Алматы 2017 январь


-кесте. А7, А6, А5 және А0 маркалы  алюминий қорытпасының химиялық құрамы



Pdf көрінісі
бет34/92
Дата03.03.2017
өлшемі28,19 Mb.
#7549
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92

 

5-кестеА7, А6, А5 және А0 маркалы  алюминий қорытпасының химиялық құрамы 

 

Марка 



Қоспа, аз емес 

к

ре



м

н

и



й

 

те

м



ір

 

м

ы



с 

м

арг



ан

ец

 

м

аг

н



и

й

 

м

ы

ры



ш

 

га

л



л

и

й



 

ти

та



н

 

Б

ас



қ

а 

қ



ос

п

а-



л

ар 


р

 қ



ай

-

сы



сы

 же


ке

 )

 

А

л

ю



м

и

н



и

й



аз

 е

м



ес

 

А7 

0,15 

0,16 

0,01 

0,03 

0,02 

0,04 

0,03 

0,01 

0,02 

99,70 

А6 

0,18 

0,25 

0,01 

0,03 

0,03 

0,05 

0,03 

0,02 

0,03 

99,06 

А5 

0,25 

0,30 

0,02 

0,05 

0,03 

0,06 

0,03 

0,02 

0,03 

99,50 

А0 

0,95 

Si+Fe 

0.05 

0.05 

0.05 

0.10 

 

0.02 

0.03 

99.00 

 

Фольганың механикалық  қасиеті 5-кестеде көрсетілген  талаптарға сай болу керек/8/. 



 

 



 Технические науки 

 

208                                                                                            



№1 2017 Вестник КазНИТУ 

 

6-кесте. Техникалық фольганың механикалық қасиеттері 



 

Алюминий  құймаларынан    табақтар,  таспалар,  сым,  фольга  түрлі  технологиялық  сұлбаларды 

қолданып  дайындалуы  мүмкін.  Алюминий  фольгаларын  дайындау  технологиясына  келер  болсақ, 

әлемде  шамамен  фольгаға арналған дайындамалардың 50% дәстүрлі құймаларды қыздырып жайма-

лау әдісімен өндіріледі. 1960 жылдарға дейін  бұл фольга  дайындамаларын даярлаудың жалғыз жолы 

болып келді/9/. Ол кейіннен  құймасыз  жаймалау әдісіні тарапынан  үлкен бәсекелестікке ұшырады. 

Қазіргі кездегі соңғы жылдары салынған фольгажаймалау  кәсіпорындары   түгелдей құймасыз   дай-

ындамамен  жұмыс  істейді.  Алюминий  таспасын  салқын  түрде  жаймалау    алюминий    қаңылтырын, 

профилдерді, фольгаларды   қажетті қалыңдықтағы тағы да басқа  басқа өнімдерді алудың  соңғы са-

тысы болып табылады/10/. 

ӘДЕБИЕТТЕР  

[1]  Лахтин Ю. М., Леонтьева В. П. Материаловедение: Учебник для высших технических  учебных за-

ведений. — 3-е изд., перераб. и доп. —М.: Машиностроение, 1990. — 528 с. 

[2]  Гринева С.И., Коробко В.Н., Кузнецов А.И., Сычев М.М. Алюминий и сплавы на его основе. Учеб-

ное пособие. /СПб, СПбГТИ(ТУ). – 2003. –  22  с. 

[3]  Райков Ю.Н., Кручер Г.Н. Алюминиевая фольга. Производства и применение. М.: ОАО «Институт 

Цветметобработка», 2009.– 184 с. 

[4]  Баранов М.В., Бажин В.Ю. Дефекты фольговых заготовок и фольги из алюминиевых сплавов. Учеб. 

пособие. Екатеринбург : ГОУ ВПО УГТУ–УПИ, 2006. 126 с. 

[5]  Материалы 

компании 

Аchenbach 

(Германия)http://aluminium-guide.ru/alyuminievaya-folga-

proizvodstvo/ 

[6]  ГОСТ 618-73  

[7]  ГОСТ 11069-2001 

[8]  ГОСТ 745-2003 

[9]  http://folga.ru/about-foil/production-cycle/ 

[10]  Т. Н. Шабалина, В. А. Тыщенко, Н. А. Плешакова, С. Е Сенчило, И. И. Занозина, А. В. Шейкин Оп-

ределение  оптимального  группового  углеводородного  состава  основы  смазочно-охлаждающей  жидкости  для 

холодного проката алюминиевой ленты ОАО «СвНИИНП», г. Новокуйбышевск. 

 

Мауленова М.Р., Машеков С.А. 



Алюминиевая фольга и ее виды   

Резюме: В статье рассмотрены свойства алюминиевой фольги, история, применение и назначение  алю-

миниевой фольги, сплавы для изготовления алюмиевой фольги по ГОСТу.  



Ключевые слова:  алюминий,  алюминиевая  фольга,  техническая  фольга,  упаковочная  фольга,  техноло-

гия изготовления фольги. 



 

Maulenova M.R. Mashekov C.A. 



Аluminum foil  and tеypes of aluminum foil  

Summary: The article deals with the properties of aluminum foil, history, and purpose of use of aluminum foil 

for the manufacture of alloys according to state standard aluminum foil and foil manufacturing technology. 



Keywords: aluminum, aluminum foil, technical foil, packaging foil, foil production technology. 

 

 



 

 

Фольга қалыңдығы, мм 



Уақыттық кедергісі 

(Временноесопротивление) 

σ

в

, МПа (кгс,/мм



2

), аз емес 

Жыртылғаннан кейінгі салыстыр-

малы созылуы δ %, аз емес 

Материал жағдайы 

қатты 


жұмсақ 

қатты 


жұмсақ 

0,007 ден 

0,011 дейін 

100 (10) 

30 (3,0) 

— 

— 



0,011  ден 

0,045 


100 (10) 

35 (3,5) 

— 

2,0 


0,045  тен 

0,200  дейін 

120 (12) 

40 (4,0) 

— 

3,0 


 



 Техникалық ғылымдар 

 

ҚазҰТЗУ хабаршысы №1 2017                                          



209 

 

УДК: 656.073.51 



 

Ж.Г. Жәнібекқызы, А.З. Нурмуханова, А.А. Куйкабаева, Ш.С. Оспанова 

(Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 

Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы)  

 

ЖҮКТЕРДІҢ КЕДЕНДІК МӘРТЕБЕСІН РАСТАУ  РӘСІМІН ТАЛДАУ (ЕС-Т2L) 

 

Түйіндеме.  Берілген  мақала  кеденнен  өткізілетін  жүктердің  кедендік  мәртебесін  Кеден  кодексіне  және 

соған сәйкес қабылданатын кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сүйене отырып растау үр-

дісін  қарастыруға  арналған.  Мақалада  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  шарттарына  сәйкес  кедендік 

рәсімдеуді  оңайлату  және  жеделдету  мақсатында  басқа  мемлекеттердің  кедендік  рәсімдеу  үшін  пайдаланыла-

тын кедендік құжаттары жайлы сөз қозғалып, олардың тиімді тұстары қарастырылады. Кеден кодексін саралай 

отырып, кедендік рәсімдеуді жүргізудің технологиясы мен негізгі сатылары жайлы сөз қозғалды.  



Кілттік сөздер: кеден шекарасы, нормативтік-құқықтық актілер, кедендік рәсімдеу тәртібі мен техноло-

гиясы, кедендік режим, кеден төлемдері. 



 

Қазіргі  экономикалық  даму  ұлттық  экономикалардың  аймақтық  және  бірыңғай  әлемдік 

кешендерге  бірігу  үрдісіне,  еркін  сауданың  кең  аймақтарын  құруға  тауарлар  мен  қызметтермен 

алмасу  жөніндегі  халықаралық  келісімдер  ролінің  артуына  ұмтылысымен  сипаталады.  Барлық 

елдердегі  ұлттық  экономикалар  есімдеудің  белгілі  бір  дәрежеде  ашық  болуда  халықаралық  еңбек 

бөлінісімен халықаралақ бәсекеге қосылуда. 

Сыртқы  экономикалық  қызметті  мемлекеттік  басқару  органдарының  жүйесінде  сыртқы 

экономикалық  қызметке  қатысушыларға  уақытылы  қызмет  көрсететін  неғұрлым  динамикалы  түрде 

дамуышы ретінде кеден қызметіне ерекше рөл беріліп отыр. Бұл сыртқы экономикалық байланыстар 

қарқындарының өсуімен түсіндіріледі. 

Тауарлар  мен  көлік  құралдарын  кеден  шекарасы  арқылы  өткізілуін  тездету  үшін  кедендік 

рәсімдеу мен кедендік бақылау механизмін жетілдіру маңызды болып табылады. Сондықтан ғылыми 

мақаланы  орындаудың  мақсаты:  жүктерді  кедендік    рәсімдеу  мен    кедендік  бақылаудың  негізгі 

терминдері  мен  түсініктерін,  мақсаттарын  және  құқықтық  негіздерін  ашу;  қатысушылар  шеңберін 

анықтау және  олардың тауарлар мен жүктерді Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы 

өткізу  кезінде  кедендік  рәсімдеу  кезендерін  рет  ретімен  орындау  бойынша  тиімді  әрі  ұтымды 

ұсыныстар жасау болып табылады. 

Кедендік рәсімдеу кеден кодексте және соған сәйкес қабылданатын кеден ісі саласындағы нор-

мативтік  құқықтық  актілерде  айқындалатын  тәртіппен  жүргізіледі.  Қазақстан  Республикасының  ха-

лықаралық шарттарына сәйкес кедендік рәсімдеуді оңайлату және жеделдету мақсатында басқа мем-

лекеттердің кедендік рәсімдеу үшін пайдаланылатын кедендік құжаттары қолданылуы мүмкін. 

Кедендік рәсімдеуді жүргізудің тәртібі мен технологиясы мыналарға: 

1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың санаттарына; 

2) Осындай өткізу үшін пайдаланылатын көлік түріне; 

3) тауарларды өткізетін тұлғаларға байланысты сараланған. 

Кедендік  рәсімдер  тауарлар  шығарылатын,  жөнелтілетін  және  жеткізілетін  елге  қарамастан 

бірдей қолданылады [1]. 

Тауарлар, жүктер мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу – кедендік шекарасы арқылы өткізі-

летін  тауарлар,  жүктер  мен  көлік  құралдарына  қатысты  құжаттарды  кеден  органына  берген  немесе 

тұлғаның  ауызша  мәлімдеуі  не  кедендік  рәсімдеуді  жүзеге  асыру  ниетін  куәландыратын  өзге  де  іс-

әрекеттер  жасаған  кезінен  басталады.  Ветеринариялық,  фитосанитарлық және  мемлекеттік  бақылау-

дың басқа да түрлеріне қатысты кедендік рәсімдеу осындай бақылауды жүзеге асыратын тиісті уәкі-

летті мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін ғана аяқталуы мүмкін. Кедендік рәсімдеу тауарлар-

ды  және  жүктерді  кедендік  режимге  орналастыру  үшін  қажетті  кедендік  операциялар  жасағаннан 

кейін, сондай-ақ кедендік төлемдер және салықтар есептелік, өндіріліп алынғаннан кейін аяқталады. 

Тауарлар,  жүктер  мен  көлік  құралдарын  декларациялау  және  оларды  белгілі  бір  кедендік  ре-

жимге  орналастыру  бойынша  іс-әрекет  негізгі  кедендік  рәсімдеу  деп  танылады.  Тауарларды  негізгі 

кедендік рәсімдеу жөніндегі кедендік операциялар кеден органдары орналасқан жерде және олардың 

жұмыс  уақытында  жасалады.  Декларанттың  дәлелді  сұрауы  бойынша  тауарларды,  жүктерді  негізгі 


 



 Технические науки 

 

210                                                                                            



№1 2017 Вестник КазНИТУ 

 

кедендік  рәсімдеу  жөніндегі  кедендік  операциялар  кеден  органдары  орналасқан  жерден  тыс  және 



олардың  жұмыс  уақытынан  тыс  жасалуы  мүмкін.  Тауарларды  алушы,  жіберуші  не  олардың  құры-

лымдық  бөлімшелері  тіркелген  кеден  органының  қызметі  аймағынан  тыс  жерде  тауарларды  негізгі 

кедендік  рәсімдеу  жүзеге  асырылған  кезде  декларант  басқа  кеден  органының  қызмет  аймағында  ке-

дендік  операциялардың  жасалғаны  туралы  хабарлама  беруге  міндетті.  Хабарлама  берілген  кезінен 

бастап төрт сағаттан аспайтын мерзімде кеден органында тіркелуге тиіс. Хабарламаны тіркеу нысаны 

мен тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді [2]. 

Қазақстан Республикасының кедендік аумағына табиғи зілзаланың, авариялардың, апаттардың 

зардаптарын жоюға қажетті тауарларды, сондай-ақ тез бұзылатын тауарларды, тірі жануарларды, ра-

диоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, бұқаралық ақпарат мақсаты үшін хабарламалар мен 

материалдарды және осы тектес тауарларды әкелу  және  осы аумақтан әкету кезінде рәсімдеу басым 

тәртіпте жүргізіледі. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар маманданды-

рылған көлік-экспедициялық ұйымдар жетпіс екі сағат ішінде алушыға дейін жеткізу мақсатында кө-

ліктің кез келген түрімен өткізілетін тауарлар экспресс-жүк деп танылады. Кедендік рәсімдеудің ба-

сым тәртібінде жүктің толық кедендік декларациясын кеден органына кейіннен бере отырып, уақыт-

ша кедендік декларация ретінде қаралатын өтініш және тауардың ілеспе құжаттары берілуі көзделеді. 

Өтініште тауарларды жіберушілер мен алушылар, тауарлар жіберетін және жеткізілетін елдер туралы 

мәліметтер,  тауарлардың  атауы,  сипаты,  саны,  брутто  салмағы  және  құны,  тауарларды  пайдалану 

мақсаты  туралы,  сондай-ақ,  мәлімделетін  тауарларды  орналастыру  болжанатын  кедендік  режим  ту-

ралы мәлімет, жүктің кедендік декларациясын, кедендік мақсат үшін қажетті құжаттар мен мәлімет-

терді белгіленген мерзімде беру туралы міндеттеме болуға тиіс. Жүктің толық кедендік декларациясы 

тауарлардың  шартты  шығу  күнінен  бастап  күнтізбелік  отыз  күннен  кешіктірілмей  кеден  органына 

беріледі. Кедендік рәсімдеу кезінде декларанттың өтініші мен тауарлардың ілеспе құжаттарын кеден 

органы  тіркеген  күні  қолданыста  болған  нормативтік  құқықтық  актілер  қолданылады.  Кедендік  тө-

лемдер  және  салықтар  салынатын  тауарлар  кедендік  төлемдердің  және  салықтардың  төленуі  қамта-

масыз етілген жағдайда ғана басым тәртіппен рәсімделеді. 

Кедендік рәсімдеуді жетілдіру мақсатында кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган тауарлар мен кө-

лік  құралдарын  бірдейлендіру  үшін  қажетті  мәліметтердің  ең  аз  көлемі  берілген  кезде  тауарлар  мен 

көлік құралын шығаруды көздейтін, тауарлар мен көлік құралдарын рәсімдеудің оңайлатылған тәрті-

бі белгіленеді [3]. 

Алдын  ала  жүргізілетін  операцияларға  негізгі  кедендік  рәсімдеу  және  тауарлар  мен  көлік  құ-

ралдарын  белгілі  бір  кеден  режиміне  орналастыру  алдындағы  кеден  ісіне  қатысты  барлық  іс-

әрекеттер жатады. Алдын ала жүргізілетін операциялар тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кеден-

дік  рәсімдеуді  және  оларды  белгілі  бір  кеден  режиміне  орналастыруды  жеңілдетуге  және  тездетуге 

тиіс. Алдын ала жүргізілетін операциялар кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары әке-

лу  мен  әкетуге  тыйым  салынған  тауарлар  мен  көлік  құралдарын  Қазақстан Республикасына  әкелуге 

және Қазақстан Республикасынан әкетуге жол бермеуге, сондай-ақ кеден мақсаты үшін тауарлар мен 

көлік  құралдарын  теңдестіруге  бағытталған  алдын  ала  кедендік  рәсімдеу  жүргізіледі.  Тауарлар  мен 

көлік  құралдарын  Қазақстан  Республикасының  кеден  аумағына  әкелген  кезде,  сондай-ақ  тауарлар 

мен  көлік  құралдарын  еркін  экономикалық  аймақтар  мен  еркін  қоймалар аумағынан  Қазақстан  Рес-

публикасының  кеден  шекарасынан  өткендігі  туралы  Қазақстан  Республикасының  кеден  органына 

хабардар етеді. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқа-

ры жерлерге әкеткен кезде тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға осы тауарлар мен көлік құ-

ралдарын әкету ниеті туралы 

Қазақстан  Республикасының  кеден  органдарын  хабардар  етеді.  Қазақстан  Республикасының 

кеден  органдары  мұндай хабарларды  тіркейді  және  одан  әрі  кедендік  рәсімдеуді  жүзеге  асыру  үшін 

тауарлар мен көлік құралдары келуге тиіс уақыт пен орынды тағайындайды. Егер тауарларды өткізу-

ші тұлға осылайша хабардар етпейтін болса, онда мұндай міндет тасымалдаушыға жүктеледі. Тауар-

ларды,  көлік  құралын  және  олардың  құжаттарын  жеткізу  құралдарының,  белгіленген  сапар  бағыты 

мүмкіндіктері мен тасымалдың басқа да шарттарын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының 

кеден  органы  айқындаған  мерзімдерде,  бірақ  айына  екі  мың  километр  есебімен  белгіленген  шекті 

мерзімнен асырмай жүргізуге тиіс. 

Тасымалдаушы оның көлік құралы осы заңның ережелерінің сақталуына кепілдік бере алмайды 

деп санауға Қазақстан Республикасы кеден  органының негіздері болған жағдайда Қазақстан Респуб-

ликасының кеден органы тауарлар мен олардың құжаттарының көлік құралы тиісінше жабдықталған 



 



 Техникалық ғылымдар 

 

ҚазҰТЗУ хабаршысы №1 2017                                          



211 

 

кедендік алып жүру болған жағдайда ғана тасымалын жүргізуін белгілеуге құқылы. Тасымалдаушы-



ның көлік құралы тиісінше жабдықтауға кеткен шығынын Қазақстан Республикасының кеден органы 

өтемейді.  Аталған құралдарды пайдалану мүмкіндігі болмайтын реттерде тауарлар мен  олардың құ-

жаттарын тасымалдауға депозитке тиесілі саланы енгізуді қоса кеден бажы мен салықтарының төле-

нуі қамтамасыз етілген жағдайда беріледі. Жеткізілген жерінде тауарлар мен көлік құралдары Қазақ-

стан Республикасының кеден органына ұсынылады, ал олардың құжаттары соған табыс етіледі. Ұсы-

ну тауарлар мен көлік құралдарының келгені туралы олар келгеннен кейін бір тәуліктен кешіктіріл-

мей  хабарлама  беруден  көрінеді.  Тауарларға  қатысты  өкілеттігі  бар  тұлғалар  мен  олардың  өкілдері 

Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен тауарларды ұсынғаннан кейін кеден құжатта-

рын рәсімдеу мақсатында тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуы мүмкін, сонымен қатар кеден 

лабораторияларымен бірлесе отырып, оларға зерттеу жүргізуге құқылы. 

Тауарлардың  сынамалары  мен  үлгілерін  осындай  алу  кезінде  куәлар  қатысады.  Тауарлардың 

сынамалары  мен  үлгілерін  алу  тәртібін,  оларды  зерттеу  мерзімдері  мен  тәртібін,  сондай-ақ  оларға 

иелік ету тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгілейді. 

Жүктерді  кедендік  рәсімдеудің  рәсімі  алдын  ала  жасалатын  операциялардан  және  негізгі  ке-

дендік рәсімдеуден тұрады. 

Алдын-ала  жасалатын  операциялардың  мақсаты жүктерді  белгілі  бір  кеден  режиміне  орналас-

тыру және негізгі кедендік рәсімдеуді тездету мен жеңілдету болып табылады. Алдын-ала жасалатын 

операциялар кезінде лауазымды тұлғалар мынадай кедендік рәсімдеуді жүргізеді: 

1) Қазақстан Республикасының кеден территориясынан әкелінген жүктерді қабылдау; 

2) Қазақстан Республикасының кеден территориясынан жүктерді әкету кезіндегі рәсім; 

3) Кеден бақылауындағы жүктерді жеткізу ережесіне сәйкес жүк жеткізуін рәсімдеу; 

4) Жүктерді уақытша сақтау қоймасына рәсімдеу және бақылау; 

5) Қысқаша декларацияны қабылдау; 

6) Жүктердің сынамалары мен үлгілерін алу; 

7) Рәсімделген құжаттарды лауазымды тұлғаларға беру. 

Автокөлік  транспортымен  әкелінген  жүктерді  шекаралық  және  транспорттық  бақылаудан  өт-

кеннен кейін мынадай алдын-ала операцияларға кіретін әрекеттер жасалады: 

1)  Қазақстан  Республикасының  кеден  шекарасында,  кеден  мақсаты  үшін  қажетті  құжаттарды 

тексеру мен рәсімдеу; 

2)  Барлық  транспорттық  көлік  құралдарымен  тасымалданатын  жүктердің  аты,  салмағы,  саны, 

құны туралы құжаттарды көрсету; 

3) Транспорттық көлік құралдарын тексеру; 

4) Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген тәртіпке сәйкес жүктердің сынамалары мен 

үлгілерін алу [4]. 

Негізгі  кедендік  рәсімдеудің  мақсаты  жүктер  мен  транспорттық  көлік  құралдарын  белгілі  бір 

кеден режиміне орналастыру, сонымен қатар орналастырылған режимге сәйкес жүктерді шығару жә-

не  осы режимге сәйкес әрекетті аяқтау болып табылады. Негізгі  кедендік рәсімдер жүкті алушының 

немесе  жіберушінің  қызмет  аймағында,  кеден  аймағында  жүргізіледі.  Негізгі  кедендік  рәсімдеу  бес 

сатыдан тұрады: 

1) кеден декларациясын қабылдау, тіркеу сатысы; 

2) ішкі экономикалық қызметтің жүк номенклатурасына сәйкес тауарлардың шыққан елінің ко-

дын дұрыс анықтауды бақылау және тарифтік емес реттеу шараларын орындау сатысы; 

3) кедендік құнды және валюталық бақылау сатысы; 

4) кедендік төлемдерді бақылау сатысы; 

5) тексеру және шығару сатысы. 

Кедендік декларацияларды қабылдау, тіркеу сатысында Қазақстан Республикасының кеден ор-

ганына  міндетті  түрде  көрсетілетін  қажетті  құжаттар  мен  декларацияны  қабылдау,  сонымен  қатар 

электрондық  кеден  декларациясының  көшірмесін  тексеру  және  барлық  декларацияларға  номер  қою 

жатады. 

Жүктердің кодын анықтау және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуына бақылау саты-

сында  ішкі  экономикалық  қызметінің  жүк  номенклатурасы  бойынша  тауар  кодын,  шығу  елін  дұрыс 

анықтауға  бақылау  жүргізіледі,  сонымен  қатар  тауарлардың  шығу  еліне  анықтайтын  құжаттар  мен 

мәліметтерді  тексеру,  тауарларды  белгілі  бір  кеден  режиміне  сәйкес  орналастыруда  қойылатын  та-

лаптардың сақталуына бақылау жасау. 





Технические науки

212 


 

№1 2017 Вестник КазНИТУ 

Кедендік құнды бақылау және валюталық бақылау сатысында мына әрекеттер жасалады: 

–валюталық  заңдылықтың  талаптарына  сәйкес  жүргізілетін  ішкісауда  келісім  шарттары  мен

құжаттарын тексеру; 

–валюталық  бақылауды  жүзеге  асыруда  көрсетілетін  кеден  декларациясындағы  мәліметтердің

сәйкестігін тексеру; 

–кедендік рәсімдеу кезінде жүктің кедендік  құнын анықтайтын құжаттардың дұрыстығын тек-

серу; 

– уақытша тауар бағасы.



Кеден төлемдеріне бақылау сатысында мына тексерулер жұргізіледі: 

–кедендік төлемдерді және кедендік берешекті төлеуде тұлғалардың жауапкершілігін;

–тарифтік және кедендік жеңілдіктер мен преференциялардың негізділігіне;

–декларанттың бақылауымен бекітілген мерзімде кедендік декларацияны тапсыру;

–кеден төлемдерін есептеудің дұрыстығын.

Жүктерді тексеру және шығару сатысында мына әрекеттер жүргізіледі: 

–жүкті қарап шығу тапсырысы негізінде тексеру;

–тексеру нәтижесі кедендік тексеру актісінде көрсетіледі, қажет болған жағдайда кедендік тек-

серу актісінің қосымша бетінде көрсетіледі; 

–жүк  мен  көлік  құралдарының  шығуы  мүмкін  емес  немесе  шыққаны  туралы  шешім  қабылдау

жолымен кедендік рәсімдеудің аяқталуы. 

Қажетті  тексерулер  алдыңғы  кедендік  рәсімдеу  сатысында  қабылдана  береді.  Бұл  жағдайда, 

лауазымды тұлға кеден декларациясына “тексерілді” деген белгі қойып, тексеріс шешімін жүкті шы-

ғаруға жауапты тұлғаға хабарлайды. Кеден декларациясын тексеру, құжаттар мен тауарларды тексеру 

кеден органдарымен кеден декларациясын қабылдағаннан кейін үш күннің ішінде жүзеге асырылады. 

Жүкті  шығару  туралы  шешім  қабылданғаннан  кейін  жүктің  кедендік  декларациясында “шығаруға 

рұқсат етіледі” деген  белгі  қойылады. Егерде рәсімдеу кезінде жүктің шығуы мүмкін болмаған жағ-

дайда “тексерілді” сонымен қатар  “шығаруға рұқсат етілмейді” деген белгі қойылып, оның қысқаша 

себебі көрсетіледі. Жүктерді шығармау туралы шешімді кеден рәсімдеу бөлімінің бастығы мен оның 

орынбасары қабылдайды [5]. 

ӘДЕБИЕТТЕР 

[1] Жақшиев  Д.С.  Кеден  органдарының  құқықтық  мәртебесі:  теориясы  мен  практикасының  мәселелері 

– Алматы «Данекер» 2012 ж. 298 б.

[2] Таможенное оформление: Школа Таможенного брокера – Алматы 2013 - 153 с. 

[3] Қазақстан Республиксаының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда 

қабылданған). 

[4] «Қазақстан  Республикасындағы  кеден  ісі  туралы»  Қазақстан  Республикасынның  Кодексі (26.07.2016  ж. 

берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

[5] О  таможенном  оформлении  товаров  и  транспортных  средств,  Приказ  Председателя  ТК  МГД  РК 

№51 2015 г. 

Жәнібекқызы Ж.Г., Нурмуханова А.З., Куйкабаева А.А., Оспанова Ш.С. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет