елдік, ұлттық санасын негіздеуде шешуші қызмет атқарған өзгеше құжат болды.
Қасым хан өз халқының барлық қадір-қасиетін бойына жинаған, ақыл-парасатымен ғана емес, жайсаң мінезімен, адамгершілік қасиеттерімен де өзгеше тұрпатын танытқан ғажайып тұлға болды дейді зерттеуші ғалымдар. Өз заманында Қасымның жүзін көрген, онымен кездесіп, аз уақыт болсада дидарласқан кісі ғұмыр бойы оның нұрлы жүзін ұмыта алмайтындықтарын айтып кеткен. Қазақ ханының даналығын ғана емес, жомарттығын, кеңдігін, өр мінез тәкаппарлығы мен қоса биязылығына, әдептілігіне тәнті болғандар Қасым ханды қазақ жұртының бақытына туған ерекше тұлға деп бағалаған. Оған Мұхаммед Хайдар Дулатидың : «Қасым ханнан басқа Дешті-Қыпшақта Жошыдан кейін оған пара-пар келетін хан болған жоқ» деп дәріптеуі Қасымның өз заманында ерекше беделді болғанын аңғартады.
Қасым хан 1518 жылы (кей деректерде 1521,1523 жылдарда) Қазақстанның батысында, Жайық бойындағы сәнді, салтанатты қала Сарайшықта дүние салады. Сүйегі Алтын Орда хандарының ежелгі зиратына, жеке күмбезге жерленеді. Қазір бұл жерде тау-тау болып үйілген топырақ қана жатыр.15 Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығында саяси дағдарыс басталып, ол15 жылға созылды. Ішкі қырқыстар мен сыртқы соғыстардың ауыртпалығы және феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын қатты күйзелтті. Бұл дағдарыс Қазақ хандығын да әлсіретті. Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасымнан соң оның мұрагерлері арасында таққа таласқан қырқыстар күшейді. Мұхаммед Хайдар атап көрсеткендей "қазақ сұлтандары арасыңда дау-шар басталды". Қасымның орнына хан болып оның баласы Мамаш (Момыш) отырды. Тарихи деректерде оның хандық құрған мерзімі ұзақ болмағанын көрсетеді. Кейбір деректерде Мамаш ханның шайқаста тұлпары жығылып, жаппай жағаласта атқа бастырылып шейіт болғандығы айтылады.
Қасымханның екінші ұлы Хақназар да қазақ елінің беделді ханы болған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Пищулина К.А.Казахское ханство во взаимотношениях с Могулистаном и Шайбанидами в последней трети 15 века. А, 1981, 96-123с.
«Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1979. 2-том, 262-бет,
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди», 46-174-беттер
«Қазақ совет энциклопедиясы», 1-том, 643- бет.
Мұратқан Қанидың Араб ғарпінен аударып, дайындаған, Қазақтың көне
тарихы.-Алматы: Шинжаң халық баспасы, 1987ж. Жалын, 1993. 242-б
6.«Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1957. 1-том, 274-бет,
7.«Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1957. 1-том, 180-бет,
В.В.Веньяминов-Зернов «Қасым хан жайындағы зерттеу» 230-бет