Алматы экономика және статистика академиясы



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата12.03.2017
өлшемі1,37 Mb.
#9098
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 
 
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің 
мәжілісінде бекітілген 
№1 хаттама «27» тамыз 2014 ж. 
ОӘК төрағасы,  оқу және тәрбие ісі 
жөніндегі проректор, п.ғ.к., 
профессор___________ Бекенова Л.М. 
 
 
 
 
 
«
5В070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған 
«
Программалау технологиялары» пәні бойынша 
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН 
(ПОӘК) 
 
                                                               
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2014 ж. 
 

 

 
ӘОК 530.1 
Бөрібаев  Б.  «5В070300  –  Ақпараттық  жүйелер»  мамандығына  арналған  «Программалау 
технологиялары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. –Алматы: АЭСА, 2014. -196 б.     
 
 
 
 
 
 «
5В070300 – Ақпараттық жүйелер»  мамандығына арналған «Программалау 
технологиялары» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін 
жасаған «Информатика» кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Бөрібаев Б. 
 
 
 3.08.317-
2006 ҚР Мемлекеттік стандарты негізінде, жоғары оқу орындарына арналған  
«
Программалау технологиялары» пәнінің типтік бағдарламасы  негізінде құрастырылған 
 
 
2014 
ж. «25» тамыздағы Информатика кафедрасының оқу-әдістемелік секциясының 
отырысында  талқыланып, №1  хаттама бойынша ұсынылған   
 
Кафедра меңгерушісі _________________  п.ғ.к.,  проф. Мадьярова Г.А.                     
 
 
 
Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің 2014 ж. «07» тамыздағы  мәжілісінде № 1  хаттама 
бойынша мақұлданған 
 
Академияның оқу-әдістемелік 
кеңесінің төрағасы      ___________________ п.ғ.к., профессор Бекенова Л.М.                     
                                                                          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Мазмұны 
 
 
   
Бет 
1.
 
  Пәннің типтік оқу бағдарламасы 

2.
 
  Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы  

3.
 
  Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)  
13 
4.
 
  Пәннің дәрістер кешені 
26 
5.
 
  Зертханалық сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқау 
123 
6.
 
  Студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстары 
бойынша әдістемелік нұсқаулар  
 
157 
7.
 
  Студенттің өзіндік жұмысын орындауы бойынша  
әдістемелік нұсқаулар 
 
181 
8.
 
  Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы 
194 
 
 
 
 

 

Пәннің типтік оқу бағдарламасы  
 
ПРОГРАММАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 

кредит (135 с.) 
Авторлар
т.ғ.к., доцент Мұртазина Ә.Ө., 
т.ғ.к., доцент Абдуллина В.З., 
ф.-м.ғ.к., доцент каленова Б.С. 
Пікір жазғандар: 
т.ғ.д., профессор Мұқашев К., 
т.ғ.к., профессор Нұрманов М.Ш. 
Түсініктеме жазба 
Программалау  технологиясы  пәнінің  мақсаты  есептердің  алгоритмдеу  негізінде 
программалаудың  автоматтық  негіздерін,  программалау  тілінің  классификациясы  мәлі-
меттер типтері түрлерін, операцияларын Си программалау тілінің операторларын оқыту; 
программалық  қамтамасыз  етуді  жобалау  тәсілдерін,  программалау  стилін  програм-
малаудың сапа көрсеткішін, программаны сынау мен қалыптасу тәсілдерін, объективті – 
бағытталған программалаудың негіздерін, жады кластарын, адрестеу мен жадыны ұйым-
дастыруды  құру,  көрсеткіштерді  қолданып  программа  құру  жене  С++  тілінің  прог-
раммалау ерекшеліктері болып табылады.  
Cтуденттер  пәнді  оқу  үрдісінде  Си  тілінде  қолданылатын  есептерді  алгоритмдеу 
негіздерін, мәліметтер түрлерін, операцияларын Си программалау тілінің операторлары 
ішкі операторларды, тұрғызылған функцияларды, программаны қамтамасыз етуді жоба-
лау  тәсілдерін,  динамикалық  құрылымдарды,  программалау  технологиясы  негіздерін 
программаны қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, прграммалау стилі программалаудың 
сапа көрсеткіштерін, программаны сынау мен қалыптастыру тәсілдері программалаудың 
объектілі  –  бағытталған  негіздерін,  жады  кластарын,  адрестеу  мен  жадыны  ұйымдас-
тыруды құру көрсеткіштерін қолданып программа құру жене С++ тілінің программалау 
ерекшеліктері болуы тиіс. 
Студенттер  пәнді  үйрену  нәтижесінде  әртүрлі  алгоритмдердің  құрылымдық  сұл-
басын  білуін  талап  ететін  есептерге  сәйкес  мәліметтер  құрылымын  ұйымдастыруды 
программалау  тілін  таңдау,  тіл  құрылысын  қолданып  берілген  программалау  тілінде 
программа  құру  және  жақсы  стилде  программа  жазу,  программаны  сынау  және 
қалыптастыру, сапалы программалық құжатты құруды білулері керек. 
Программалау  технологиясы  пәнінің  мағынасы  мен  алатын  орны  осы  пәнді  осы 
кезінде алған білімдерін осы пәнмен өзара мүмкіндіктерімен қорытындыланады. 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
Кіріспе 
Программалау технологиясы пәнінің мақсаты мен даму сатылары. Ақпаратты жүйелер-
де қолданылатын есептеу техникасының рөлі. Оқу барысында компьютерді пайдалану. 
1.
 
Компьютердің программалық құралдары 
Программалауды  автоматтандыру  әдістері.  Алгоритмдік  тілді  қолдану  жене  оған 
қойылатын  талаптар.  Процедураға  бағытталған  тілдер  және  объектілерге  бағытталған 
программалау туралы түсініктер. Компьютерді программалық қамтамасыз етудің жалпы 
түсінігі. Операциялық жүйелердің құрамы. Компьютер мен пайдаланушының диалогын 
ұйымдастыру. Программалаудың интеграцияланған жүйелері.  
 

 

 
2. Программалау әдістемесі  
Программа құрудың сатылары мен деңгейлері. Программа құруға техникалық тап-
сырма. Программаларды техникалық жобалаудың сатылары. Алгоритмдердің құрылым-
дық схемасын құру. Мәліметтерді ұйымдастыру. Программалар мен программалар ішін-
дегі интерфейстің құрылымын құрастыру. Ақпаратты компьютердің сыртқы құрылғыла-
рында көрсету. Файлдар мен жұмыс істеу. Мәліметтердің динамикалық құрылымы. Сіл-
темелер. Кезектер және ағымдармен жұмыс істеу.  
 
3. Програмалау  технологиясының негізі  
Програмалық жабдықтауды жобалаудың әдістері. Құрылымдық программалау. Мо-
дульдік программалау. Программалық тілді таңдау. Программалау тәсілі. Программалау-
дың  сапалық  көрсеткіші.  Программаның  оқылатындығы,  комментарийлер.  Қателерден 
қорғау арқылы программалау. Программаларды өңдеу және сатылары. Программалауды 
құжаттау. Мемелекеттік стандарт бекіткен программалық құжаттау түрлері.  
4. Си тіліндегі программалау  
 
Си программалау жүйесіне кіріспе. Препроцессордың дерективасы. Программалау 
жүйесінің  құрылымы,  тілдің  элементтері.  Мәліметтер  типтері:  int,  short, long, unsigned, 
float,  double.  Баяндау.  Өрнектер  және  меншіктеу.  Си  тілінің  операторлары.  Си  тілінің 
операторлары. Шартты оператор. Цикл операторлары. Таңдау операторы. Енгізу-шығару 
функциялары. Функциялар. Функцияның анықтамасы, баяндау. Функцияның мысалдары. 
Goto,  Break,  Continue  операторлары.  Қолдану  мысалдары.  Жады  кластары:  автоматты, 
статикалық,  сыртқы,  регистрлік  айнымалылары.  Мысалдар.  Сілтемелер  және  адрестік 
арифметика. Жадыны ұйымдастыру және адресті сілтеу.  
5. Си тілінде күрделі типтерді пайдалану 
Бір өлшемді массивтер және сілтемелер. Қатарлар. Қатарларды өңдеу. Екі өлшемді 
массивтерге  сілтемелерді қолдану.  Мәліметтер құрылымы. Құрылымды баяндау.  Сілте-
мелер  және  құрылымдар.  Файлдар.  Файлдардың  құрылымын  баяндау.  Файлдармен  жұ-
мыс  істеуді  ұйымдастыру.  Басқа  программалау  тілдерімен  байланысты  ұйымдастыру. 
Программалауда стандартты функциялар қорын қолдану. Терезелермен жұмыс. Графика. 
Алғашқы программаны құру және өңдеу.  Компиляция, программаны өңдеу және орын-
дау. С++ тілінде программалаудың ерекшеліктері. С++ тілінде программалаудың негізі. 
Си тілімен салыстыру. 
 
Практикалық сабақтардың тақырыптары 
1.
 
Алгоритмдердің сызықты, тармақталған және циклдік құрылымын алгоритмдік баяндау. 
2.
 
Тұрақтылардың,  айнымалылардың,  стандартты  фукциялардың,  өрнектердің,  меншіктеу 
операторларының жазылуы. Алгоритмдердің сызықты құрылымы программасын жазу.  
3.
 
Тармақталған алгоритмердің құрылымын программалау. 
4.
 
Циклдарды ұйымдастыру. Тармақталған ішкі циклдік құрылымды прграммалау. 
5.
 
Программалаудың типтік тәсілдері. Қосындыны, көбейтіндіні есептеу, бірнеше пара-
метрлері  қатар  өзгеруде  берілген,  сол  бойынша  қайталанатын  циклдармен  итера-
циялық циклдық құрылымдар мысалында нәтижені еске сақтау. 
6.
 
Массивтерді  өңдеу.  Реттелетін  шектермен  массивтердің  енгіз-  шығаруын  ұйымдас-
тыру.Шығарылатын мәліметтерге өзгерістер енгізу.Графаларға, жолдарға, бағандарға 
бөлінген кестелерді, матрицаларды баспаға шығару. 
7.
 
Ішкі прграммаларды құру және дайындау. 
8.
 
Көрсеткіштермен жұмыс істеу. 

 

9.
 
Сыртқы құрылғыларда орналасқан құрылымдық мәліметтерді өңдеу есептерін прог-
раммалау. 
10.
 
 
Графикалық құрастыруларды алгоритмдеу. 
  
Зертханалық сабақтардың тақырыптары 
1.
 
Си  тілінде  әртүрлі  типтегі  айнымалылардан  тұратын  өрнектерді,  әртүрлі  операция-
ларды, тұрақтыларды, стандартты функцияларды программалау. 
2.
 
Си тілінде шартты операторларды қолданып программа құру. 
3.
 
Си тілінде есептерді шығару үшін цикл операторын пайдалану. 
4.
 
Бір өлшемдерді массивтерді қолданып программа құру. Екі өлшемді массивтерді қол-
данып программа құру. 
5.
 
Бірнеше функцияларды пайдаланып есептерді программалау. 
6.
 
Бір өлшемдерді массивтерге сілтеме қолдану. 
7.
 
Графикалық құрастыруларды программалау. 
8.
 
Мәліметтер құрылымын өңдейтін есептерді программалау. 
9.
 
Файлдық айнымалыларды қолданып программа құру. 
  
Курстық жұмыстардың тақырыптары 

әртүрлі әдістерді қолданып, сызықты емес теңдеу жүйесін шешу; 

таңдап алу әдістерін пайдалану («ат туры» есебін шешу үшін программа құрастырып, 
шахмат тақтасындағы берілген екі алаңды жалғайтын әртүрлі шахмат туралары қозға-
лысының ең қысқа жолын табудың программасын құрастыру т.б); 

берілген сөз тізбегін қолданып, кроссворд құрастыратын программа құру; 
 - 
файлдарды өңдеу;  

кластарды пайдалану; 

модульдік программалауды пайдаланып программа құру.  
Өзіндік жұмыстардың тақырыптары 
1.
 
Символдық ақпаратты өңдеу. 
2.
 
Графикалық режим. Графикалық объектілерді сызу. 
3.
 
Кластарды пайдаланып программа құру. 
4.
 
Ішкі графикалық программалар қоры. 
5.
 
Әртүрлі стандартты модульдерді пайдаланып программа құру. 
6.
 
Модульдік программаларды пайдаланып программа құру. 
 
Негізгі және қосымша әдебиет  
1. 
Подбельский В.В., Фомин С.С. Программирование на языке Си. -М.: ФиС, 2007. –
600 с. 
2. 
Бөрібаев Б.  Программалау тілдеріне кіріспе: Жоғары оқу орындарына арналған 
оқулық . –Алматы: АЭСА, 2008. -376 б. 
3. 
Құралбаев З.Қ. Алгоритмдеу және программалау тілдері. –Алматы: «TST-
company» баспасы, 2008. -354 б.  
4. 
Керниган Б.,Ритчи Д.,Фьюэр А.Язык программирования Си.-М.: Ф и С, 2004. 
5. 
Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных: Пер. с англ. -М.: Мир,2009.-360с. 
6. 
Абрамов С.А., Гнездилова Г.Г., Капустина Е.И., Селюн М.И. Задачи по 
программированию. -М.: Наука, 1988. 
7. 
Культин Н.Б.  С/С++ в задачах и примерах. –СПб.: БХВ-Петербург, 2009. -368 с.  
10. Бөрібаев Б. Программалау технологиялары. 
11. Бөрібаев Б. Алгоритмдеу, мәліметтер құрылымы және программалау тілдері. 
12. Бөрібаев Б. С/С++ тілінде программалау: есептер мен жаттығулар. 
13. Страуструп Б. Программалау: С++ тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі 
 

 

 
Алматы экономика және статистика академиясы
 
 
 «
Информатика» кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
                       
«
Программалау технологиялары» бойынша 
                                                                      
ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ 
 
             
«
5В070300 – Ақпараттық жүйелер»  мамандығы 
 
             
Оқыту нысаны 
Күндізгі  
 
Сырттай  
 
Барлық кредит саны 


Курс 


Семестр 


Емтихан (семестр) 


Барлық сағаттар, 
соның ішінде: 
135 
135 
Дәрістер (сағат) 
30 
12 
Тәжірибе  (семинар) сабақтары (сағат) 
 
 
Зертханалық сабақтар (сағат) 
15 

СОӨЖ (сағат) 
45 

СӨЖ (сағат) 
45 
117 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2014 ж. 
 
 
 

 

 
1. 
Оқытушы туралы мәліметтер: 
т.ғ.к., проф. Бөрібаев Б. 
«Информатика» кафедрасы,   505 бөлме 
Телефон:  309-58-15 қосымша: 110,   ұялы тел. 8 777 362 38 16 
Эл.пошта:
  
baxit
@
mail.ru
 
Пәнді оқыту орны мен уақыты – сабақ кестесіне сәйкес  
2. 
Курс пререквизиттері:  “Информатика”, “Математика”, “Физика” пәндері.  
3. 
Курс постреквизиттері: «Объектіге бағытталған программалау», «Ақпараттық жүйелер 
негіздері».  
4. 
Пәннің  сипаттамасы:  Мемлекеттік  стандартқа  сүйене  отырып,    «Программалау 
технологиялары»  пәні  техникалық  және  экономикалық  ғылыми-зерттеу  аймақтарында 
кеңінен  қолданылатын  ақпараттық  технологияларды  үйретеді.  Бұл  пән  мамандыққа  сәйкес 
басқа  пәндерді  оқытуда  жан-жақты  қолданылады,  сондықтан  ол  болашақ  маманның 
ақпараттық  технология  саласындағы  білімдерінің  негізі  болып  табылады.  “Программалау 
технологиялары”  пәні  лекциядан  және  зертханалық  сабақтардан  тұрады.  Салыстырмалы 
түрдегі тұрақты негізгі теориялық білім (ядро) лекциялық сабақтарда, ал кез келген маман 
білуге  қажет  динамикалық  түрде  өзгеретін  білім  (практикалық  мәліметтер)  зертханалық 
сабақтарда беріледі.  
5.    Пәнді  оқыту  мақсаты  –  ақпарат  өңдеуге  арналған  алгоритмдер  мен  программалау 
тілдерін пайдалана отырып, оларды техника, технология, экономика және статистика салала-
рында қолдану үшін студенттерді дербес компьютерде жұмыс істеу мен өздерінің болашақ 
кәсіби  мамандығына  сәйкес  программалар  құруды  оқытып  үйрету;  есептерді  алгоритмдеу 
негіздерін,  программалау  тілдерінің  жіктелуін,  процедураға  бағытталған  бір  тілдің  (С) 
негіздерін  –  мәліметтер  типтерін,  операторларын,  функцияларын  оқып-үйрену,  осы  тілде 
программалаудың  практикалық  негіздерін  меңгеру;  бізді  қоршаған  ортадағы  әртүрлі 
алгоритмдерді құруда, зерттеуде және оны іс жүзіне асыруда кездесетін қиыншылықтармен 
және  программаларды  трансляциялау  әдістерімен  студенттерді  таныстыру;  алгоритмдерді 
құрудың және программалаудың тәсілдері мен негізгі қағидаларын үйрету. Бұл пәнді игеру 
нәтижесінде  студенттерде  қазіргі  ақпараттық  мәдениеттің  іргетасы  қалыптастырылып, 
программалық  жүйелер  мен  ақпараттық  технологияларды  үйрену  ісін  компьютер  арқылы 
аспаптық құралдарды пайдалану жолымен меңгеруі қамтамасыз етіледі.   
6. Пәнді оқыту міндеттері. «Программалау технологиялары» пәнін оқып үйренгеннен кейін, 
студент  осы  пәннен  алған  білімін  басқа  пәндердің  теориясымен  байланыстыра  отырып, 
ақпараттық  технологияларды  игеріп,  тиімді  программаларды  құра  білуі  тиіс.  Пәнді 
оқытудың негізгі мәселелері:             
а)  алгоритмдер  мен  олардың  құрылымдарының  негізгі  ұғымдарын  игеру,  ақпаратты 
қазіргі  қоғамның  қажетті  қоры  ретінде  бейнелеп,  ақпараттық  қорларды  пайдалануда 
студенттердің алгоритмдік ойлау қабілетін қалыптастыру; 
ә)  студенттерді  программалау  тілдерінің  негізгі  сипаттамаларымен  таныстырып, 
процедураға негізделген программалау тілдерінде жұмыс істеу негіздерін үйрету; 
б)  күнделікті  оқу  процесінде  кездесетін  әртүрлі  есептерді  шығара  отырып, 
программалық  файлдарды  дискілерде  сақтауды,  қағазға  басып  шығаруды,  әр  түрлі 
мәліметтерді  программаға  енгізіп,  олардың  көшірмесін  алуды  және  де  графикалық  ортада 
геометриялық  бейнелер  графиктерін  құрып,  оларды  пайдалану  ісіне  дағдыландыру  болып 
табылады.  
Бұл пәнді меңгерген әрбір студент төмендегі жұмыстарды орындай  білуі тиіс:  

программалық тілде мәліметтер өңдеу, алгоритмдерді талдау тәсілдерін игеру;    

әртүрлі  программалар  құра  отырып,  мәліметтерді  сызықтық,  тармақты  және  қайталау 
алгоритмдер типіне келтіріп, олардың мүмкіндіктерін толық пайдалану; 

 


жиымдарды өңдеу, сұрыптау тәсілдерін меңгеру;  

студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту және жалпы ақпараттық мәдениет 
деңгейін көтеру, т.б.  
Сонымен  қатар  студенттер  программалау  арқылы  шешілетін  есептерді  мәселе  ретінде 
қоя  білуі,  олардың  алгоритмдерін  құра  білуі,  күрделілік    деңгейлері  әртүрлі  болып  келген 
есептерді программалай білуі қажет.  
Құзыреттері (оқытудың нәтижелері): 
Құралдық құзырет: «Программалау технологиялары» ғылым және пән ретінде ұғымдық-
категориялық  аппаратын  тану  және  пәнін,  мақсатын,  міндеттерін  білу,  қазіргі  заманғы 
әлеуметтік-мәдени  шындықты  сыни  тұрғыдан  қабылдау  дағдыларын  дамыту,  төтенше 
жағдайлар пайда болғанда шешiм қабылдай білу; 
Тұлғааралық құзырет: Қабілеттілікті пәнаралық командада жұмыс істеу арқылы дамыту; 
Мәдени аралық айырмашылықтар мен оның әртүрлілігін қабылдау қабілеті болу; қауiпсiздiк 
және қоршаған ортаны қорғау саласында заңды және нормативтiк құқықтық актілерiн кәсiби 
қызметте қолдана білу. 
Жүйелік  құзырет:  Қазіргі  заңдылықтар  талабын  білу  және  орындау;  Заманауи 
ақпараттық білім технологияларын пайдалана отырып, жаңа білім алуға қабілетті болу. 
Пәндік құзырет: Әртүрлі типтегі компьютерлік жүйелерде жұмыс істеу тәжірибесі болу, 
алгоритмдік тілдерді қолдана білу, жуықтап есептеу тәсілдерін және қолданбалы есептерді 
шығару  үшін  стандарты  программалық  жабдықтамаларды,  қолданбалы  программалар 
пакеттерін және мәліметтер базасын, машиналық графика құралдарын пайдалану. 
 
8.
 
Пәннің  күнтізбелік-тақырыптық  жоспары 
Апта-
лар 
Пән бөлімдері мен тақырыптар атаулары 
Лекция  Лабор. 
жұмыс 
ОСӨЖ  СӨЖ 
1 
Алгоритмдер және оларды бейнелеу. Сызықтық 
және  тармақты алгоритмдер құру 




2 
Циклдік алгоритмдер. Алғы шартты,соңғы 
шартты және параметрлік циклдер 




3 
Программаларды орындау ортасы, редактор 
терезесі және меню командалары 
2 
2 


4 
Си тілінде программалау негіздері. Программа 
құрылымы. Тіл объектілері 
2 
2 


5 
Бүтін, нақты айнымалылар; символдық, тіркестік 
айнымалылар.Амалдар реттілігі 
2 
2 


6 
Меншіктеу, тармақталу және циклдерді опера-
торлар түрінде жазу, орындау 
2 
2 


7 
Жиымдар жайлы түсінік. Жиым элементтерін 
өңдеу. Оларды енгізу мен шығару 
 

2 


8 
Жиымдарда адрестік операцияларды орындау. 
Нұсқауыштарды қолдану 

2 


9 
Матрицаларды өңдеу. Матрицаларда кездейсоқ 
сандарды, нұсқауышты қолдану 
2 
2 


10 
Тұтынушы функцияларын пайдалану, оларды 
параметрлер арқылы іске қосу 
2 
2 


11 
Символдарды,  сөз тіркестерін өңдеу. 
Тіркестерді енгізу-шығару функциялары 

2 


12 
Файлдармен жұмыс істеу.Файлдардан сандарды, 
сөз тіркестерін енгізу/шығару 

2 



 

13 
Си тіліндегі құрылымдармен жұмыс істеу. 
Құрылымдар жасау, құрылым өрістері 
2 
2 


14 
Графикалық режим орнату, одан шығу.Әр түрлі 
фигуралар салу, түсін тағайындау 
2 
2 


15 
Боялған тұйық сызықтар салу. Терезе ашу, 
анимациялық элементтер жасау 

2 


 
Барлығы 
30 
30 
45 
75 
 
 
9. 
Дәрістер мен зертханалық жұмыстар жоспары 
Апта-
лар 
Тақырыптар атауы және мазмұны 
Сағат 
саны 
СӨЖ тап-
сырмасы 
№1 модуль.  Алгоритмдер, оларды құрастыру және талдау 
1 апта 
Дәріс (Д). Алгоритмдер және оларды бейнелеу. Алгоритм 
қасиеттері, оларды құрастыру және өрнектеу.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет