Алматы қаласы, Бостандық ауданы,
Республикалық физика-математика мектебі
Педагогикалық тәжірибеден өтуші 3 курс студенті
Тұрғұнбай Аружан Закирқызына
Мінездеме
Абай атындағы ҚазҰПУ «информатика ағылшын тілінде» мамандығының 4 - курс студенті Тұрғұнбай Аружан Закирқызы 2022- 2023 оқу жылының 18 қыркүйек - 9 желтоқсан аралығында Алматы қаласы, Бостандық ауданының Республикалық физика- математика мектебі педагогикалық практикадан өтті. Информатика пәнінен мектеп әкішілігі бекітіп берген тәлімгерлер көмегімен 8,10 сынып оқушыларының сабақ өтілу әдістемелерімен танысып, осы бағыт бойынша жұмыс жасады. Практика барысында өзіне тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауға тырысты. Сабақ уақытын жоспарлау. ҚМЖ, ҮМЖ жасау жолдарын, АКТ қолдану, пәнаралық байланыс орнату, қосымша ресурстар қолдану, саралау, бағалау дағдыларын тәлімгер- ұстаздармен бірлесе отырып үйреніп, жетілдіре түсті. Алғашқы аптада тек бақылаушы ретінде сабақтарға қатысып, кейінгі апталардан бастап пән мұғалімі ретінде сабақ бере бастады.
Практикалық кезең барысында 8 - «G» сыныбына “Жолдар(String)” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мінезі салмақты, ұйымдастырушылық қабілетін әлі де болса дамытып жатыр және де мектеп ұстаздарымен жақсы қарым-қатынас орната алды. Сабақ барысында сөйлеу мәнерін, жүріс-тұрыс қабілетін, ұқыптылық пен оқушылармен тіл табыса алу қабілеттерін жетілдіре түсті. Сабақтарында неше түрлі қызықты тапсырмалар және топтық тапсырмалар, онлайн платформалар қолдана отырып сабақты қызықты өткізуге тырысты.
Болашақта Тұрғұнбай Аружан Закирқызы өзінің мұғалімдік қабілетін әлі де болса жетілідіріп, мықты ұстаз болатынына сенімдіміз.
Тәлімгер бағасы: « »
Мектеп директоры: Меирбек М.Е.
Пән мұғалімі: Амантай Б.А.
Достарыңызбен бөлісу: |