Алматы «мектеп»


ФЕРДИНАНД ДЕ СОССЮР ПІКІРЛЕРІ



бет7/10
Дата15.12.2023
өлшемі73,43 Kb.
#138696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лениншіл Рүстемов

ФЕРДИНАНД ДЕ СОССЮР ПІКІРЛЕРІ
XX ғасырдың бас кезінде жас грамматиктерді сынаушылардың бірі Фердинанд де Соссюр болды. Ол өзінің жас грамматиктер тұрғысынан жазылған “индоевропа тілдеріндегі дауыстырлардың алғашқы жүйесін зерттеу туралы” деген еңбегі арқылы әйгілі лигвист бола бастаған еді.
Ф. де Соссюр «Жалпы лингвистика курсында» сөйлеу кызметі жөнінде жалпы түсінік енгізіп, оны Janga деп атайды. Оның ойы бойынша, сөйлеу қызметінің екі жағы — социалды және индивидуальды жағы бар. Сөйлеу қызметінің социалдық жағын Ф. де Соссюр тіл — languе — айрықша бөлініп шығатын индивидуальды жағын сөйлеу (речь)—parolе — деп атайды. Ф. де Соссюр тілге төмендегідей анықтама береді: «...Тіл — сөйлеу қызметінің бір бөлімі ғана, рас, аса маңызды бөлімі. Ол, бір жағынан, қоғамдық коллектив меңгерген кажетті шарттардың жиынтығы». Ал индивидуальды сөйлеу тіліне (речь) Ф. де Соссюр «ерік пен түсініктің индивидуальды актысы» деген анықтама береді. Тіл мен сөйлеуді осылайша бір-біріне қарама-қарсы кою Э.Дюркгеймнің «қоғам индивидуальды сөйлеу дыбыстарының механикалық сомасы» деген түсінігінен келіп шығады.
Сөйлеу қызметі көп формалы және түрлі жүйелі болып келеді. Оның физиология, физика, психология, қоғам тарихы т. с. с. бәріне де қатысы бар. Бұл күйінде ол сыртқы лингвистиканың зерттеу объектісі болып табылады. Соссюрше, лингвистикаға тілдің этимологиямен, тарихпен және басқа салалармен жанасу кезеңдерінің бәрі жатады. Бұл сыртқы лингвистиканы Ф. де Соссюр ішкі лингвистикада тіл маманының шын зерттейтін проблемасы деп біледі, өйткені оның зерттеу объектісі — тіл жүйесі. Ф. де Соссюр: «лингвистиканың бірден- бір және шын зерттеу объектісі — өз ішінде (в самом себе) және өзі үшін (для себя) қаралатын тіл»,—дейді. Оның ойынша, тілді зерттеу оның иесі болып табылатын халық өміріне жүргізілетін талдаумен байланыссыз жүргізілуі керек. Өйткені «белгілі бір тілдің қандай жағдайда дамығанын білудің ешқандай қажеті жок».
Ф. де Соссюр сөйлеу тілдің қазіргі қалпыпа сүйенеді, ойда «бір қалыптағы тіл меп екінші қалыптағы тілдің арасындағы өзгерістерге орын жоқ»,— деген ойды айта келіп, тілді тарихи тұрғыдан емес, өз терминімен айтқанда, «диахроникалық» емсс, сихроникалық тұрғыдан зерттеу керектігін ұсынады. Оиың ойы бойынша, синхроникалық зерттеу — тілді зерттеудің бірден-бір дұрыс тәсілі. Соссюрдің ұғымы бойынша, тілді жүйелі түрде танытатын тек синхроникалық талдау, ал диахроника болса, индивидуальды сипатқа ие болған сөйлеудегі кейбір өзгерістерді ғана көрсетеді: «тілдегі барлық диахроникалықтар сөйлеу арқылы болған. Барлық өзгерістің қайнар бұлағы сөйлеуде, олардың әрқайсысы алғашында көпшіліктің пайдалануына енуден бұрын, бір-қатар жеке адамдардың пайдалануында болады».
Ф. де Соссюр тағы да былай дейді: «Синхроникалық лингвистика қатар өмір сүретін элементтерді байланыстыратын, сөйтіп, жүйе құратын логикалық және психологиялық жақтармен айналысады. Оларды бір коллективтің сапасы қалай қабылдайтын болса, сол күйінде алып зерттейді». Әйтсе де, тұрақты жүйе ретінде қарайтын бұл концепция тілдік факторларды зерттеуге біршама игі ықпал етті. Өйткені ол концепция лингвистерге көптеген тілдерді ғылыми тұрғыдаң зерттеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Ф. де Соссюр бастаған социологиялық мектеп Бодуэн де Куртенэден соң тілді жүйелі әдіспен зерттеуді ұсынып, ғылымға үлес қоса білді. Бұл тәсіл тілдік құбылыстардың өзара байланысын есепке алуға мүмкіндік туғызады. Алайда Ф. де Соссюр және оның жолын қуушылар бұл тәсілге тарихи тұрғыдан қарауды қарсы қойып, қателік жасады. Тарихи принципке қарсы болу, синхрония мен диахронияны бір-біріне қарама-қарсы қою — социология мектебінің жіберген негізгі кемшіліктерінің бірі.
Бұл мектептің тіл біліміне сіңірген бірқатар еңбе гіне қарамастан, ғылыми тұрғыдан оның жалпы методологиялық позициясы дұрыс емес еді. Тіл біліміндегі бұл бағыт ең алдымен тілдің мәнін қате түсінді, тілдің материалдық екенін мойындамады. Социологиялық мектеп тілге тек қана шартты таңбалар жүйесі ретінде қарады: «...тіл шарттылық, ал шартты таңбаның табиғаты қандай болғанда да бәрібір. Дыбыстау мүшелері жөпіидегі мәселе-тіл проблемасында негізг, емес, көмекші мәселе». Сөйтіп, Ф. де Соссюр басқарған психологиялық социологизм бағыты шет ел лингвистикасының дамуына әсер етті. Ол қазіргі тіл біліміндегі көптеген бағыттардың калыптасуына, әсіресе, структурализм бағытыныц қалыптасуына өз ықпалын тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет