Осы апталықта «Ұстаз- ұлағаттыұлы есім», «Білікті ұстаздан білімді шәкірт» атты шығармалар сайысы аталып өтті.Ұстаздар күніне байланысты оқушылар өз өнерлерін көрсетті.Ал,5-11-ші сынып оқушылары «Ұстазға мың алғыс». Оқушылар ұйымымен «Өзін-өзі басқару»күні жүйелі ұйымдастырылып , мектептің мәжіліс залында ұстаздарға арналған мерекелік концертпен жалғасын тапты.
Ұстаздар туралы «Ұстазым менің ұстазым» әні мен «Ұстазым» әндерін мектеп оқушыларының барлығы айтты.
Гимназиямыздың оқушылары мектебімізге келген жас мұғалімдерге де өз ықыластарын білдірді.
Концерттің соңында Аягүл Төреқызы оқушылар ұйымына өз алғысын білдірді.
Жалпы 2013-2014 оқу жылында Жас қыран» ұйымына 50 оқушы, ал «Жас ұлан» ұйымына 207 оқушы қабылданған болатын ал, 2014-2015 оқу жылы басында Жас қыран» ұйымына 48 оқушы, ал «Жас ұлан» 98 ұйымына оқушы қабылданды. Жалпы гимназия бойынша 402 оқушы қабылданды. «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларға ұйымның ережесімен, бағыттарымен таныстырылды.
«Ұлы жеңіске-70 жыл» тойлауына байланысты Қалалық «Жас ұлан», «Жас қыран» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелігіне қазанның 23-жұлдызында М.Әуезов театрының алаңында қабылдау рәсімі өтіп, мектебіміздің 5 сыныптардың оқуда озат, белсенді оқушылары «Жас ұлан» қатарына қабылданды.
Республикалық бірыңғай «Жас ұлан», «Жас қыран» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелігіне желтоқсанның 11-жұлдызында Ғ.Мүсрепов атындағы «Жасөспірімдер мен балалар» театрының алаңында қабылдау рәсімі өтіп, мектебіміздің 5 сыныптардың оқуда озат, белсенді оқушылары «Жас ұлан» қатарына қабылданды.
2014 жылдың желтоқсан айының 13-жұлдызында Алматы қаласы №159 гимназия қабырғасында Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған онкүндік іс-шараларының бірі, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 5 сыныптардағы оқушылардың салтанатты қабылдау рәсімі аталып өтті.
Кеше ғана бастауыш білімімен сусындап, орта білімге аяқ бастап, үздік оқумен өзгелерге үлгі болған төмендегі «Жас Қыран» буыннан өтіп, 5-ші сыныптардың 97 оқушысы «Жас Ұлан» қатарына қосылуға ерікті түрде ниет білдіріп, қоғамдық өмірде, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып , ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ант берді.
Қазақстан Республикасының туының түсіндей «Жас Ұлан» галстуктері мен төсбелгілерін тағу рәсімі Ы.Алтынсарин атындағы гимназия директоры, Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері, Алматы қаласының құрметті азаматы Миразова Аягүл Төреқызына және салтанатты жиынның қадірменді қонақтары ОБЭЕ (ОБЭС) тарапынан Халықаралық семинарға қатысушыларға берілді.
Салтанатты жиынға «Жас Ұлан» туы зор мақтанышпен желбіреп еңгізілді, асқақ та пәрменді «Жас Ұлан» ұйымының Гимні шырқалды.