Алматы «мектеп»


ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨРҚЕНДЕУ



бет2/10
Дата15.12.2023
өлшемі73,43 Kb.
#138696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лениншіл Рүстемов

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨРҚЕНДЕУ
ДӘУІРІНДЕГІ ТІЛ БІЛІМІ
Феодалдық бытыраңқылық, үстемдік атаулының барлық түрініңшіркеу қолына тартылуы — орта ғасырларға тән саяси жайт еді. Сондай-ақ, көптеген елдер арасында қиян-кескі соғыстар да үздіксіз болып тұрды. Мұндай жағдайда ғылым атаулының, соның ішінде тіл білімінің дами қоюы аса қиынға соқты.
Тағы да бір басты ерекшелік — Орта ғасырларда Европа елдерінде негізінен, бір-ақ тіл оқытылып үйретілді. Ол —латын тілі еді. Бұл кездерде — Орта ғасырларда латын тілі деген сөз тіркесі мен жалпы грамматика деген термин бір синонимге айналды: латын тілі десе,— грамматика, грамматика десе,—латын тілін оқып үйрену деген ұғым қалыптасты. Бұған себепші болған Інжіл еді. Інжілдің уағыздауынша, жалпы тіл атаулы — тәңір ісі, тіл — құдай жаратқан нәрсе. Ал құдай жаратқан тіл — біреу-ақ. Көп тілділік, көп тілдің пайда болып, халықтардың ол тілдерде сөйлеуі —тәңір алдында үлкен күнә; көп тілді — құдайдың өзі адамзат күнәсы үшін уақытша жіберіп отыр; бұл — құдайдың әдейі көрсеткен қаһары. Сондықтан барлық пенде бір ғана тілді — латын тілін ғана үйреніп, білуі керек деді. Осыған орай, Орта ғасырларда латын тілі грамматикасы—«дұрыс сөйлеп, дұрыс жазу өнері» деп жарияланды. Бұл — бесаспап тіл; осы тілді—латын тілін білген, оқып-үйренген адамдар ғана діни орындарға қызметке тұра алады; оқу орындарына түсе алады. Онсыз, былайша айтқанда, өрлеп өсігі, жоғарылауға жол жоқ, Жалғыз «жарық жұлдызың — латын тілі. Онсыз күн де, түн де жоқ»,— деп иландырды орта ғасыр мүшелері бірсыпыра халықты.
Латын тілі осылайша асқақтата көтеру бұл тілдің беделін арттыруға үлкен себеп болды. Латын тілім үйренуге талпыну бір жағынан басқа да толып жатқан тілді зерттеуге себеп тигізді.
Солай бола тұра, бұл кезде —.Орта ғасырлардың өзінде-ақ латын тілі — көпе (өлі) тіл болатын — қарым-қатынас құралы болудан қалғанына бірнеше ғасыр өткен-ді. Бұл тіл, яғни латын тілі тек жазба қарым-қатынаста, жазба тілде ғана пайдаланылатын. Ал латын тілі жазбаша қолданушылар оны мақтаныш ететіп, оған өзінше тәнті болатын.
Бірақ XVII ғасырдыд өзінде латын тілін «керемет білемін» деп есептейтін ғалымдардың өзі бір-бірімен латынша ауызекі түрде сөйлесіп көргенде, бір-бірін, бірінің бірі латынша не деп тұрғанын (өздері латынша сөйлеген болып тұрса да) түсіне алмайды екен.
Орта ғасыр ғалымдарынша, латын тілі — ойлаудың, ойлауға үйренудің логикалық мектебі. Осыған орай, тілдік материалдар логика тұрғысынан қаралды. Кейіннен бұл көзқарас логикалық, яғни философиялық немесе универсалдық деп аталатын грамматикалардың пайда болуына себеп болды.
Бұл дәуірде жекелеген ұлт тілдеріне олардың өмірдегі өз орнын беру, өз праволарын алуы жөнінде аса үлкен де қиын күрес басталды. Ұлт тілдеріне айрықша көңіл бөлу, оларды зерттеу, олар жөнінде құралдар жасау қажеттігі туды. Сонда да болса, басқа ұлт тілдеріне арналған алғашқы еңбектер латын тілінде жазылды. Әйтсе де, ерте дүние тарихы мен мәдениеті аз да болса зерттеліп, ертедегі ескерткіштер жарық көре бастады. Бұл жөнінде, ертедегі классикалық шығармаларды бастырып шығарып, оларға түсініктер беруде Юлий Цезарь Скалигер (1484—1558), сондай-ақ, Роберт Стефанус (1508—1559) пен оның баласы Генрих Стефанус (1528— 1598) көп еңбек етті.
Бұл кезеңдерде діннің кең таралып, қатты насихатталуы Европа оқымыстыларын семит тілдерін, мәселен, ежелгі еврей тілінде жазылған «Ветхий заветті» зерттеп, үйренуге мәжбүр етті. Ғалымдар, мәселен, Юлий Скалигёрдің баласы Иосиф Скалигер (1550—1609), Иоганн Рейхлин (1455—1522) Европа жұртшылығын семит тілі мамандарының теориялық қағидаларымен таныстырды. Мәселен, семит грамматиктерінің «түбір дегеніміз — алғашқы сөздер, ал жұрнақтар — оларды түр рін «Грамматика универсальная» деп атады. Кітаптың атынан көрініп тұрғанындай, бұл — бесаспап грамматика. Сондықтан да, кітап авторларының түсіндіруінше, барлық халық грамматикасы — біреу-ақ, барлығы бірдей. Солай болуы да керек. Шындыққа келгенде, латын тілі қандай болса, басқа тілдер де сондай болуға тиіс, латын тілі грамматикасы не десе, басқа тілдер грамматикасы деп аталатындар солай қарай аяқ бассын...
Қысқасы, орта ғасырларда және одан кейініректе географиялық түрлі жаңалықтардың ашылуы, отаршылдық шапқыншылықтардың басталуы, көптеген халықтарға христиан дінінің таратылуы, кітап бастырып шығару прогрессі т. б. жайлар Европа ғалымдарының лингвистикалық ой-өрісін ұлғайта түсуге әсер етті.
Ал кейіннен XVI—XVIII ғасырлар, былайынша айтқанда, тілдік материалдардың жинақталып, қорланған дәуірі деп те аталынады. Бұл дәуірде көптеген грамматика жарық көрді: Уоллистың «Ағылшын тілі грамматикасы» (1653), Лаврентий Зизанияның «Словен грамматикасы» (1596), Мелетий Семотрицкийдің (1577— 1633) «Словен грамматикасы» (1648) шықты; 1655 жы- лы Юний Франциско (1589—1677) гот тілінде «Күміс кодекс» («Серебряпый кодекс») деген атпен Таураттың бір бөлімін аударып бастырды; Джордж Хикс (1642— 1715) англосакс тілінің ертедегі көптеген ескерткіштерін бастырып шығарды; Ламберт-тен-Кате (1674—1731) деген ғалым XVIII ғасырда герман тілдерін салыстырып оқу жөнінде алғашқы еңбектерін құрастырды. Бұл дәуірлерде тілдің негізгі проблемалары философтар еңбектерінде қарастырылып отырылды.
М. В. Ломоносов орыс тілінің ролін, байлығын жете бағалады: кейбір шетел тілдерін асыра дәріптеушілерге қарсы батыл күресті. Рим императоры Карл Бесіншінің: «алла-тағаламен — испанша, достармен —французша, қастармен — немісше, әйел қауымымен итальянша сөйлескен жөн» дегенін келтіре отырып, М. В. Ломоносов: «Карл Бесінші Орыс тіліне қанық болса, орыс тілінде испанның өршілдігі де, француз тілінің жандылығы да, немістің нығыздылығы да, итальянның нәзіктігі де, оларға қоса грек пен латын тілінің байлығы мен күші, әрі қысқалығы да бар екендігіне көзі жеткен болар еді»,—деген болатын. Ол орыс тілінің болашағын көрегендікпен танып болжай білген еді.
Сөйтіп, XIX ғасыр басында тіл туралы ғылым қалыптаса бастады. Тіл туралы ғылым нәрленді, қарқынды түрде дамудың жолына түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет