Ауаның ластануынан жыл сайын әлемде 6,5 миллион адам көз жұмады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Жер шарындағы халықтың 92 пайызы ауа сапасы белгіленген стандартқа сай келмейтін аймақтарда күн кешіп жатыр. Экологиялық жағдайдың ушығуынан түрлі аурулардың белең алу қаупін артады, дейді ұйым өкілдері. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағып, әлем елдерін ластануға қарсы шараларды қолға алуға шақырды.