Задание 3. Коллаж салу (6-сурет).
1. Тӛмендегі амалдар тізбегін орындау арқылы күнбағыс жапырағының бейнесін алуға
тырысыңыз:
2. Жапырақ ішіндегі тармақтарын сызықтық интерактивтік мөлдірлілікті қолдану
негізінде құрастырыңыз.
3. Осы Жапырақ ішіндегі тармақты жапырақ бейнесі мен біріктіріп, топтастырыңыз.
4. Transformation → Rotate (Трансформация→Бұру) командасын қолдану арқылы
күнбағыстың жапырақтарын алыңыз.
5. Трансформация терезесінде тӛмендегідей параметрлерді орнатыңыз :
6. Ӛзгерістерді мақұлдау үшін "Дубликатқа қолданыңыз" деген батырманы
басаыңыз.
7. Операцияны бірнеше рет қайталаңыз.
8. Тӛмендегідей растерлік суретті жүктеңіз де, одан қажетті форманы қиып алыңыз.
116
9. Күнбағыстың центрлік түбірін құрыңыз, оны тӛмендегідей текстуралық бояумен
құйыңыз.
10. Растрерлік бейнені контейнер –центрлік түбірге орналастырыңыз.
11.Күнбағыс жапырақтары мен контейнер –центрлік түбірді қоршаудағы сурет
сияқты болатындай етіп біріктіріңіз.
12. Сабағы мен жапырақтар салыңыз. Ол үшін "Интерактивті созу" құралын
қолданыңыз.
13.Бейнені барлық салынған суреттерді біріктіру және интерактивтік кӛлеңкені
тӛмендегідей параметрлермен қолдану арқылы аяқтаңыз:
117
14. Коллажды суретке сәйкес фон таңдаумен аяқтаңыз.
6-сурет. Нәтижелік бейне.
Бақылау сҧрақтары:
1.
Растерлік және векторлық бейнелерді жүктеудің қандай айырмашылықтары бар?
2.
СогеlDraw-ға жүктейтін векторлық бейнелерді қайдан алуға болады және олармен не
істеуге болады?
3.
Бейне кӛлемін қалай ӛзгертуге болады?
4.
Қандай жағдайда қисықтың түйінді нүктелерін қосуға немесе алып тастауға болады?
5.
Жазуды қисыққа ӛалай түрлендіруге болады?
6.
Коллаж салу дегенді қалай түсіндіресіз?
Лабораториялық жҧмыс №9. Photoshop интерфейсі. Негізгі қҧралдары.
Жұмыс мақсаты:
студенттерді Photoshop графикалық редакторының терезесімен таныстыру;
студенттерді ерекшеленген аймақтармен жұмыс істеуге үйрету.
Графикалық редактормен жұмыс істеу үшін, оны алдан ала компьютерге дискіден
орнату керек. Іске қосу үшін:
1.
Пуск
Программалар
Adobe Photoshop.
2.
Adobe Photoshop программасынан шығу үшін File → Exit (Файл → Шығу),
командасын немесе Ctrl+Q пернелерін басу керек, сонда барлық ашылған файлдар
жабылады.
Бейнелер көздері. Adobe Photoshop программасы кӛптеген форматтармен жұмыс
істеуге болады, бірақ жиі қолданылатын форматтарға: TIFF, GIF, JPEG, EPS және Adobe
Photoshop программсының ӛзіндік форматы – PSD жатады.
Құралдар панелі. Осы құралдар кӛмегімен негізгі жұмысты атқарылады. Құралды
таңдау үшін оны тышқан бағыттауышымен шерту қажет. Кӛптеген құралдардың тӛменгі
оң жақ бұрышында
кішкентай бағыттауыш бар, ол батырма астында қосымша
құралдардың тӛгілмелі панелі бар екендігін кӛрсетеді.
Объектілерді жылжыту құралдары.
Move Tool - ерекшеленген объектіні
немесе қабатты жылжыту.
Hand Tool – Бейнені терезе ішінде жылжыту.
Параметрлер панелі.
118
Параметрлер панелінің түрі таңдалынған құралға байланысты (1-сурет). Осында
құралдың барлық ӛзгеретін баптаулары кӛрініп тұрады.
1-сурет. Параметрлер панелі.
1 тапсырма. Photoshop программасында файл ашу және жаңа бейне құру.
1.
Файл → Ашу (File → Open).
2.
Графикалық файлды тауып, ерекшелеңіз. Ашу батырмасын басыңыз.
3.
Файл→Жаңа (File→New) командасын орындаңыз немесе +
батырмаларын бірге басыңыз.
4.
Жаңа (New) деп ашылған деген сұхбаттық терезеде, жаңа бейненің мынадай
параметрлерін кӛрсетіңіз: файл атын, бейненің ені мен биіктігін пикселмен (немесе басқа
ӛлшем бірлігімен), бейне мүмкіндігін, түс моделін (RGB) және бейне фонын.
2 тапсырма. Құжатты сақтау.
PSD – Adobe PhotoShop Document (.psd)
Adobe Photoshop программасының ішкі
форматы.
1. Файл→Басқа атпен сақтау (File→Save As) командасын орындаңыз, немесе
++ пернелерді бірге басыңыз.
2. Файл аты деген ӛріске ат енгізіңіз.
3. Файлдың орналасатын орнын кӛрсетіңіз (мысалы, жұмыс үстелі).
4. Басқа атпен сақтау (Save As) мәзірінен файл форматын таңдаңыз.
3 тапсырма. Бейне кӛлемін ӛзгерту тәсілдері.
Navigator (Навигатор) палитрасының кӛмегімен терезеде кӛрініп тұрған бейненің бір
бӛлігін таңдауға немесе осындай бӛліктердің кӛлемін ӛзгертуге болады (2-сурет).
2-сурет. Навигатор палитрасы.
1.
Бейне кӛлемін ӛзгерту үшін Файл→Ашу командасы арқылы, мысалы Bears.jpg
деген файлды ашыңыз. Терезенің сол жақ бұрышындағы палитрада ӛлшемнің жаңа мәнін
енгізіңіз (2-сурет, а), содан соң Enter пернесін басыңыз.
2.
Бейненің кӛрініп тұрған бӛлігінің масштабын кішірейту үшін Zoom out
(Масштабты кішірейту) батырмасын шертіңіз (2-сурет, б).
3.
Бейненің кӛрініп тұрған бӛлігінің масштабын басқа орынға жылжыту үшін Zoom
slider (масштабтау жылжымасы) батырмасын қозғаңыз (2-сурет, в).
4.
Бейненің кӛрініп тұрған бӛлігінің масштабын кішірейту үшін Zoom out
(Масштабты үлкейту) батырмасын шертіңіз (2-сурет, г).
119
5.
Бейнені терезеде бір орыннан екінші орынға ауыстыру үшін, қызыл раманы
жылжытыңыз (2-сурет, д). Рамамен қоршалған бейне бӛлігін үлкейту үшін, тышқан
бағыттауышын Ctrl пернесін басып тұрып жылжытыңыз.
4 тапсырма. Бейне параметрлерін редакциялау.
1.
Adobe Photoshop графикалық редакторын ашыңыз. Программа интерфейінің
барлық элементтерін табыңыз.
2.
Экранда құралдар панелін, параметрлер панелін және палитраны оңға-солға,
жоғары-төмен жылжытып жаттығыңыз.
3.
Құралдар панелін, параметрлер панелін, қалып-күй қатарын (Status Bar) және
палитраны ( Window) Терезе мәзірі арқылы жасырып, экранға қайта шығарып жаттығыңыз .
4.
Палитралармен мынадай жұмыстарды істеңіз: бүктеп тастаңыз, бүктеуін ашыңыз,
жабыңыз, палитралар тобын ашыңыз. Бір палитраны палитралар тобынан бӛліп алыңыз.
Палитраны бір топтан екінші топқа жылжытыңыз. Палитралардың бастапқы күйін
Терезе→ Проект→ Палитра орындарын алып тастау командасы арқылы қайта
орнатыңыз.
5.
Кез келген бір графикалық файл ашыңыз. Жоғарыда айтылған тәсілдердің бірімен
масштабын ӛзгертіңіз. Содан соң масштабты, (Viev) Түр мәзірінің Үлкейту, Кішірейту,
Толық экранды көрініс сияқты командаларымен ӛзгертіңіз. Навигатор (Navigator)
палитрасы арқылы да масштабты ӛзгертіңіз.
6.
Түр → Бағыттауыштар сызғышын орнатыңыз (3-сурет). Вертикалды және
горизонталды бағыттауыштар сызғыш астынан алынады. Түр → Көрсету →
Бағыттауыштар командасы қатарында жалауды қойыңыз немесе алып тастаңыз.
3-сурет. Бейне бағыттауыштары.
4 тапсырма. ―Тіктӛртбұрышты ерекшелеу‖ құралы кӛмегімен бір фотографиядан екі
фотография жасаңыз.
1. Ол үшін Adobe Photoshop реакторында суретті
ашыңыз, ―Тіктӛртбұрышты ерекшелеу‖ құралын
пайдаланып, суреттің сол жағын ерекшелеп алып,
Редакциялау — Көшіру командасын орындаңыз .
2. Жаңа файл құраңыз, содан соң Редакциялау —
Орнына қою командасы арқылы алмастыру
буферіндегі суретті қойыңыз.
3. Бірінші файлдан суреттің оң жығын әкеліп
қойыңыз, файлды сақтаңыз.
120
Есте ұстайтын бір жағдай, бӛлінген суреттердің
ӛлшемдері бірдей болулары керек.
5 тапсырма. ―Эллипсті ерекшелеу‖ құралын қолдану.
1.Суретті ӛзіңіздің бумаңызда сақтаңыз.
2.―Эллипсті
ерекшелеу‖ құралын алып, alt
пернесін басып тұрып, суреттің бӛлігін ерекшелеңіз.
3. Редакциялау — Көшіру командасын орындаңыз .
4.Жаңа файл құраңыз, содан соң Редакциялау —
Орнына қою командасы арқылы алмастыру
буферіндегі суретті қойыңыз.
Бақылау сҧрақтары:
1.
Растерлік графикада бейненің негізгі элементі не?
2.
Векторлық графиканың растерлік графикадан айырмашылығы неде? Векторлық
графика мен растерлік графиканың ең кішкентай элементтерін салыстырыңыз.
3.
Adobe Photoshop программасы интерфейсінің элементтерін атаңыз.
4.
Photoshop программасында орындаған операциядан қалай бас тартуға болады?
5.
Параметрлер панелінде нелер орналасқан?
6.
Палитра дегеніміз не?
№10 Лабораториялық жҧмыс. Бейне аймақтарын ерекшелеу тәсілдері
Жҧмыс мақсаты:
студенттерді бейне бӛліктерін ерекшелеуге үйрету;
студенттерді бейне бӛліктерінің ерекшеленген аймақтарымен жұмыс істеуге:
жылжытуға, кӛшірмесін алуға, бұруға және қиып алуға үйрету.
Select (Ерекшелеу)
Select (Ерекшелеу) мәзірінің All (Барлығы) командасы қабаттың бәрін ерекшелейді
Deselect (Ерекшелеуден бас тарту) командасы керісінше, барлық аймақтардың
ерекшеленуін алып тастайды.
Reselect (Ерекшелеуді қайта қалпына келтіру) командасы, Deselect командасы
қолданылған соңғы аймақты қайта ерекшелейді.
Color Range (Түс диапазоны) командасы түске байланысты ерекшелейді.
Бейнені толық ерекшелеу үшін + пернелерін басуға да болады .
Шеңбер немесе квадрат түріндегі аймақтарды ерекшелеу үшін Shift пернесін басыңыз .
Егер Alt пернесін басып тұратын болсақ , бастапқы нүкте ерекшелеу аймағының центрі
болады. Егер Alt + Shift пернелерін басып тұрып ерекшелейтін болсақ, ерекшелеу аймағы
центрден бірдей қашықтықта орналасады.
1 тапсырма. Лассо құралымен әртүрлі формалы аймақтарды ерекшелеу. Adobe
Photoshop графикалық редакторын жүктеңіз .
1.
Файл→Ашу (File→Open) командасын орындаңыз .
121
2.
1-суретте кӛрсетілгендей Zvetok.gif файлын ашыңыз.
1-сурет. Zvetok.gif файлы.
3.
Лассо құралын алып, бейнедегі гүлді ерекшелеп, оны жаңа файлға жылжытыңыз.
2-сурет. Нәтижелік бейне.
2 тапсырма. Тіктөртбұрышты Лассо құралымен әртүрлі формалы аймақтарды
ерекшелеу.
1.Adobe Photoshop графикалық редакторын жүктеңіз.
2. Файл→Ашу (File→Open) командасын орындаңыз.
4.
3-суретте кӛрсетілгендей файл Zamok.jpeg файлын ашыңыз.
3-сурет. Zamok.jpeg файлы.
1.Тіктөртбұрышты Лассо құралымен бейне ішінен сарайды ерекшелеңіз де, жаңа
файлға жылжытыңыз.
122
4-сурет. Нәтижелік бейне.
3.тапсырма. Магниттік Лассо құралымен күрделі формалы аймақтарды ерекшелеу.
1. Магниттік лассо құралымен (5-сурет) бейне ішінен фараон скульптурасын
ерекшелеңіз де, оны жаңа файлға кӛшіріңіз.
5-сурет. Бастапқы файл мен Нәтижелік бейне.
4 тапсырма. Виньетка жасау.
1.
Adobe Photoshop графикалық редакторын ашыңыз.
2.
Файл→Открыть мәзірінің командасын ашыңыз.
3.
Кез келген бейне ашыңыз, мысалы үшін, файл Bears.jpeg (6-сурет) .
6-сурет. Файл Bears.jpeg.
4.
Feather (Сыбастыру) ӛрісіндегі опция панелінде 20 пикселге тең мән енгізіңіз де,
эллипстік аймақты ерекшелейтін құралды алыңыз.
5.
Эллипстік аймақты ерекшелеу құралымен ерекшелеңіз. Select→ Inverse
Ерекшелеу→Инверсия командасын орындап, Ctrl+ Shift+I пернелерін басыңыз. Содан
соң Backspace немесе Delete пернелерін басыңыз .
6.
Ctrl+D пернелерін басып, ерекшелеуден бас тартыңыз (6-сурет) .
123
6-сурет. Нәтижелік бейне.
7.
Ерекшеленген аймақты түрлендіріп, айнадағы бейнені аламыз, ол үшін
виньеткеадағы суреттің кӛшірмесін аламыз Бейне → дубликатын алу.
8.
Барлығын→Ерекшелеу
командасын
орындаңыз,
содан
соң
Редакциялау→Трансформация→Горизонтально айналдыру.
9.
Ерекшеленген аймақтың сол жақ маркерін бейне үстінен тартыңыз (суретті
тӛңкеріп жатқан сияқты) (7-сурет).
7-сурет. Айнадағы бейнені алу.
5 тапсырма. START04.PSD және END04.PSD файлдарының негізгі бейнелеулерін
қолдана отырып, «Жеміс» коллажын (8-сурет) орындаңыз.
8-сурет. «Жеміс» коллажы.
124
Бақылау сҧрақтары:
1.
Ерекшелеуді орындағаннан кейін бейненің қандай аймағын редакциялауға болады?
2.
Күрделі ерекшелеудің қарапайым ерекшелеуден не айырмашылығы бар?
3.
Ерекшеленген аймақты қандай команданың кӛмегімен редакциялауға болады?
4.
Ерекшеленген аймаққа жаңа элементтерді қалай қосуға және азайтуға болады?
№11 Лабораториялық жҧмыс. Photoshop программасында суреттерді ӛңдеу
Жұмыс мақсаты:
студенттерді фотографияларды ӛңдеуге үйрету;
студенттерді бейненің түсін ӛзгерту мүмкіндіктерімен таныстыру.
1 тапсырма. Фотография сапасын жақсарту.
1.
Ер адамның ақ-қара фотографиясын алдын ала мұғалім кӛрсеткен бумадан
жүктеңіз.
2.
Қалыптағы ақшылдық режимді автоматты түрде Бейне – Баптау – АвтоДеңгейлер
командасын қолдану арқылы тағайындаңыз.
3.
Бейне түсін баптауды Бейне – Баптау – АвтоТүс командасын қолдану арқылы
ӛзгертіңіз.
4.
Осы жоғарыда айтылғандарды ӛзіміз тағайындауға мүмкіндік беретін Деңгейлер
деген бір керемет құралмен танысайық.
1сурет. Деңгейлер терезесі.
125
Бейне – Баптау – Деңгейлер (1-сурет) мәзірін ашайық. Осы терезеде ақшылдық
режимдері мен түсті ӛіміз баптауымызға болады. Ӛзіңіз осы айтылғандарды жасауға
тырысыңыз.
5.
Бейне - Режим – RGB түс деген команданы орындап, алдын ала суретті ақ-қара
түстен түрлі-түстіге ауыстырыңыз да, суретті түрлі-түсті бояуға бояңыз.
2 тапсырма. Фотографияға әдемі фон қою.
Сіздердің суретіңіз бен таңдаған фоныңыздың кӛлемі мен сапасы, түстілігі әртүрлі
болады. Коллаж әртүрлі бейнелеулердің бірлесуін осы параметрлерге тәуелсіз орындайды.
Әртүрлі компоненттерді біріктіріп, композиция құру үшін «қабаттарды» қолдануға
болады (2-сурет).
2-сурет
Бізге 3 қабат керек болады :
1 қабат -« кенеп - тӛс етегі » үшін
2 қабат - фон ( таудың суреті) үшін
3 қабат - ӛзіңнің суретің үшін
Бастаймыз :- Файл - Жаңа -…- ОК .- Қабат - Жаңа - Қабат ( бұл фонға арналған ),-
Қабат - Жаңа - Қабат ( бұл суретке арналған ). Керек бейнеңізді фонды ашыңыз, (бұл –
бізде «таудың суреті») , оны терезеде орналастырыңыз. Қабаттар панелінде Қабат 2
ашыңыз. Сурет үшін осы операцияларды тағы қайталаңыз, содан соң құралдар
панеліндегі бірінші орналасқан жылжыту құралы кӛмегімен суретті Қабат 2- ге
ауыстырыңыз.
3 тапсырма. Суреттің кӛзінің түсін ӛзгертіңіз.
Adobe Photoshop программасында арнайы цифрлық суреттердегі кӛздердің қызарып
қалған эффектісін ӛшіретін құрал бар. Ол құрал Color Replacement Tool (3-сурет) деп
аталады.
3-сурет. Color Replacement Tool құралы.
126
4-суреттегі қыздың кӛзінің түсін қоңыр түстен жасыл түске алмастырайық.
4-сурет. Бастапқы сурет.
Ол үшін кӛз қарашығын ерекшелейміз, мысалы Elliptical Marquee Tool құралы
кӛмегімен. Егер шеңбер қарашық формасымен сәйкес келмесе, онда оның кӛлемін Select
- Transform Selectio командасын пайдаланып келтіріңіз .
Егер форманы құптасаңыз Enter пернесін басыңыз.
Негізгі түс ретінде, алмастыратын түсті тағайындаңыз. Біз #268C62 түсті алдық.
Құралмен ерекшеленген бӛлікті бояймыз.
Бірінші кӛз боялып болғаннан кейін, ерекшелеуді алып тастамай тұрып, M (ағылшынша)
осы ерекшеленуді екінші кӛзге жылжытамыз.
Алдыңғы жасаған операцияларды қайталаңыз, содан соң ерекшелеуді Ctrl + D пернелері
арқылы алып тастаңыз. Қыздың кӛзінің түсі ӛзгерді.
Бақылау сҧрақтары:
1.
Екпінді қабат ӛшіріліп тұруы мүмкін бе?
2.
Түс палитрасына жаңа түс қосу үшін не істеу керек?
3.
Ұяшықты негізгі түске алмастыру үшін қандай пернені басу керек?
4.
Қандай команда ерекшеленген аймақтың түс реңдерін ауыстыруға мүмкіндік
береді?
127
№12 Лабораториялық жҧмыс. Маскалар мен каналдар.
студенттерді қылқалам, штамп, жамау, протокол құралдарымен жұмыс істеуге
үйрету;
студенттерді каналмен жұмыс істеуге үйрету.
1 тапсырма. Бейнелерді әрлендіру.
1.Clone Stamp (Штамп) құралын таңдаңыз да мысықтың суретін бейненің оң
жағындағы бос ақ аймаққа кӛшіріңіз. Alt пернесін басып тұрып, мысықтың кӛзінің үстіне
апарып, тышқанның бағыттауышын шерту қажет. Alt пернесін жіберіп, курсорды мысық
суретінің үстіндегі бос ақ аймаққа апарып мысықтың бір бӛлігін кӛшіруге болады.
Бастапқы бейненің крестпен белгіленген аймағы, құралдың жұмыс орнына кӛшіріледі.
Clone Stamp (Штамп) құралы бейне бӛлігін дәл кӛшіреді (1-сурет).
2.Енді Healing Brush (Емдейтін қылқалам) құралының кӛмегімен бейненің дәл сол
бӛлігін кӛшіріңіз. Нәтижелерде айырмашылық барын байқауға болады. Healing Brush
(Емдейтін қылқалам) кӛшірілетін аймақтың текстурасын, ақшылдылығын және
қараңғылылығын ескереді. Сондықтан да сіз осы құралмен ақшыл аймаққа кӛшіретін
болсаңыз, кӛшіру нәтижесі үлгіге қарағанда ақшылдау болады, қаралау аймаққа кӛшіретін
болсаңыз, кӛшіру нәтижесі үлгіге қарағанда қаралау болады.
3. Алынған нәтижелердің астына жазып қойыңыздар (1-сурет).
4. Patch (Жамау) құралын таңдаңыз. Бұл құрал бейненің бүлінген бӛліктерін жамау
үшін немесе оны басқа бүлінбеген аймақтармен алмастыру үшін қолданылады. Жұмысты
істеуде жӛнделінетін аймақтың текстурасын ӛзгертпеуге кӛңіл аударылады.
5. History (Протокол) палитрасы соңғы орындалған операциялардан бас тартып,
бейнені бастапқы қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
1-сурет. Штамп, Емдейтін қылқалам құралдарын қолдану нәтижелері.
2 тапсырма. Бейненің бӛлігін қиып алу (2-сурет).
1. Grop (Қиып алу) құралын алыңыз. Оның баптау панелінде алдыңғы баптауларды
тазарту үшін, Clear (Тазарту) батырмасын басыңыз. Құралды диогональ бойынша тартып,
қалаған бӛлігіңізді қиып алыңыз.
128
2-сурет. Бастапқы бейне мен нәтиже.
3 тапсырма. Photoshop программасында әдемі рама жасау.
1. Ӛзіңіз жұмыс істейтін бейне ашыңыз. КАНАЛДАР панеліне ауысыңыз да, панелдің
тӛменгі жағында орналасқан " жаңа канал құру" батырмасын басып жаңа канал құрыңыз.
2. Алдыңғы жоспардың түсін ақ түспен тағайындаңыз, "Тіктӛртбұрышты ерекшелеу"
құралының кӛмегімен тіктӛртбұрыш ерекшелеңіз. Оны инверция жасап, ақ түске бояңыз.
Ерекшелеуді алып тастаңыз.
3. СКРУЧИВАНИЕ – БҰРАУ фильтрін қолданыңыз ( Фильтр-искажение-скручивание)
( Параметрі РАДИУС - 700 градус)
4. Енді тӛмендегі суретте кӛрсетілгендей параметрлермен ЦВЕТНЫЕ ПОЛУТОНА -
ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЖАРТЫЛАЙТОН фильтрін қолданамыз
129
5. Каналды ерекшеленген аймаққа апарыңыз, " Канал мазмұнын ерекшеленген аймақ
сияқты жүктеу" деген батырманы басып, содан соң RGB каналына кӛшіңіз.
6. Раманы толтыратын түсті немесе ӛрнекті таңдап, редакциялау – бояумен құюды
орындау командасын қолданыңыз. Нәтиже тӛменде кӛрсетілгендей болады.
Достарыңызбен бөлісу: |