiрибесiнде мемлекеттiк иммунитет сұрағы орын алғанын көремiз және заманның дамуына байланысты әр мемлекет жеке құқықтық қызметтi жүзеге асырғаннан бастап, мемлекеттерге, яғни олардың иммунитеттерiне қарсы iстер пайда бола бастады. Бұл жағдай өзiнше иммунитеттiң шектеулi және фуеционалдық түрлерiн туғызды, яғни мемлекеттiк қызметтiң екiтүрге бөлiнгенiн, жарияқұқықтық және жекеқұқықтық. Және белгiлi бiр шешiмдердiң теориялық түрде доктринада емес, практика жүзiнде бiрiншi қолданылғанын көремiз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет